Версия для печати

AMANAT ЕЛ СЕНІМІН АҚТАЙДЫ Избранное

Пятница, 10 Июнь 2022 04:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2877 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қоғамдағы бүгінгі саяси жағдайлар көптеген мүмкіндіктерге жол ашып, еліміздегі жетекші партияның жаңа бастамаларына дем беріп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар партияның кезектен тыс өткен съезінде нақтыланып, бағдарламаларды орындау мақсатында арнайы жоспар құрылған болатын.

713

 

Биыл да осы үрдіс партияның басты ұстанымына айналды. Шымкент қаласы бойынша алдағы 5 жылды қамтыған AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы әзірленіп, ондағы міндеттерді орындаудың нақты іс-шаралары қамтылған Жол картасы белгіленді.
2021-2025 жылдар аралығын қамтитын қалалық Жол картасында бекітілген жоспарда 10 бағыт бойынша 149 шара қамтылған. Осы аталған шаралардың ішінде былтырғы жылы жоспарланған 122 шараның орындалуы қажет 112-сі бойынша қалада ауқымды жұмыстар атқарылды.
Бүгінде Шымкент қаласының тұрақты экономикалық дамуы және қала тұрғындарының табысын арттыруда өнеркәсіптік құрылымдарға қолдау көрсету, еңбек өнімділігін арттыру жұмыстары жалғасуда. Бұл үшін мемлекеттік бағдарламалар және инвесторлар есебінен 250 адамды жұмыспен қамтитын метил-трет бутил эфирі және полипропилен өнімін шығаратын «Шымкент химия компаниясы», 250 адамға жұмыс ұсынған «Амир-А» металлургия зауыты, 150 адамды жұмыс орнымен қамтыған ферросиликомарганец өндіретін қазақ-қытай «Марганец индустриалдық группа» серіктестігі, тоқыма жіп өндіретін «Azala cotton» серіктестігі, полипропилен жіп өндіретін «Назар Текстиль» зауыттары іске қосылды. Бұдан өзге «Оңтүстік» АЭА-қа 58 млрд теңге инвестиция тартылып, 23 өндіріс орнын ашу жоспарланса, бүгінге дейін соның 12-сі іске қосылды. Атап өтер болсақ, олар – «Qagaz ordasy» жазу-қағаз бұйымдарын өндіру, «СП» LuxShoes» аяқ киім табандары мен қалыптарын өндіру, «DALSAN (ДАЛСАН)» ылғалды майлықтар өндірісі, «Бал Декор» кілемдер мен кілемшелерді басып шығару өндірісі, «B. A. E. R.» дәкеден жасалған таңу материалдарын өндіру, «Shymkent qagazy» крафт-қағаз өндірісі, «SAGITEX GROUP» іш киім өндірісі, «АГФ Групп» ӨК» конвейерлік ағыны бар тігін фабрикасы және қолданбалы материалдарды өндіру цехы, «Sin Yuan Steel» (Син Юань Стил) зауыты, «Baikra» және «Dentafill Kazakhstan» зауыттары. Қазіргі уақытта осы зауыт құрылыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған зауыттар толық іске қосылғанда, 2025 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік бар.
Партияның алға қойған міндеттерінің бірі – тұрғындарды жұмыспен қамту және халықтың әл-ауқатын арттыру. Әрі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Осы мақсатта өндіріс пен қайта өңдеу және қызмет көрсету салалары бойынша жобаларды жүзеге асыруда «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында 1591 жобаға қолдау көрсетілді.
Қала тұрғындарын сапалы таза ауыз су, сапалы жол, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарымен қамтамасыз ету – партияның сайлауалды бағдарламасында алға қойып отырған негізгі міндеттерінің бірі. Бұл бағытта былтыр қала бойынша магистральдық желілердің құрылысына бюджеттен 4,8 миллиард теңге бөлінген болатын. Ұзындығы 4,48 шақырым магистральдық су құбырының құрылысы аяқталып, ел игілігіне ұсынылды. Бұдан бөлек, 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 250 аялдама орнатуды жоспарлаған болатын. Қазіргі уақытта 220 аялдама орнатылып, қалғанын жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тұрғын үй аулаларындағы ойын алаңдары мен ашық жаттығу орындарын абаттандыру мәселесі де – партияның тұрақты назарында. Бұл бағытта Абай ауданы бойынша көп қабатты тұрғын үйлердің 32 ауласын абаттандыруға және балалар ойын алаңын орнатуға 691,1 млн. теңге бөлінсе, Еңбекші ауданы бойынша 41 ауланы абаттандыруға және балалар ойын алаңын орнатуға 695,7 млн. теңге қарастырылды. 579,1 миллион теңге Қаратау ауданындағы 54 көп қабатты тұрғын үй ауласын абаттандыруға және балалар ойын алаңын орнатуға бөлінсе, Әл-Фараби ауданы бойынша 85 тұрғын үй ауласын абаттандыруға және балалар ойын алаңын орнатуға 572,1 млн. теңге бөлінді. Жалпы, қала бойынша 212 көп қабатты үйдің ауласы балалар үшін ойын алаңдарымен жабдықталды. Сонымен қатар, бүгінге дейін қала бойынша 117 спорт алаңшалары ашылып, ел игілігіне берілді.
Бағдарламада қамтылған тағы бір негізгі міндеттердің бірі – халықты баспанамен қамту. Былтыр құрылыс басқармасы тарапынан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 287,1 мың шаршы метр болатын 4 832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үй салу көзделсе, 1 860 пәтерлік 28 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлаған болатын. Бүгінгі күні соның 1 692 пәтерлі 25 үйі пайдалануға берілді. «SHYMKENT» ӘКК арқылы 2021 жылы 1080 пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілсе, оның 15-і табысталды. Қалғанын жыл соңына дейін беру жоспарда тұр. Сайлауалды бағдарламада 3 мыңға жуық көпбалалы отбасы мен 532 халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету көзделген. Бүгінге дейін 1189 пәтер, оның ішінде көпбалалы отбасыларға - 450 және әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға 739 пәтер үлестірілді.
AMANAT партиясы сайлауалды бағдарламасында нақты істерді орындауда бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Әлі де жүйелі жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Бұл тұрғыда партияның өкілдері сенім үдесінен шығу үшін бар күш-жігерін жұмсайтын болады.

Нұрсұлтан БАЛАБИЕВ,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты,
AMANAT партиясының фракция мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.