КОРОНАВИРУСТЫ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

Среда, 20 Июль 2022 04:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 762 раз

Соңғы күндері елімізде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирустың белгілерін анықтаған пациенттерге қалай әрекет ету керектігін еске салады.

 

ПТР тест: Егер Сіз суықтың, тұмаудың немесе пневмонияның белгілерін сезсеңіз, онда ПТР әдісімен коронавирусқа тест тапсыра аласыз. Мұны емхананың сүзгі-кабинетіне жүгіну арқылы жасауға болады. Сондай-ақ, басқаларға жұқтыру қаупін төндірмеу үшін емхананың тіркеу бөліміне немесе анықтама бөліміне қоңырау шалып, үйге мобильді топ шақыра аласыз. Бұл жағдайда зерттеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ақысыз жүргізіледі, өйткені бұл айналадағылар үшін қауіп төндіретін инфекциялық ауру. Яғни сақтандырылған болу міндетті емес.
Шетелге шығуға мүмкіндік алу үшін ПТР азаматтың өз есебінен төленеді. Сондай-ақ, егер теріс ПТР бар сертификат қандай да бір ұйымға немесе жұмыс орнына бару үшін талап етілсе, онда тестілеу өз қаражаты есебінен немесе жұмыс берушілердің келісімі бойынша төленеді.
Мобильді бригада: Пациенттер айналасындағыларға қауіп төндірмеуі және ауру белгілері бар емханаға баруы, сондай-ақ үйде қажетті медициналық көмек алуы үшін әрбір МСАК ұйымының жанынан COVID-19 бар науқастарды амбулаториялық бақылау бойынша мобильді бригадалар құрылды. Олар өз аумағындағы қоңырауларға қызмет көрсетеді, жұмыс уақыты – 8.00-ден 20.00-ге дейін. Егер пациент тіркелген жері бойынша емхана аумағында тұрмайтын болса, оған 103 - ке көмек сұрап жүгіну қажет. 20.00-ден кейінгі қоңырауларға жедел жәрдем де қызмет көрсетеді.
КТ немесе КҚР: Егер өкпеде қабыну процестерінің дамуына күдік болса, компьютерлік томография немесе кеуде қуысының рентгенографиясы жасалады. Диагностиканың бұл түрлері пациентке тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тәуліктік стационарға емдеуге жатқызу кезінде тегін жүргізіледі. Сондықтан пневмония белгілері бар сақтандырылмаған науқастарға да көмек көрсетіледі.
Егер сөз емхана деңгейінде (емдеуге жатқызусыз) тексеруден өту туралы болса, онда ол жүйелі түрде жарналар төлейтін және сақтандырылған пациенттерге тегін жүргізіледі, өйткені бұл диагностикалық қызметтер МӘМС пакетіне кіреді.
Үйде, оның ішінде учаскелік дәрігердің бақылауымен емдеу нәтижелері бойынша белгілі бір уақыттан кейін пациентке динамикалық жағдайды тексеру үшін КТ-дан өту қайтадан тағайындалуы мүмкін.
Үйде емделуді шешкен пациенттерге еске салу маңызды: аурудың клиникалық белгілерінің жоғарылауы және әл-ауқатының нашарлауы орын алған жағдайда учаскелік дәрігерге хабарлау қажет.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда инъекциялар, тамшылар алуға тіркелген пациенттер үшін үйде күндізгі стационар ашу қарастырылған. Мұндай жағдайда оларға үйде дәрігерлік тағайындаулар (манипуляциялар) жүргізу үшін емхананың медицина қызметкері барады.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Тәулік бойғы стационарға емдеуге жатқызу кезінде пациент емдеу хаттамасына сәйкес қажетті дәрі-дәрмектерді алады.
Бұл жағдайда пациент емдеуші дәрігерден рецепт алады, оның негізінде оған емхана дәріханасында дәрі беріледі. COVID-19 ағымының жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде (ЖРВИ белгілері) пациент парацетамол, ибупрофенге сүйенеді. Егер пневмония, тромбоэмболия қаупінің ықтималдығы туралы айтатын болсақ, амбулаториялық деңгейде пациент дабигатран капсулалары мен ривароксабан, апиксабан, парацетамол және ибупрофен таблеткаларын ала алады.
Оңалту және қалпына келтіру: Тексеруден, диагноздан және емдеуден кейін кейбір жағдайларда ағзаның қалпына келуіне көмектесу керек. Әсіресе, егер науқаста созылмалы аурулар болса, ентігу қалады, әлсіздік байқалады. МӘМС жүйесін іске асырудың оң факторларының бірі медициналық оңалтуды қаржыландыруды арттыру және тиісінше пациенттердің оны алу мүмкіндігі болып табылады.

С. Құралбек,
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры,

М. Тургунбаева,
Шымкент қалалық №10 емхананың бас дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.