Өмір сүруге бейімдейтін орталық

Среда, 20 Июль 2022 04:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 940 раз

Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап адам баласының маңдайына түрлі тағдыр жазылады екен. Бірі баршылықта дүниенің қиындығын көрмей өссе, екіншісі тумысынан тағдыр тәлкегіне ұшырап өмірдің қиындығына төзе алмай қаңғыбасқа айналып кетіп жатқандары да баршылық.

 

Осы қаңғыбасқа айналғандардың соңғы тұрақтайтын орнының бірі Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-сі.
Орталыққа кәмелет жасқа толған, белгілі тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметі есебінде тұратын азаматтар қабылданады. Оларға Стандартқа сай әлеуметтік 7 бағыт бойынша; әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-экономикалық көмектер көрсетіледі.
2022 жылдың 6 айында орталыққа әлеуметтік құқықтық мәртебесінен айырылған 191 азамат қабылдауға өтініш білдірген. Оның ішінде; әлеуметтік қорғау ұйымдарынан - 4, денсаулық сақтау ұйымдарынан - 34, жеке өтініші негізінде - 24, құқық қорғау органдарынан - 68, ұтқыр әлеуметтік патруль қызметімен - 55 азамат мекемеге қабылданған.
Осы уақытша жатып қызмет алушылар арасында - 28 азаматқа жеке басын анықтайтын құжаты жасалынды. Сонымен қатар, ем қабылдау мақсатында 29 қызмет алушы медициналық ұйымдарға орналастырылса, 4 қызмет алушыға мүгедектігіне байланысты жәрдемақы тағайындалған. Бұдан бөлек, 4 қызмет алушыға жасына байланысты зейнеткерлік тағайындауға ықпал етілген және 59 қызметтер алушыларға жеке қажеттіліктеріне байланысты басқа да әлеуметтік көмектер көрсетілген.
Осымен қоса, мекемеге келіп түскен қызмет алушылардың әрбірімен жеке психологиялық сұқбаттар жүргізіліп, қалыпты өмір салтына қайта алып келу мақсатында түрлі психологиялық тренингтер жүргізіледі. Қызмет алушылар арасында еңбекке жарамды азаматтарды қоғамдық жұмыстар мен үйірмелерге ұдайы қатыстыру арқылы бейіміне еңбек дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.

Д. Сабитов,
«Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-нің
ұтқыр әлеуметтік патруль қызметінің маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.