Базарлар тауарлық мамандандыру бойынша әмбебап, сату түрлері бойынша бөлшек болып бөлінеді, олардың жалпы санындағы үлесі, тиісінше – 55,6% және 97,2%.
Қала базарларындағы сауда санитарлық нормалардың және ветеринарлық-санитарлық бақылау ережелерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы қала базарларында 13 малдәрігерлік санитарлық сараптау зертханасы жұмыс істеді. Тез бұзылатын өнімдерді сақтау үшін базарлар иелігінде 23 бірлік тоңазытқыш камералары бар.
Өткізілетін тауарларға байланысты базарлардың түрлерін бөлу
Ләззат Дәуешова,
Шымкент қаласы бойынша Статистика департаменті
Сауда статистикасы бөлімінің басшысы