Жасыл белдеудің қауіпсіздігі маңызды

Пятница, 22 Июль 2022 04:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1266 раз

Жасыл аймақтар өзіне жақын жердегі қаланың демалатын өкпесі іспетті. Қазіргі таңдағы басты мәселе қала халқының жайлы демалуы мен тынығуына қолайлы жағдай жасау.

 

Осы мақсатта Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі №133 қаулысымен «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Бұл мекемеге Жасыл белдеуді ұлғайту үшін қаланың бас жоспарына сәйкес 2021 жылға 2500 га, 2022 жылға 2500 га жер учаскелерін бөлу белгіленген. Қала ішінде орналасқан мемлекеттік орман қорының 752 га жер учаскесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №41 қаулысымен «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орман иелену құқығымен берілді. Бүгінгі күнге жер учаскесін қабылдап-тапсыру құжаттары рәсімделуде. Қазіргі уақытта мекеме атына рәсімделген жер учаскелерінің жалпы аумағы 2235 га құрайды.
Мекемеде орман тұқымбағын дамыту қолға алынып өткен жылы күзде себілген 8,22 га сеппелерде күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылдың жоспары бойынша 976 гектар «Қайнарбұлақ» жер учаскесін толықтыруға сәуір айында 97 500 дана қарағаш көшеттері отырғызылып, күтіп-бапталды.
Ғалымдардың деректері бойынша жасыл белдеудің екпелері 30 пайызға дейін шаң-тозаңды, сондай-ақ ауадағы көптеген зиянды химиялық заттарды өз бойына сіңіріп, қоршаған ортаны сауықтыруға үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да орман алқаптарын түрлі қауіп қатерден, әсіресе, өрт қаупінен аман сақтауды «Жасыл белдеу» мемлекеттік мекемесі орман күзетінің қызметшілері қашан да басты назарда ұстайды. Әсіресе, жаздың ыстық маусымында қала әкімдігінің бекітілген орман өртінің алдын-алу шаралары жоспарын жүзеге асыруда көптеген жұмыс жүргізіліп келеді. Оның ішінде орман күзетшілері мен мамандары жергілікті тұрғындар арасында, жеке азаматтар мен орманды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде үнпарақтар, нұсқаулықтар таратып, әңгімелер өткізуде, баспасөзде 5 мақала жарияланды. Орман алқаптарының аумағында өрттің таралып кетуін болдырмау мақсатында 150 шақырым көлемде минералдық жолақтарды күтіп- баптау, жаңалау жүргізілді.
Биыл осындай кешенді шаралардың арқасында мекеме аумағында өртке жол берілмей келеді. Мұндай нәтиже орманшылардың қажырлы еңбегі мен тәжірибесін танытса керек. Бұл күндері ауа райының өте ыстық болуынан жасыл белдеу аумақтарында өрттің болу қауіпі өте жоғары болып отыр.
Десе де өрт – тілсіз жау. Сондықтан да қаламыздың саясы – жасыл аймақтарды өрттен сақтауға баршамыз атсалысайық. Ол үшін аумақта болған азамат қолындағы шырпысын, темекінің оты мен шоғын мұқият сөндіріп барып тастағаны жөн. Ағаштың түбінде отырып, от жағуға болмайтындығы туралы қағида талаптарын естен шығармайық.

Исабек Жарылқапов,
«Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қорғау инженері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.