ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ Избранное

Пятница, 05 Август 2022 04:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 419 раз

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебіне қабылдау жұмыстарын сапалы және жоғары деңгейде өткізу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет» тақырыбында кездесу өтті.

104

 

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жазира Әлжанова, Қаратау ауданындағы А.Сманов мешітінің бас имамы Берік Шотабеков және Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімінің (сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл жөніндегі) аға офицері, капитан Ербол Айтбаев қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселе жемқорлықтың алдын алу, ұжымда парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, заңнамаға енгізілген өзгерістерден хабардар ету болды.
Жазира Әлжанова Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек уәкілетті органның ғана емес, барлық мемлекеттік органның міндеті екенін атап өтті.
Мектеп бастығы, полковник Ғазиз Төлеуішев жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалар мен атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, жеке құрамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті.
Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің аға офицері Ербол Айтбаев сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою туралы негізгі бағыттарға тоқталып, түсіндіру жұмысын жүргізді.
Жиын соңында жемқорлық пен құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу ережелері де айтылды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.