Күзгі залалсыздандыру басталды

Среда, 17 Август 2022 09:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1179 раз

Энзоотиялық ауруларға қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстары басталды. Уақ малдарды тоғыту, ірі қара малды бүрку және қора-жайларды кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 15 тамыз бен 30 қыркүйек айлары аралығында (ауа райының қолайсыздығына қарай өзгеруі мүмкін) жүргізіледі.

 

Айта кетерлігі, залалсыздандыру жұмыстары тек малы бар және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қоралары бар үйлерге бюджет есебінен тегін жүргізіледі. Аталған ветеринариялық шараларды жүргізу барысында мал және қора-жай иелері жұмыстың сапалы болуы үшін:
- алдын ала өзіне меншікті аумақты механикалық тазалаудан өткізуге;
- ірі малдарын дезинсекторларға бүрку үшін жеткізуге;
-ұсақ малдарын арнайы тоғытуға арналған әуіттерге жеткізуге міндетті.
Дезинфекциялық жұмыстарға Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК жауапты. Толық ақпаратты 45-05-05;
45-05-22 телефон нөмірлері бойынша алуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.