Среда, 14 Март 2018 04:50

ShymkentBuild-2018 көрмесі ашылды

Шымкентте «ShymkentBuild-2018» атты
құрылыс және интерьер көрмесі басталды

Үш күнге жоспарланған шараның мақсаты – құрылыс секторында озық технологияларды жетілдіріп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың жетістіктерін паш ету. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының, ғылым мен бизнестің арасында алтын көпір орнату болып табылады.

Көрмеде Қазақстан, Өзбекстан және Ресейден 30-ға жуық кәсіпорынның құрылыс, әрлеу материалдары мен жабдығы, лак-сыр өнімдері, құрылыс техникасы, ғимараттарды автоматтандыру құрылғылары мен жылыту, сумен қамту жабдықтары қойылды.

Көрмені аралап танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушыларға алғысын білдіріп, шараның маңыздылығына тоқталды.

Өңір басшысы жуырда ғана Елбасымыз бес әлеуметтік бастаманы нақтылап бергенін айтып, осыған орай биыл Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй салу қарқыны күшейе түсетіндігін жеткізді. Бұл ретте ұйымдастырылып отырған ShymkentBuild-2018 көрмесі өңірдегі құрылыс индустриясының дамуына маңызды үлес қосары сөзсіз. Облыс әкімі қазіргі уақытта аймақтың құрылыс индустриясы белсенді түрде дамып келетінін айтты.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы бесжылдықта 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне беру үрдісі қалыптасты. Бұдан бөлек, Шымкент қаласын Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде дамыту мақсатында «ShymkentCity» жобасы жүзеге асырылуда.

ShymkentBuild-2018 көрмесі аясында «Құрылыс саласына жаңа технологияларды енгізу» тақырыбында конференция ұйымдастырылады деп күтілуде. Аталған шара барысында көрме қатысушылары құрылыс секторындағы ең өзекті мәселелерді өзара талқыға салатын болады.

Опубликовано в Қоғам
Среда, 14 Февраль 2018 04:25

Әр ұлттың бренді

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Әр ұлттың бренді» тақырыбында тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде облыстық 12 этномәдени бірлестіктерінің кәсіпкерлікпен айналысып жүрген өкілдері өздері өндіріп жатқан тауарларды жұртшылық назарына ұсынып, бизнестегі тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіп ашу негіздеріне жұмыссыз азаматтар мен студенттер қауымының қызығушылығы жоғары болды. 

Іс-шараның ашылуында сөз алған ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Қалмұратов өңірдегі этномәдени бірлестіктердің мәдени шаралар өткізумен шектеліп қалмай, аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға да зор үлес қосып келе жатқанын айтты. 

– Өңіріміздің экономикасының өрлеуі мен әлеуметтік салалардың дамуына түрлі этнос өкілдері де өз үлестерін қосып отыр. Олардың қолынан шыққан дүниелерді көріп, үйренуде шеберлік-кластарын өткізу үшін осындай көрмелер ұйымдастырудың тиімділігі зор. Көрме барысында азаматтар өз кәсіптерін неден және қалай бастағаны жайында өзгелермен тәжірибе алмаса алады – деп түсіндірді М. Қалмұратов.

Бұған дейін осындай шара Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы мал бордақылау алаңы базасында және облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданындағы жылыжай кешендерінде өткен болатын. Сондай-ақ, облыстық Ассамблея диалог алаңын ашып, өңірдегі қаржы институттары мен кәсіпкерлікті қолдау ұйымдары өкілдерінің көпшілікпен кездесулерін ұйымдастырған еді.

Опубликовано в Қоғам

Қазақ үшін тойдың мән-маңызы айрықша. Ұлан-асыр той жасау халқымыздың қағидасы іспетті. Әсіресе,  бүгінде той бизнесінің орны ерекше. Шымкентте өткен «Той эксклюзив-2017» көрмесі соның бір дәлеліндей. Алғаш рет ұйымдастырылған шарада тойға барлық қажетті толық қамтылды.

toi kormesi

Көрмеге өңірден 20-дан астам той салоны мен той-думан ұйымдастыру орталықтары қатысты. Келушілер назарына қатысушылар өз өнімдері мен қызмет түрлерін ұсынды. Мұнда қоржын, кәде сыйлар, тойбастардың сан алуан түрі бар. Қыз жасауына, тойға арналған ою-өрнектермен әшекейленген заманауи дүниелер көз жауын алады. Сондай-ақ кәде сыйлардың жас қыздар мен бойжеткендерге үлгілері тіптен өзгеше. Ұлттық нақыштағы бұйымдарды Эльмира Дайрабекова өз қолымен жасаған. 

– Алғашқы кезде анамыз екеуміз дайындадық. Біздің өңірде той көп. Кейде түскен тапсырыстарға үлгермей қалатынбыз. Алдағы уақытта «Өрлеу» бағдарламасы арқылы кәсібімді ұлғайтамын,-дейді Э. Дайрабекова.

Көрмені тамашалаушылар таңданыстарын жасыра алмады. Тіпті ұлттық кәдесыйларға қызығушылығы жоғары болды. 

– Жалпы барлық қолөнер еңбектерінің бәрі әдемі. Жаманы жоқ. Қазіргі заман талабына сай жасалған. Әсіресе қыз жасауының бұйымдары үлкен сұранысқа ие, – дейді қала тұрғыны А. Байжігітова. 

Көрмеде той-думандар мен мерекелі кештерге киетін киімдер де ұсынылды. Сәнгерлер оларды заманға сай пішіп тіккен. Ұйымдастырушы Азамат Айтбаевтың айтуынша, шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

Опубликовано в Мәдениет
Среда, 05 Апрель 2017 04:26

ЭКСПО-ға билеттер сатылуда

Биыл Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында әлем назарын өзіне аударған ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді. Оған 115 ел, 18 халықаралық ұйым және бас-аяғы 5 миллионнан астам адам қатысады.

93 күн ішінде 3 мыңнан астам шара ұйымдастырылады. Әнші Димаш Құдайбергеновтың, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың концерті, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегі, «Цирк Дю Солей» қойылымдары, шоулар мен карнавалдар және тағы басқа да қызықты ойын-сауық кештері болады деп күтілуде. 

Қазір облысымыздың түкпір-түкпірлеріне ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері сатылуда. Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімі туроператор «Sky Way Travel» ЖШС-і Астана «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми серіктесі ретінде көрменің билеттерін таратушы болып танылған. Осыған орай, аталған компания өкілдерінің қатысуымен Шымкеттегі «Достық» қонақүйінде таныстырылымы өтті. 

– Шымкенттік тұрғындар билетті beStar.kz сайты арқылы ала алады. Билет екі күнге арналған. Олардың бағалары да әртүрлі, 6000, 25 000 және 26 000 теңгеден. 6000 теңгелік билет тек көрме алаңына бір күнге кіру үшін ғана. 25 000 теңгелік пакетке көрмеге кіру, көрмеге дейінгі трансфер, үш мезгіл тамақ және қонақүй кіреді. Ал 26 000 теңгелік пакет 50 адамнан астам оқушыларға арналған. Оған көрмеге кіру билеті, көрмеге дейінгі трансфер, жатақхана (хостел), үш мезгіл тамақ, шолу экскурсиясы кіреді. Балаларды алып жүретін жетекшілер компания есебінен тегін жүре алады, – дейді «Sky Way Travel» туроператорының өкілі Мөлдір Ахметова.

Опубликовано в Қоғам

Шымкентте «AgriTek Shymkent’2016» V халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде.

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ауыл шаруашылығы саласы маңызды болып табылатын өңір үшін мұндай көрмелерді ұйымдастырудың қажеттігіне тоқталды.

– Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы ауылшаруашылығы саласының локомативіне айналып келеді. Соңғы 3 жылда бақша дақылдарының жыл сайынғы жиналуы 1 миллион тоннадан асады. Республикадағы жылыжай шаруашылықтарының 87 пайызы біздің өңірде орналасқан. Облыс республикадағы мақта көлемінің 100 пайыз, жүзім мен бақша дақылдары көлемінің 70 пайызын қамтамасыз етеді, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Қараша айының 9-11 аралығында өткен халықаралық көрмеде еліміздің барлық өңірлерінен, сонымен қатар, Ресей, Түркия, Германия, Испания, Ұлыбританиядан келген 50-ден астам компанияның өкілдері келушілерге өз өнімдерін ұсынды.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 11 Ноябрь 2016 06:06

Жаңа ғимарат бой көтермек

Облыста көркемсурет галереясының жаңа ғимараты салынбақ. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев суретшілермен кездесуі барысында айтты.

k-rkemsuret

Облыстық Бейнелеу өнері мұражайында болған кездесуге аймақ басшысы Суретшілер одағының мүшелерімен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Жиынға Қырғызстан Көркемөнер академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ерболат Төлепбай қатысты. Ал Қазақстан Суретшілер Одағы облыстық филиалының директоры Нұрлан Шилібаев өнер адамдарының әлеуметтік жағдайын жасау мәселесін көтеріп, шығармашылықпен айналысатын жұмыс орнының жоқтығына алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, жергілікті суретшілердің туындыларын аталған бейнелеу өнері музейінің қорына сатып алу жайын қозғап, түрлі тақырыпта жоспардан тыс жылына екі рет көрме ұйымдастыруды сұрады. 

korme 90

Осынау проблемаларға қанық болған аймақ басшысы нарықтық экономика заманында әрбір азамат күні-түні жұмыс істеп, еліміздің көркеюіне атсалысу қажеттігіне назар аударды. Шығармашылық өкілдерінің жұмысын тек жергілікті деңгейде ғана емес, халықаралық дәрежеде көрме ұйымдастыру арқылы өткізу керектігін айтқан әкім облыста заманауи талаптарға сай жаңадан Оңтүстік Қазақстан облысының көркемсурет галереясының салынатынын жеткізді.

Опубликовано в Мәдениет

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының облыстық әкімдікпен бірге ұйымдастырған «Ұлы дала ұрпақтары» көрмесінің ашылуы өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ұ. Сәдібеков пен зиялы қауым өкілдері қатысты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмеге студенттердің 100-ден астам еңбегі қойылды.

ayash

Сондай-ақ келушілер назарына майлы бояумен салынған суреттер, гобелен, ұлттық аспаптар мен кәде сыйлар ұсынылды. Ал шығармашылық жұмыстар келушілерге үлкен әсер қалдырды. Туындыларда «Тайқазан», «Отырар кітапханасы», «Қожа Ахмет Ясауи» кесенесінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы ұлттық тарих пен мәдениеттің артефактісіне айналған мәдени-рухани ескерткіштер бейнеленген. Сол сияқты көрмеге Мәңгілік Елдің тұғырын бекемдеуге қызмет жасаған тарихи тұлғаларымыздың да портреттері қойылған. Көрме қараша айының соңына дейін жалғасады.

Опубликовано в Мәдениет
Среда, 19 Октябрь 2016 06:50

ШЫМКЕНТ КІЛЕМІ ШВЕЦАРИЯДА

«АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ» САПАСЫН ИЕЛЕНДІ

Оңтүстіктің кілемдері Швейцарияның Женева қаласында өткен халықаралық конвенцияда «Алтын Жұлдыз» ISAQ жүлдесін иеленді. Соңғы 30 жылдан бері әлемнің 179 елінде әр саланың көшбасшыларын анықтап, марапаттап келе жатқан «Business Initiative Directions» компаниясы біздің отандық өнім – «Бал Текстиль» кілемдерін үздік деп таныды.

ball

– Еліміздегі алғашқы кілемдерді шетелге шығара бастағаннан-ақ сұранысқа сай кілем сапасын арттыруға бар күшімізді салдық. Бүгінгі жетістігіміз мол еңбек пен зор жауапкершіліктің арқасында келді. Шетелдің түрлі сынақ-зерттеулерінен жақсы өткен отандық өніміміз Женевада жоғары бағаға ие болғанына куә болдық, – дейді «Бал Текстиль» кілем-тоқыма фабрикасының қаржы директоры Қуан Ысқақов.
Бұған дейін қазақ кілемдері шведтік ИКЕА мен ЕЭС-тің өзге де компанияларымен келісімге келудің нәтижесінде, экспорт көлемін 20-30 пайызға ұлғайтқан еді. «Алтын
Жұлдыз» ISAQ сапасына ие болған «Бал Текстиль» кілемдері енді «Қазақстанда жасалған» деген белгімен Еуропа елдерінің ірі сауда нүктелерінде сатылатын болды.

Опубликовано в Қоғам
Среда, 28 Сентябрь 2016 06:18

Көңілге шуақ сыйлаған фестиваль

DSC 2179

Қала тұрғындары Шымкенттің туған күнін биыл сегіз күн тойлады. Таң қылаң беріп атқаннан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің маңында аудан өнерпаздарының, шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы мерекелік көңіл күй сыйлады.

14455871 1171089499604405 233034247 o

– Қаламыз күн өткен сайын шырайланып, құлпырып келеді. Əкімшілік-іскерлік орталығы, жаңа ғимараттар, көпқабатты үйлер бой көтерді. Көрмеге қойылған фотосуреттерге қарап, Шымкентті басқа қырынан таныдым. Ауа райы да бүгін ерекше шуағын шашып тұр. Киіз үйлер тігіліп, алтыбақанда балалар асыр салып ойнап жүр. Мұның бəрі адамға жылылық сыйлайды. Бүгін Шымкентті бұрынғыдан да қатты жақсы көріп тұрмын, – дейді қала тұрғыны Гауһар Байшымыр.

14453928 1171089526271069 1716575225 oСалтанатты жиын қала тұрғындарын қайталанбас қызыққа кенелткен «Шырайлы Шымқалам» фестивалімен жалғасты. Дана Еспенбетова жеміс-жидек пен көкөністерден түрлі туындылар жасап, сүйікті қаламызға деген ыстық ықыласы мен сезімін өзгеше өрнекпен жеткізуге тырысыпты. Ол көкөністердің бетіне мәнер түсірумен бір жылдан бері айналысады екен. Қаладағы мекеменің бірінде есепші болып істейтін ол карвинг өнерін ғаламтордағы видеоларды қарап, үйреніп алған. 

– Бұл өнер – төзімділікті, ептілікті талап етеді. Қиялың бай болуы керек. Қазір тек өнер ретінде ғана қарамай, қосымша табыс көзіне де айналдырдық. Қала тұрғындары мерекелік кештерге, іс-шараларға, тойларға жеміс-жидектерден осындай әдемі туындылар жасап беруімізді өтініп, шақырып жатады. Бағасы 30-150 мың теңге аралығында. Қызығушылық болса, арнайы курстарға қатыспай-ақ, интернеттен видеоларды көріп, қайталап жасап, меңгеруге болады. Қала күніне ерекше сый ұсынғым келді. Өйткені, Шымқаламызды жақсы көремін, – дейді Дана.

Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүр, қолөнер бұйымдары және Шымкенттің кешегісі мен бүгінін бейнелейтін фотосуреттер көрмесі əр адамға əдемі əсер қалдырғаны анық.

 

Опубликовано в Қала
Пятница, 16 Сентябрь 2016 09:10

Тегін үйірмеге қатысуға шақырады

Шымкент қаласы білім бөлімінің Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы ата-аналар мен оқушыларға жаңа оқу жылының басталғанына орай «Ашық есік» күнін өткізіп, үйірме жұмыстарымен таныстырды. Үйірме қатысушыларының қолынан шыққан киізден, ағаштан, моншақтан, жасалған түрлі қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама қойылды.

 MG 2398

– Бұл орталықтың негізі 40 жыл бұрын қаланған. 2012 жылы Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы болып қайта құрылып, 24 үйірме оқушыларға есігін айқара ашты. Ал бүгінде «Пифагор», «Жас өлкетанушы», «Жас химик», «Архимед», «Автоәуесқой», эстрадалық вокал, «Былғары шебері», «Ағаш ою», шығыс жекпе-жегі, еркін күрес сынды 40 үйірмеге 3300-ден астам оқушы қатысып, шеберліктерін шыңдап жүр, – дейді орталықтың бұқаралық бөлім меңгерушісі Нағима Әсіл.

 MG 2385

Үсен Төлебаев №79 мектептің 9-сынып оқушысы. Үш жылдан бері орталыққа келіп, «Ағаш ою» үйірмесіне қатысып жүр. Оның қолынан шыққан түрлі ағаш бұйымдары қалалық, облыстық көрмелердің көркін келтіріп, жеңіс те сыйлады. 

– Сабақтан бос уақытымда осы орталыққа қарай асығамын. Өйткені мұнда қызығушылығы, көзқарасы, тіпті арман-тілегі ортақ достарым көп. Бұдан бұрын «Компьютер әлемі», «Компьютерлік графика» үйірмесіне, футболға  қатыстым. Сосын осы «Ағаш ою» үйірмесіне жазылдым. Ағаш жонып, одан түрлі заттар жасаған ұнайды. Жетекшіміз Нұрдәулет Қаныбеков ағайдың арқасында ағаштан ою ойып, талай туындыны жасауды үйрендік. Іні-қарындастарыма ойыншық ұшақ, кеме жасап бердім. Мерекелерде де туыстарыма, достарыма өзімнің қолымнан шыққан бұйымдарды сыйлаймын, – дейді Үсен.

 MG 2383

Шәкірттерге 60 ұстаз қосымша білім беріп, бар білгенін жалықпай үйретеді. Өткен оқу жылында үйірме қатысушылары түрлі бағыт бойынша республикалық, халықаралық сайыстарда топ жарып, намысты қолдан бермеді. Айталық, «Арулар» би ансамблі республикалық «Балауса жұлдыздар», «Жұлдызға жол», тағы басқа сайыстарда топ жарса, «Жас қаламгер» үйірмесінің оқушылары Алуа Мұхтар мен Әмзе Нұржас Атырау қаласында өткен республикалық «Ақ көгершін» фестивалінде жүлделі І орынға ие болды. Бұдан бөлек спорттық жарыстан жүлделі оралған жасөспірім қаншама.

Орталық ұстаздары қаладағы мектеп оқушыларын өнердің, спорттың сан қырынан хабардар болып, уақыттарын тиімді пайдалану үшін түрлі үйірмеге қатысуға шақырады. Дәрістер тегін жүргізіледі. Мекен-жайы: Ә.Жангелдин көшесі, 17 үй, Байланыс телефоны: 56-05-90

Опубликовано в Мәдениет
Страница 1 из 2