Қазақстан – әлемдегі ең төмен жеке табыс салығын қойып отырған бірден-бір мемлекет. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Шымкент қаласы активімен кездесу барысында мәлімдеді.


DSC 6253

Әли Әбдікәрімұлы Оңтүстік халқы Елбасының жолдаулары мен үндеулерін әрқашан қолдап, оның орындалуына атсалысып жүретінін атап өтті. Осыған орай Н.Назарбаевтың жуырда жасаған бес әлеуметтік бастамасының бірнеше бағытына тоқталды. 

Мемлекет басшысының бұл бастамаларының барлығында да халықты әлеуметтік қолдау мәселесі тұрады, дейді Сенат депутаты. Бүгінгі таңда Қазақстан жетім-жесірлерді, мүгедектерді, ардагерлерді, көпбалалы аналарды және тағы да басқа мұқтаж жандарды қолдап, әлеуметтік міндеттемелерін толық орындайтын бірегей ел. Көптеген мемлекеттерде мұндай әлеуметтік бастамалар мен әлеуметтік саясат жоқ. Ә.Бектаев осы жеңілдіктерге Елбасының үнемі қолдау көрсетуі аса маңызды екенін айтты. 

– Елбасының шағын несие беруді көбейту бастамасы бүгінгі таңда ауыл, қала тұрғындары үшін кәсіп бастаудың механизміне айналып отыр. 2011 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы басталған шағын несие беру мәселесі қазіргі таңда өзін-өзі толық ақтады. Ол – дұрыс қадам. Осыған орай Мемлекет басшысы жыл сайын 15 мыңға жуық азаматқа шағын несие беру туралы тапсырма беріп отыр. Жергілікті билік те Елбасының осы бастамаларына қанат бітіріп, атсалысуы керек, – дейді Ә. Бектаев.

Опубликовано в Әлеумет

Ерболат НҰРМАХАНОВ, қалалық мәслихат депутаты:

latyn-97-1

– 2014 жылы 40 тан астам елдімекен қала аумағына қосылып, жер көлемі екі есеге ұлғайды. Қаланың инфрақұрылымдық жүйесін дамыту жоспарының маңызы арта түсті. Ал бізде әзірге табиғи газбен түгел қамтылмаған аймақтарды ескерсек, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының ұсынған бес бастамасы өте өзекті. Әсіресе, Қазақстанның барлық аймағын табиғи газбен қамту бастамасы қолға алынды.

2017 жылы «Ынтымақ», «Бозарық» елдімекендеріне газ жүйесі тартылып, қазіргі таңда абоненттеу жұмыстары жалғасуда. 2018 жылы қаламыздың «Жаңа тұрлан», «Ұлағат» тұрғын алаптарында газ құбырларының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта «Ақтас», «Сайрам» елдімекені, «Тұран», «Асар-2» шағынауданы, «Қайнарбұлақ», «Бадам-3», «Сәуле-2» тұрғын алаптарында табиғи газ құбыры тартылмаған. Себебі, қалада 2 ғана автоматты газ тарқату станциясы жұмыс істеп тұр. Жоғары қысымдағы газды орташа қысымға айналдырып шығаруға шамасы жетпейді. Яғни, үшінші станция салу қажеттілігі бар. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына ұсыныс жолданған. Елбасы бастамасын негізге ала отырып, жұмыс істеу барысында толығымен табиғи отынға көшсек, қаланың экологиялық ахуалы да бүгінгіден әлдеқайда жақсармақ.

Опубликовано в Қала

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімді-гінде аудан, қала әкімдерімен селекторлық жиын өтті.

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте 9 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жүктеген міндеттерді өңірде жүзеге асыру жайы талқыланып, бірқатар сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді, деп жазады облыс әкімдігінің ресми сайты.

– Үкіметтің отырысында еліміздің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары айтылып, алдағы уақытта атқарылар іс-шаралар талқыланды. Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша Елбасы индустриаландыру, «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары мен Ұлт жоспары -100 нақты қадамның іске асырылуы, қоғамдық сананы жаңғырту, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күрес бағыттарында жұмыстарды қатаң бақылауға алып, нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды. Мемлекет басшысы, сонымен қатар, облыс әкімдеріне баға нарығын тұрақтандыруды, халықтың әл ауқаты басты назарда болу қажеттігін тапсырып, көмір мәселесімен қамтамасыз етуді, көктемгі тасқын судың алдын алу бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды жүктеді, – деді аймақ басшысы.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент цифрландыру жүйесінің тиімділігіне кеңінен тоқталғанын жеткізген облыс әкімі бұл мәселе бойынша Елбасы өз Жолдауында жан-жақты айтып, нақты тапсырмалар жүктегенін атап өтті.

– Осы орайда цифрландыру жүйесін өнеркәсіп пен денсаулық сақтау және білім беру саласына ендіру бойынша жұмыстарды күшейтуді, сондай-ақ цифрландыруды басқа салаға да енгізу үшін арнайы топ құрып, шұғыл тиісті шараларды қолға алуды тапсырамын. Бұған қоса облыста ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм бағытын дамыту бойынша қажетті шараларды күшейтуіміз қажет. Мұның ішінде ауыл шаруашылығы өңірдің экономикалық драйвері. Сондықтан басқармаға ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, дамытуды қажет ететін бағыттардағы жұмыстарды жетілдіруді және нәтижелі көрсеткішке қол жеткізіп, сапалы өнім шығарып экспорт көлемін арттыруды жүктеймін, – деді Ж.Түймебаев. 

Жиында аудан, қалаларда инвесторларды тарту бойынша белсенді әрекетке көшу керегін ескерткен облыс басшысы барлық әкімдерге кәсіпорындар ашуды және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарды басты назарда ұстауды жүктеді.

Селекторлық мәжілісті қорытындылаған өңір басшысы Үкімет қабылдаған барлық бағдарламалар мен биылғы Жолдауда қойылған міндеттерді толық орындау алдымызда тұрған басты міндет екенін айтып, оны жүзеге асыруға жұмылуға шақырды.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 02 Февраль 2018 04:53

Насихат тобы жұмысын бастады

Шымкент қаласындағы Әл Фараби ауданы бойынша Елбасы Жолдауына орай насихат тобы жұмысын бастады.

Осыған байланысты аудан активінің мәжілісі өтті. Оған аудан әкімі Бауыржан Қалжанов, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Саттар Қуашбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхан Омаров, аудандық әкімдік қызметкерлері, мұғалімдер мен тұрғындар қатысты.

Алдымен баяндама жасаған Бауыржан Қалжанов Елбасы Жолдауында көрсетілген 10 бағыт бойынша аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның ішінде индустриаландырудан бастап адами капиталды дамыту мен жаңа технологиялар бойынша жоспарлар бар.

Мәжілісте Елбасы Жолдауын аудан бойынша насихаттау тобының мүшелері сөз алып, осынау маңызды құжаттың Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласымен үндесіп жатқанын атап өтті. Мұндай кездесулер алдағы уақытта аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарында да өтетін болады.

 

Н.БЕКТАЕВ

Опубликовано в Қоғам

Жуырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауын жариялады. Бұл - өткенімізді саралап, болашаққа бағыт-бағдар беретін құнды құжат.

 DSC2215

Елбасы кіріспе сөзінде дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін атқарылып жатқан маңызды жұмыстарға тоқталды. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып, елімізге дамудың жаңа сапасы қажет екенін айтты. Және ол мақсатқа жеткізетін 10 негізгі басымдықты көрсетті. Әр бағытта алдағы уақытта бүкіл халық болып атқарылатын нақты міндеттер көрсетілген.

Жолдаудағы үшінші басымдықта «Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды. Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс» делінген. Бұл аграрлық аймақ саналатын біздің облысымыз үшін үлкен міндеттер кешенін қолға алуды міндеттейді.

Жолдаудың оныншы қадамында Мемлекет басшысы «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады» деп атап көрсетті. Сондықтан халықтың компьютерлік сауатын арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандырып, цифрлық жүйеге көшуді жоспарлы түрде жүзеге асыруымыз қажет. Қазірдің өзінде Шымкент қаласында білім саласы бойынша біршама смарт-жүйе жүзеге асырылуда. Мәселен, оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында облыстағы 779 мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілді. Сонымен қоса адами фактор мен сыбайластық әрекетті болдырмау мақсатында балғындарды балабақша мен 1 сыныпқа электронды түрде қабылдау жобасы енгізілді. Қазіргі таңда 23 мыңнан астам бүлдіршін қаланың балабақшаларына осы жүйе арқылы орналасса, тіркелу үшін 64 мыңнан астам жолдама берілген.

Осылайша Президент Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындап берді. Енгі кезекте ондағы міндеттерді абыроймен атқару жалпы халыққа, оның ішінде мәслихат депутаттарына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Опубликовано в Қоғам

Жолдаудағы әрбір он бағытқа жеке тоқталған аймақ басшысы Мемлекет басшысының бұл саяси құжаты төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап бергенін айтты.

«Бірінші бағыт. «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деп атап көрсетті Елбасымыз. Бұл бағыттағы жұмысты Оңтүстік Қазақстан облысы барынша жеделдететін болады. Өңірімізде 11 индустриялды аймақ пен бір арнайы экономикалық аймақтың әлеуетін барынша тиімді жүзеге асыруымыз керек. 2017 жылы индустриялды аймақты дамытуда 9,4 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асты. Енді бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге міндеттіміз. Бүгінде қолданыстағы кәсіпорындарда жаңа цифрлық технологиялар енгізіліп, өндірістер дамуда. Мәселен, өндірісте заманауи технологияны пайдалану арқылы атмосфераға кететін залалды төмендетіп, өндіріс циклінің уақыты мен энергия шығынын азайтқанға дұрыс. Бұл өнімділікті еселеп, арттырады деген сөз.

Елбасының екінші қойып отырған міндеті «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту». Президент бұл салада табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, энергия көздерін табу мен үнемдеуге үндеп отыр. Өңірімізде бұл бағытта да жұмыстар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінен кейін белсенді түрде қолға алынғанын білесіздер. Өткен жылдың өзінде Сайрам, Қазығұрт аудандарында гидро-электр станциялары іске қосылды. Сонымен бірге, Шымкент қаласында кәріз су қалдықтарынан биогаз алатын Орта Азияда баламасы жоқ кешен пайдалануға берілді. Мұның бәрі мемлекеттің қолдауы арқасында жүзеге асып отыр. Қазіргі уақытта облысымыздың бірнеше аудандарында шетел инвесторларымен біріккен күннен электр энергиясын өндіретін нысандардың құрылысы жүргізілуде. Жасыл экономиканы дамыту бойынша облыста жүзеге асырылатын 26 жоба енді жаңа бағытта қарқын алатын болады»,-деді Ж.Түймебаев.

Жолдаудағы үшінші міндет «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» болып отырғанын айтқан облыс әкімі аграрлық аймақ Оңтүстік Қазақстан еліміз бойынша ауыл шаруашылығы саласында озық технологияларды қолдануда көш басында тұрғанын атап өтті.

«Мәселен, тамшылатып суару әдісі 7,5 мың гектар жерге ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға жетті. Бұл республикалық үлестің 72 пайызын құрап отыр. Ал қарқынды баудың көлемі 2,8 мың гектарға жетіп отыр. Интенсивті бақ, тамшылатып суғару, жылыжайлар бағыттарында озық технологиялар енгізу арқылы өнімділіктің жоғарғы деңгейіне жетіп отырмыз. Биылда жаңа технологиялар енгізу бойынша жұмыстар жүйелі түрде атқарылатын болады. Ал Мемлекет басшысының айтқан төртінші бағыты, яғни, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру бойынша берген міндеттемесін жүзеге асыруда Оңтүстіктің мүмкіндігі мол екені өздеріңізге аян. Мәселен, «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпір барысында Шымкент қаласында орналасқан көлік-логистикалық орталығында А + санатындағы кешен іске қосылған болатын. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралі мен теміржол желісіне жақын орналасқан жаңа көліктік-логистикалық орталығының географиялық тұрғыдан тиімді орналасуында. Бұл өңірді көліктік-логистикалық хаб ретінде қалыптастыруға және Қазақстанның аумағы арқылы айналымды ұлғайтуға ықпал етеді. Қазіргі кезде жалпы аумағы 92 гектарды құрайтын «Оңтүстік» көлік-логистикалық орталығында инвестиция құны 35,6 млрд теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылуда. Аумағы – 242 500 шаршы метрді құрайды. Мұнда кедендік рәсімдеу, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау қызметтері бір терезе қағидасымен жүргізілсе, бұған қоса уақытша сақтау қызметі де қарастырылған»,– деді облыс әкімі.

Қазақстандықтардың ең өзекті әлеуметтік проблемасы – баспана. Сондықтан да Елбасы өзінің Жолдауында тұрғын үй құрылысы саласына ерекше назар аударып отырғанын айтқан Ж.Түймебаев биыл Оңтүстікте 245 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 91-і немесе 4 733 пәтер пайдалануға берілгенін жеткізді. Сондай-ақ, әкім өткен жылдан өтпелі болған 154 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысынан бөлек, осы жылы тағы да 100 көпқабатты үй құрылысы басталатынын мәлім етті.

Дамудың 10 бағытын айқындаған Елбасы Жолдауы – жаңа мақсаттарға жетелейтін ең басты құжат болып табылатынын айтқан өңір басшысы саяси құжатты түсіндіру және насихаттау жұмыстары бойынша желілік кесте, медиа-жоспар жасауды тапсырды. Сонымен қатар, әкім барлық деңгейдегі әкімдер мен халық қалаулыларын, ардагерлер және қоғамдық ұйымдар мен сала белсенділерін халық арасында насихаттау жұмыстарына, негізгі басымдықтарының жоғары деңгейде жүзеге асырылуына белсенді атсалысуға шақырды.

 

ОҚО әкімінің
баспасөз қызметі

Опубликовано в Қоғам

askarАсқар Абубакиров, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры:


– Мемлекет басшысы Қазақ-стан халқына арнаған Жолдауында еліміздің үшінші жаңару кезеңіне қадам басқанын айтты. Бұл кезеңде мемлекеттік өсіп-өркендеудің қай саласын алып қарасаңыз да кәсіпкерлікпен тығыз байланыста екенін түсінуге болады. Яғни, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын, денсаулығын жақсарту, жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудың барлығы дерлік белгілі бір кәсіп иелерінің қатысуымен шешіледі. Осы орайда Елбасымыздың «Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. Бұл – өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады» дегенін еске салғым келеді.

2050 жылы кәсіпкерліктің ішкі үлесін 50%-ға қалай жеткіземіз? Ол үшін ең әуелі Президенттің жаңа технологияның мүмкіндіктерін меңгеру және құжаттарды электронды түрде рәсімдеу, қағазбастылықты азайту туралы бастамасын толық қолдаймын. Біздің өңірде бизнесті жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісі жиі ұйымдастырылып отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілгендіктен болар, балабақша ашуды кәсіп еткендердің тізімінде біздің облыс көш бастап тұр.

Сондай-ақ, Жолдауда «астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек» деді Мемлекет басшысы. Өңірімізге инвестиция тарту да кәсіпкерлікті дамытудағы оң істер. Жуырда ғана Түркия елімен келісім жасадық. Алдағы уақытқа жоспар құрып, бизнесті өркендетуді қалайтын, сол арқылы еліміздің экономикасы мен әлеуметтік ахуалын гүлдендіруге өзіндік үлес қосуды парыз санайтын кәсіпкерлер қауымы Жолдауда айтылған келелі мәселелерді жүзеге асыруда аянып қалмайтынына нық сенімдімін.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 10 Март 2017 04:19

Кездесу өтті

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын насихаттау және өзінің депутаттық қызметінің жұмыс барысын хабарлау мақсатында Шымкент қалалық мәслихаты №25 сайлау округінің депутаты, Экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н.Бұхарбаев сайлаушыларымен кездесу өткізді.

bukharbaev

№29 мектеп ғимаратында өткен басқосуда Елбасының Жолдауы қызу талқыланып, кездесуге қатысушылар оған қолдау білдірді. Жиында сөз алған депутат Н.Бұхарбаев өз округінде және өзі төрағалық етіп отырған тұрақты комиссияның атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. 

Тұрғындар да көкейлеріндегі ойларын ортаға салды. Пікір білдіргендер көпқабатты үйлердің аулаларын ойын алаңшаларымен қамтамасыз ету және кейбір аулалардағы автокөліктер тұрағы ретсізделіп кеткенін айтып, осы мәселені тезірек шешіп беруді өтінді. Сайлаушылар қойған сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Н. Бекназаров қалалық мәслихат депутаттарының халықпен тікелей байланыс орнату мақсатындағы осындай кездесулер қалалық мәслихаттағы барлық округтерде де жалғасатынын атап өтті.

Опубликовано в Саясат
Пятница, 24 Февраль 2017 04:53

Жолдауды қала ардагерлері қолдайды

М. Әуезов атындағы ОҚМУ ғимаратында Шымкент қаласының ардагерлері бас қосты. Жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған жолдауы және қалалық ардагерлер кеңесінің 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы баяндалды.

1414470975 kairan-erler– Жолдауда бізді яғни, ардагерлерді қуантатын екі жағдай бар. Біріншісі, білім жүйесі. Мысалы, кәсіптік училищелер ақысыз негізде оқытылады. Бұл жастардың мектепті бітіре салысымен жұмыспен қамтамасыз етілуіне септігін тигізеді. Екіншісі, медициналық сақтандыру қоры. Бұған дейін ардагерлер ем қабылдау үшін бірнеше құжаттар жинап, ақша төлеп, ары-бері жүгіріп, әбігерге түсуші еді. Ал енді ешқандай төлемсіз-ақ емделе алады. Өйткені, ардагерлердің сақтандыру қорына 71 600 теңге аударылатын болады, – деді Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Нисамуддин. 

Басқосуда қалалық ардагерлер кеңесінің өткен жылғы жұмыстарының қорытындысы тыңдалды. Былтыр өңіріміздегі демалыс орындарына 3 410 ардагер демалып, емделген. Сондай-ақ, 3 705 аз қамтамасыз етілген ардагерлерге 8 млн 976 мың теңгеге көмек көрсетілді. 125 соғыс ардагері мен қаза тапқан жауынгерлердің бес жесіріне тұрақты түрде жәрдем жасалуда.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 24 Февраль 2017 04:05

Жолдау міндеттері – жетістік кілті

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы «Нұр Отан» партиясының облыстық және жергілікті филиалдарына жаңа міндеттер жүктейді. Ондағы көрсетілген басымдықтар өңірлік партия жұмысының негізгі өзегіне айналмақ. «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясында Жолдаудың мән-маңызы талқыланды.

New emblem of the Nur-Otan

Конференцияға облыстық партия филиалы саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қалалардан сайланған делегаттар, мемлекеттік органдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиында облыстық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның төрағасы Қайрат Балабиев баяндама жасады.

– Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, ел экономикасының негізгі тірегі саналатын кәсіпкерлік саласына, жергілікті тауар өндірушілерге кең көлемді қолдау көрсетіледі. Осы мақсатта, өңірде 11 индустралді аймағы құрылған. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі бойынша Оңтүстік өңірі ел аумағында 3-орынға ие. Ендігі жерде, 1 миллиард теңгені құрайтын өңірдің тауар айналымын еселей түсуге нақты қадамдар жасалуда. Бұл тұрғыда, Оңтүстік – аграрлы өңір болғандықтан, ішкі ресурстарды тиімді пайдалана отырып, елдегі жетекші орынға шығу мүмкіндігіміз бар, – деп атап өтті Қайрат Рахымұлы.

Өз кезегінде, жарыссөзге шыққан «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Айгүл Қапбарова, облыстық мәслихат депутаты, «Ескі Иқан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Зуппархан Чалданов, партия мүшесі Валерий Гордиенко Елбасы Жолдауын белсенді түрде жүзеге асыруға шақырды.

Жолдауды кең көлемде насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ бүгінде өңірдің барлық аудан-қалаларында жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізуде. Бұл үшін саяси кеңес мүшелерінің әрқайсысы 820 бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыруға бекітілген.

Күн тәртібіне сәйкес, «Нұр Отан» партиясынан облыстық №11, №25 және №31 сайлау округтері бойынша облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер ұсынылды.
Жиын қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

Опубликовано в Саясат
Страница 1 из 3