Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Алматыда өткен кездесу барысында Қазақстан мен Ресей Президенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және күн тәртібіндегі басты халықаралық тақырыптарды талқылады. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасының ерекшелігіне тоқталып, екі ел арасындағы сенім мен түсіністік деңгейі жоғары екенін атап өтті.

– Биыл арамызда дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. Тығыз ынтымақтастық арқасында біз Еуразиялық экономикалық одақты құрдық. Бұл оның барлық қатысушылары үшін маңызды әрі перспективалы құрылым деп санаймын. Бүгінде Ресейдің 7 мыңнан астам кәсіпорны Қазақстанда өкілдіктерін ашып, жаңадан қайта өңдеу өнеркәсібін құруға ықпал етуде. Сіздің былтыр күзде Қазақстанға жасаған сапарыңыз бен Еуразиялық экономикалық одақ аясында Санкт-Петербургтегі кездесуіміз құны 3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 41 келісімшартқа қол қоюға мүмкіндік берді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерге қатысты Қазақстан мен Ресейдің ұстанымы бірдей екенін және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясында ортақ міндеттерді іске асыру үшін екі ел де бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

– Ресей халықаралық өзекті мәселелерді шешу, соның ішінде Сирия қақтығысын реттеу жөнінде шаралар қабылдауда. Астанада бірнеше келіссөз өткізу туралы ұсыныс білдірген де Ресей болатын. Үдеріс басталып кетті. Жалпы осы және басқа да мәселелерді шешу үшін жыл бойы бірқатар кездесу өткізу қажет, соның бірі 8 маусымда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы басқосу болмақ. Қазіргі барлық мәселелер достық негізінде шешілуде. Бірлескен кәсіпорындар құрып, алға қарай ілгерілейтін боламыз, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздерді Астанада ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

– Бұл үдерісте Қазақстан тарапының жай ұйымдастырушы ретінде ғана қатысып қоймай, жалпы жағымды рөл атқарғанын білемін. Сіз кездесу ұйымдастыруға тікелей атсалысып, қатысушылармен және делегаттармен жұмыс жүргіздіңіз. Сіздің арқаңызда ешқашан болмаған нәтижеге қол жеткіздік. Әсіресе, атыстың тоқтатылуына бақылау жасау тетігі табылды, бұл – ең басты мәселе. Енді бұл Женевада жалғасатын келіссөздерге негіз болады, – деді Ресей Президенті.

В.Путин Қазақстанның Ресейдің басты экономикалық серіктесінің бірі ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, интеграциялық үдерістер барысында жасалған жағдай арқылы нақты көлемді ұлғайтуға қол жеткізіп, ынтымақтастықты ұдайы арттырып отыру қажеттігін айтты.

Ресей Президенті өз елінің жаһандық мәселелерді шешуде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қолдауынан үмітті екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар Еуразиялық интеграция аспектілерін және экономика саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Опубликовано в Саясат

Өңірімізге ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ іссапармен келді. Астанадан келген жұмыс тобы қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеттерінде болып, онда облыс əкімі Жансейіт Түймебаев шекара бойындағы төрт кеден бекетін аралап көрсетті.

ministr

Облыс әкімі баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, Асқар Мамин бастаған топ казақ-өзбек шекарасындағы «Б.Қонысбаев», «Жібек Жолы», «Қапланбек» кеден бекеті қызметімен танысты. Сапар барысында делегация мүшелері «Б.Қонысбаев» атындағы кеден бекетін көршілес Өзбекстан аумағына дейін кеңейту мәселесін талқылады. Сонымен қатар, олар жүктерді өңдеу уақыты мен азаматтардың шекарадан өту процесін оңтайландыруды және Өзбекстан Республикасымен өзара тиімді сауда-экономикалық тауар айналымын арттыру мүмкіндігін қарастыру жайын сөз етті.

akim obl

Өзбекстанмен арадағы негізгі кеден бекеттерінің бірі болып табылатын «Б.Қонысбаев» бекеті автокөліктерді өткізуге арналған. Аталған кеден бекеті арқылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің, алыс шетел (Иран, Түркия) мемлекеттерінің тауарлары мен көлік құралдары өтеді. Мәселен, 2016 жылы осы бекет арқылы 42 мың жүк көлігі және 11 мың жеңіл автокөлік құралдары өткен.

Опубликовано в Саясат

Бүгінде облыста 17 мыңнан астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 242 кооператив жұмыс істейді. Кооператив – шаруа қожалықтары мен қосалқы шаруашылықтар кірістерін арттыру, өнімін өткізу, сақтау және өндіріс құралдарымен, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтаудың тиімді жолы. Дегенмен, бұл орайда ескеретін біршама жағдайлар бар. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Сайрам ауданының Манкент ауыл округіндегі «Ет Агро – Манкент» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде болып, кәсіпкерлерді бірқатар басымдықтардан хабардар етті.

16831144 1213643692085301 6316600208338213452 n

Шаруа қожалықтарының саны 10-ға жеткен

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында аграрлық сектор-экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс екенін атап өткен еді. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында елімізде Агро-өнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Ондағы негізгі мақсат – ұсақ шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру, өнімді қажетті инфрақұрылыммен қайта өңдеуді ұлғайту. Өткен жылы еліміз бойынша 15 мың жеке қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооператив жұмысын бастаған. 

«Ет Агро – Манкент» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің де алға қойған жоспарлары ауқымды. Төраға Жамолбек Утаевтың айтуынша, кооператив 2014 жылы құрылып, қазір шаруа қожалықтарының саны 10-ға жеткен. Олардың әрбірінде 400-ден астам мал бар. Ұсақ шаруа қожалықтарының саны – 72. 

Өндірістік мекеменің жалпы инвестиция көлемі – 150 млн теңге: оның 106 млн теңгесі жеке, ал 44 млн теңгесі «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығынан берілген несиелік қаражат. 

Вице-премьер А.Мырзахметов, облыс әкімі Ж. Түймебаев биыл 10 мың тоннаға дейін ет өнімдерін өндіруге қауқарлы кооператив жұмысымен танысты. Мұнда күн сайын 20 бас ірі қара, 10 бас уақ мал және 10 бас жылқы сойылады. Арнайы мал сою бекеті, мұздатқыш жұмыс істеп тұр. Малдардың жағдайын тексеретін арнайы клиника, зертханасы да бар.

Төраға ет өнімдерін Шымкент қаласынан бөлек, Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларына жөнелтуді жоспарлап отырғанын айтады. Ендігі кезекте мал басын көбейтіп, кооператив мүшелерінің санын да ұлғайтпақ ниетте. 

16641050 1916746338556598 8452705420772556157 n

– Жылдан жылға қожалықтар санын көбейту керек. Қызығушылық танытып отырғандар бар ма? Бұл мүшелер қандай жеңілдіктер барын біле ме? Яғни, біз әрбір тиыннан, теңгеден тиімділікті шығаруымыз керек. Сондықтан, мынадай кооперативтер арқылы біріктіре отырып, ірілендіре отырып, халықты жұмыспен қамтуға басымдық берілуі тиіс. Мұндағы басты мәселе – кооператив бір адамның ғана меншігі болып қалмау керек, әрбір мүшесі белсенді жұмыс істей білуі қажет. 

Тағы бір есте ұстайтын жайт, біз осы жобаны іске асыру арқылы ауылдық жерде несие берудің жүйесін қалыптастырамыз. Заңға сәйкес, кооперативке бірігетін шаруа қожалықтардың саны 20-дан кем болмаса, 6 пайыздық жеңілдікпен несие алуға болады. Кооператив құруда негізінен осындай қағидаттарға көңіл бөліңіздер, – деді Асқар Исабекұлы.

 

Субсидия беру қағидаттары өзгерді

Облыс әкімдігінде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңейтілген мәжіліс өткен-ді. Онда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ірілендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, саладағы ахуалдан хабардар еткен. Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартып, өнімнің өңдеу сапасын жақсартуға күш салмақ. Бұл бағытқа мемлекет бюджетінен 57 миллиард теңге бағытталып отыр. 

photo 2017-02-18 14-42-58

Бағдарлама аясында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 38 пайызға, жалпы өнімін 30 пайызға, азық-түлік тауарларын экспорттау көлемін 600 млн АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарда тұр. 

Сондай-ақ, бүгінде субсидиялау қағидаттары қайта қаралып жатқаны белгілі. Қазіргі жағдайда 11 субсидия түрі алынып тасталып, 35 субсидия түрінің нормативтеріне өзгерістер енгізілген.

 

600-ден астам кооператив құрылуы тиіс

Бұл мақсатта облыста да атқарылар шаруа көп. Аймақта 2017-2020 жылдары аралығында 90 мың жеке шаруа қожалықтарының бірігуі есебінен 600-ден астам кооператив нақты іске кіріседі. Облыс әкімі Ж.Түймебаев халыққа есеп беру жиынында алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісу кезінде осылай деді. Мәселен, биылдың өзінде мал бордақылау алаңдары бар 30 жекелеген қосалқы шаруашылық біріктіріледі. 

Осы бағытта кооперативтер жүйесін жетілдіре отырып, өңірдің басымдықтарына қарай агро аймақтар құрылады. Етті, сүтті мал шаруашылығын өркендету мен құс, балық шаруашалығын дамыту қоса жүргізіледі.

Опубликовано в Саясат

Елімізде электр энергиясын өндіру көлемі артып келеді. Мәселен, 2016 жылы сағатына 94,1 млрд кВт электр энергиясы өндірілсе, оның ішінде 1,9 млрд кВт энергия Ресейге экспортқа шығарылған. Ендігі басты міндет – өндіріске жаңа технологиялар ендіру, энергия өндіру көлемін арттыру. Ол үшін мамандар үнемі ізденіс пен білім-біліктілігін жетілдіріп отыру қажет.

DSC 7640

ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев қаладағы «3 –Энергоорталық» АҚ қызметкерлерімен кездесуде осылай деді. Жиында Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда атқарылар шаруалардың жоспары баяндалды. Биылғы Жолдауда жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру керектігі айтылған. Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр. 

Жиында осы тақырып төңірегінде мәселелер талқыға түсті. Вице-министр келешекте энергияны үнемдеу және «Жасыл экономикаға» көшу мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, даму жоспарлары жөнінде әңгімеледі. 

DSC 7642

– Жолдауда айтылғандай, ендігі кезекте инновациялық бағытқа бет бұруымыз керек. Еліміздің энергетикалық әлеуеті жоғары. Жылу жүйелерін қайта жаңғыртуда инвестициялық жобалар көптеп тартылу қажет, – деді ол. 

Вице-министр мәлімдегендей, биыл сағатына 94, 2 млрд кВт энергия өндіру жоспарланып отыр. Былтыр республика бойынша 92,3 млрд кВт энергия тұтынылыпты. 

DSC 7671

Бүгінде Қазақстанның оңтүстік аймағын электр қуатымен жабдықтауға басымдық беріліп отыр. Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қуаттылығы 500 кВт-тан жоғары «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» вольттік желісінің өңіраралық құрылысы жүріп жатыр. 2016 жылы жоба құрылысының 1 кезеңі аяқталды.

Опубликовано в Қоғам

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Ж. Түймебаев Мемлекет басшысына облыстың биылғы перспективалары, сондай-ақ өңірдің 2021 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму жоспары туралы баяндады.

Елбасы аймақтың салық түсімдері көрсеткішінің төмен екенін, өңірдің республика бойынша мейлінше дотациялы болып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еңбек нарығын реттеу саласындағы жұмыссыздық мәселелеріне назар аударды.

– Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың үлесі жоғары. Оңтүстік Қазақстан үшін жұмыссыздық пен халықтың көші-қон мәселесі әрқашан өзекті болып қала бермек. Бұл мәселелерді шешу үшін шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Шымкенттің таяу келешекте тұрғындарының саны 1 миллион адамнан асатын қалаға айналатынын атап өтті.

Облыс әкімі Елбасыға «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді аймақ тұрғындары жан-жақты қолдап отырғаны туралы мәлімдеді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев облыс өнеркәсібін, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларын дамыту, инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнінде міндеттерді орындауға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетсек, бүгінде өңірде өндірілген өнімдердің республикадағы үлесі бойынша, мақта 286 мың тонна өнімімен - 100%-ға, жүзім 51 мың тн. Өнімімен – 68,5%-ға, бақшамен 1264 мың тн. өнім өндіріп – 61,0%-ға, ал, жылыжайдың жалпы көлемі 1123 гектарға жетіп 80%-ға, тамшылатып суғару әдісі 51 мың гектар болып, еліміздегі үлесінің 72 % құрап отыр.

Опубликовано в Саясат
Среда, 08 Февраль 2017 08:13

Түркия тәжірибесі қолайлы

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркияға тəжірибе алмасуға барған өңірдің 15 медицина қызметкері Анталия қаласындағы 6 клиниканы аралап, заманауи технологияның озық үлгілерімен танысуға мүмкіндік алды. Бұл жөнінде ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде жергілікті БАҚ өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған брифингте облыстық эндокринология диспансерінің дәрігер-эсперті, топ жетекшісі Қалкөз Қасымбекова мәлім етті.

turkia

Қалкөз Бақытқызының айтуынша, өңірден барған арнайы топ Анталиядан 80 шақырым қашықтықта орналасқан Испарта қаласындағы 750 орынға арналған аурухана ғимаратын аралаған. Онда тұрғындарға жоғары мамандандырылған көмек көрсететін медициналық құрылымдардың жүйеленген жұмыстарымен танысып, коронароангиографиялық, клиника-диагностикалық, рентген-аритмологиялық зертханалары мен науқастарды қабылдау бөлімдерінде болды. Ондағы бір ерекшелік – тұрақты электрокардиостимуляторлар, кардиовертер-дефибриллятор, СРТ – Д құрылғылары орнатылған кардиология саласындағы коронография, стенттеу оталары АҚШ тәжірибесі негізінде жүргізіледі. Жекеменшік иелігіндегі 120 адамға арналған «OZEL OFM» клиникасында бір айда 30 адамның жүрегіне ота жасалады екен.

Ал Анталия қаласындағы «Training Hospital» клиникасының бір мезгілде 2200 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Мұнда 2016 жылы 2,5 миллион науқас ем қабылдаған болса, соның 1,5 миллионға жуығы шетелдіктер.

– Түркияда бізде енді-енді қолға алынып жатқан сүйек кемігі науқастарына транспантациялау оталары көптеп жасалады екен. Транспантология өте қатты дамыған. Әрбір азаматы – тегін донор. Көлік жүргізуші куәлігін алар кезде олар саналы түрде өздерінің ағзасындағы бір мүшесін донор ретінде беруге келісім береді. Аталған келісім белгісі жүргізуші куәлігінде көрсетіледі. Егер ол жол апатынан қайтыс болса, медицина мамандары шұғыл түрде іске кірісіп, зақымданбаған сау мүшесін қажет ететін науқасқа тегін трансплантациялайды. Донор тапшылығы жоқ, – дейді Қалкөз Бақытқызы.

Ана болуды жоспарлау жүйелі түрде жүзеге асады. Түсік жасауға мемлекеттік деңгейде қатаң тыйым салынған. Әйелдің өміріне қауіп төнетіндей жағдай болмаса, мүлдем рұқсат етілмейді екен.
Медицина саласында әлемдік кеңістікте жоғары жетістіктерге қол жеткізген Түркияның бүгінгі бағдарын саралаған өңір дәрігерлері енді көңілге түйгенін жүзеге асыруға бейілді.

Опубликовано в Саясат

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный мырзамен кездесіп, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі ынтымақтастық меморандумға қол қойды.

600 191

Кездесуде балалалардың тең мүмкіндіктер алуға құқығы, отбасы денсаулығын нығайту және әлеуметтік қолдау сияқты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, 2016-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Балалар Қоры арасындағы ынтымақтастық жоспары шеңберінде денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы ынтымақтастық бағыттары жөнінде пікір алмасылды.

– Оңтүстік Қазақстан облысы туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұрған өңір. Республикада туылған әрбір бесінші бала Күнгейде дүниеге келеді. Біздің аймақ жастарының көптігімен де ерекше облыс. Бүгінгі түзілген меморандум әлеуметтік қорғау салалары сынды маңызды бағыттардың мәселесін шешуге, сәйкесінше, балалар құқығының қорғалуына мұрындық болады деген үміттемін, – деді Жансейіт Түймебаев.

Аталған ынтымақтастық құжаты аясында өңіріміздегі ана мен бала өлімін азайту, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында суицидке жол бермеу, балалардың жағдайын жақсарту мен құқықтарын қамтамасыз ету, балалар еңбегін қанаудың алдын алу, жетім қалған балаларға отбасы тәрбиесінің баламалы түрлерін енгізу, мүгедек балаларды айрықша қажетті заттармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жоспарланған. 

Өз кезегінде, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілі Юрий Оксамитный мырза Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. 

– Біздің ынтымақтастығымыздың негізгі мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалардың жағдайын жақсарту мен құқықтарын қамтамасыз ету, балалар еңбегін қанаудың алдын алу, ана мен балаға қолдау көрсетіп, олардың құқықтарын қорғауды іске асыру болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстарды нығайту және ілгерілету жолында бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз, – деді Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный.

Айта кету керек, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әр баланың құқығын жүзеге асыратын бейбітшілік құру ісіндегі жетекші ұйым болып табылады. Аталған қор әлемнің 190 елінде қызмет етеді.

ОҚО әкімінің
баспасөз қызметі

Опубликовано в Саясат

Республика аясында Түркия елі мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланыс өңірлерде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Осы орайда«Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы» Оңтүстік Қазақстан облысында басталды. 1-3 ақпан аралығында өтетін бұл жиынға бауырлас елден 200-ге жуық делегат қатысуда.

Түріктер оңтүстікке инвестор болмақ

Түркиялық кәсіпкерлер делегациясын Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман мен Түркия Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі Тарык Сонмез бастап келді. Форумның алғашқы күні «RIXOS Khadisha Shymkent» қонақ үйінің «BallRoom» мәжіліс залында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен «ОҚО-ның инвестициялық әлеуеті» тақырыбында конференция өтті.

– Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асқалы тұрған инвестициялық жобалармен танысу форумына түрік елінің ірі бизнес өкілдері арнайы келіп отыр. Бүгін өңірімізге қадам басқан бауырларымызбен игі істі қолға аламыз. Бұл біз үшін зор қуаныш. Түркі топырағына қош келдіңіздер, – деді форумды ұйымдастыру ісіне тікелей ықпал еткен облыс әкімі.

Алқалы жиынға ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар Комитетінің Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, сондай-ақ Оңтүстіктегі кәсіпкерлік саласының жетекші мамандары қатысып, өңірдің экономикасын, инвестициялық ахуалын және осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламаларды таныстырып өтті.

– Қазір Министрлікте де Түркия елімен инвестициялық жобаларды қолға алу бағдарламалары дайындалуда. Әйтсе де, бұл бағытта ертерек іске кіріскен Оңтүстіктегі оң істерді Министрлік тарапынан қолдаймыз. Бұл өңірдің саяси ахуалы тұрақты, экономикалық өсу қарқыны жоғары, инвестиция тартуға өте қолайлы. Қазірдің өзінде 40-тан астам кәсіпорын ашылып, өз жұмысын жүргізуде. Нарық айналымы кең. Ресей мен Қытайға экспорт жасайды. Батыс Еуропа – Батыс Қытай арасында да ішкі өнімді ұсына аламыз. Салық бойынша экономикалық аймақтарда жеңілдіктер қарастырылған. Білікті мамандар да жеткілікті. Кәсіпкерлік саласындағы жастарымыз үш тілде сөйлейді, – деді Сапарбек Тұяқбаев.

«Шымкент – біздің бауырлас қаламыз»

Екі елдің кәсіпкерлік саладағы мүмкіндіктері мен жетістіктері таныстырылған жиында Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман түрік халқының инвестор болудағы мақсаттарын атап өтті.

– Түркия әлемдегі дамыған 10 елдің қатарына ену мақсатында инвестициялық жобаларды қолға алуда. Осы бағытта халықаралық форумдардың бірі Әзірбайжанда өткен болатын. Келесі V форумды перспективасы жоғары әрі біздің бауырлас қаламыз Шымкентте ұйымдастыруды жөн көріп отырмыз. Түрік Кеңесінің құрған механизмдерін негізге ала отырып, алдағы уақытта бірлесе әрекет жасайтын боламыз. Сондықтан, келесі форумды өз жауапкершілігімізге алуға рұқсат етіңіздер, – деп Омер Коджаман іскерлік байланысқа зор ықылас танытты.
Оңтүстік өңіріне арнайы келген түрік кәсіпкерлеріне алғысын білдірген өңір басшысы Ж.Түймебаев бұл форумның Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді орындауда маңызы зор екеніне тоқталды. Қазіргі таңда Түркия Қазақстанның саяси және экономикалық тұрғыдағы ең жақын және сенімді серіктесіне айналғанын жеткізген аймақ басшысы екі жақты кездесудің жемісті боларына сенім білдірді. Сондай-ақ, жиында Түркия Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кеңесшісі Тарық Сонмез, Түркиядағы «OSТІМ» индустриалды аймақтарды басқару және құру халықаралық операторының басқарма төрағасы Орхан Айдын, Түркияның Сакария қаласындағы сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Махмут Косемусул баяндама жасады.

Сакария – түрік инвестициясының отаны

Түркия ұйымдасқан индустриялық аймақ кұру бойынша бай және сәтті тәжірибе жинаған республика. Соңғы жылдары құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, фармацевтика, медицина салаларында аса белсенділік танытып келеді. Атап айтқанда, Түркия елінде 200-ге жуық индустриалық аймақ бар. Ондағы 300 мыңнан астам зауыт-фабриканың әрбірі кемінде 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бір ғана Сакария қаласында 10 индустриалды аймақ, 15 мың компания жұмыс істеуде. Отандық пойыз өндіру ісі жолға қойылған. Автокөліктер жасап шығару ісі бойынша әлемдегі 7 орында тұрған түркиялықтар бұл ретте де 5 орыннан көрінуді межеге алған. Ал Қазақстанда, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан облысында түрік фирмалары мен компанияларының саны 30-ға жетіп, өзінің даму үрдісін ұсынып келеді.

Мұның бәрі екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың жоғары дәрежеде дамып отырғанын көрсетеді. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда түркиялық әріптестермен құны 33,7 миллион АҚШ долларын құрайтын 4 жоба іске қосылған. Жалпы сомасы 2,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 18 жобаның 6-уы түркиялық кәсіпкерлердің қатысуымен іске асырылуда. «OSТІМ» индустриалды аймақтарды басқару және құру халықаралық операторының басқарма төрағасы Орхан Айдын инвестиция тарту кезінде «XAY OSTIM» атауын екі елдегі кәсіпорындарға да орнататынын мәлімдеді.

IMG-20170201-WA0035

– «XAY» – «Қожа Ахмет Яссауи» деген мағынаны білдіреді. Түркияда Яссауиға арналған 1000-нан астам кітап жарық көрген. Түркістандық ғұламаның есімі берілген 10 лицей, 100-ден астам көше және көптеген қорлар жұмыс істеуде. Бүгінде экспорттағы айналымға шығарған 2,5 млрд долларды екі есеге ұлғайтуды көздейміз. Ертеңгі жетістіктерді бүгіннен бастап қолға алу қажет, – деді Орхан Айдын.
Қазақ-түрік инвестициялық форумында облыстың индустриалды және арнайы экономикалық аймақтарын дамыту жайлы ынтымақтастық меморандумы түзіліп, қос тарап өкілдері қол қойып келісімдер жасасты.
2 ақпан күні «Көрме» орталығында 80-нен астам отандық тауар өндірушілер мен туризм саласының, ОҚО Даму институттары мен өңірдегі инвестициялық жобалардың бірлескен көрмесі түрік кәсіпкерлерінің назарына ұсынылды. Туристік саладағы В2В форматында ұйымдастырылған екіжақты кездесулердің соңғы күні 3 ақпанда туристік сапармен жалғасатын болады. Ол күні түрік делегаттары «Шымкент-Отырар-Түркістан» туристік бағыты бойынша жолға шығып, тарихи жерлерге саяхаттайды.

Опубликовано в Қоғам

Аймақ басшысы Ж. Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірдің қаржы, жол құрылысы, энергетика, туризм салаларының мамандары мен БАҚ өкілдері, жалпы 22 адамнан тұратын делегациясы Түркия Республикасында тәжірибе алмасып қайтты.

ankara shymkent 10

Анкараға жасаған сапардан алған әсері мен нәтижесі бойынша ОҚО Аймақтық коммуникация қызметінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н. Көшеров, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшының орынбасары Қ. Тастанов, сәулетші Н. Архабаев ой бөлісті.

Брифингте белгілі болғандай, өңірден барған делегаттарды Анкара қаласы мэр орынбасарының көмекшісі Юнус Алуч күтіп алып, қаланың тарихы мен қазіргі таңдағы жағдайы туралы және алдағы даму жоспарларымен таныстырған. Сонымен қатар, оңтүстікқазақстандықтарды Анкара қаласының мэры М. Гекчек пен Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Қазақстан елшілігінің үшінші хатшысы М. Отарбаев қабылдаған. 

Сапар барысында делегаттар «Дикмен» шатқалына, «Солтүстік Анкара» жобасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы және шатқалдарды абаттандыру барысымен танысты. Мамандар аралау барысында Анкарадағы құрылыстың қысқа мерзімде және үш жолақты көшелердің құрылысы 5 ай мерзімде аяқталатынын жеткізді. Сонымен қатар, олар ірі өндіріс орындары шоғырланған «Синджан» индустриалды аймағында болып, бірқатар кәсіпорынның жұмысын аралап көріпті. 

Айта кетейік, бұған дейін де 110 адамнан құралған арнайы делегация Түркия Республикасында тәжірибе алмасып, білімін шыңдап келген болатын.

Опубликовано в Саясат
Пятница, 03 Февраль 2017 04:17

Венгрияның өкілдігі ашылды

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Миклош Иштванды және Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андраш Баранимен кездесті.

16266348 1194382204011450 7158375240089904657 n

Басқосуда тараптар екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық мақсатындағы бірлескен жобалардың жүзеге асу барысын талқылады.

– Тарихқа көз жүгіртсек, екі ұлт та кең далада тіршілік еткен. Сондықтан венгр тілінде түркі сөздері көп кездеседі. Осының өзі біздің халықтардың ежелден тату қарым-қатыныста болғандығын аңғартады. Сондықтан бұдан былай Оңтүстік Қазақстан облысы мен Венгрия елінің арасында сауда экономикалық, мәдени, гуманитарлық байланыстар нығая түсетініне сенімдімін, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Аграрлық салаға бейім өңірге венгр инвесторларының қызығушылығы мол. Облыс әкімі елшілік өкілдеріне осы артықшылықтар туралы айтып берді. 

Кездесуде Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани екі ел арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салада бірлескен жобалардың қолға алынып жатқанын жеткізді. 

16387062 1194388047344199 537767759270874301 n

– Венгрлер Қазақстанға визасыз-ақ келуіне болады. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік саласын дамытуға, іскерлік байланысты нығайтуға айтарлықтай ықпалын тигізеді, – деді елші.

Қабылдаудан соң, екі тарап Венгрияның Шымкент қаласындағы консулдығының ашылу салтанатына қатысты. Жаңадан ашылған өкілдік алдағы уақытта екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, тауар айналымының ұлғаюына мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, Венгрияның Қазақстандағы құрметті консулы болып «OTAU Group» компаниясының президенті Қайрат Молдасейітов тағайындалды.

Опубликовано в Саясат
Страница 3 из 5