Түркістан қаласындағы №4 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығын жаппай тексеру нәтижесінде туберулез диагнозы 502 адамның 65-інде расталды. Оның екеуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді.

 

20170227 125527Басқарма басшысының айтуынша, аталған мекеме жабық мекеме болып табылады және ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарамағына кіреді. Бұл мекемеде сихоневрологиялық ауруларға шалдыққан 502 науқас тіркелген. 

1-ақпаннан бастап туберкулезге шалдыққан науқастарды орталықтың басқа пациенттерінен оқшаулау жүргізілген. 

– Науқастар Сарыағаш аудандық туберкулезге қарсы диспансерге ауыстырылып, ондағы контингент Арыс қаласындағы мекемеге көшірілді. Қос мекеменің де ғимараты жөндеуден өткізіліп, барлық медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен толықтай қамтамасыз етілген. Қосымша физиатр, психиатр дәрігерлерді де бекітіп қойдық, – деді Мұқан Кеңесбекұлы. 

Айта кету керек, былтыр Түркістандағы аталған мекеме қоғамдық резоннанс тудырған болатын. Денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сүйенсек, жұмыс орнында салақтық танытқаны үшін барлық кінәлілер жазаға тартылып, бес адам қызметінен босаған. 

Былтырғы жағдай қайталанбас үшін Денсаулық сақтау басқармасы ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты барлық мамандандырылған жабық мекемелерді тексеру үстінде. Алдын ала нәтижелер бойынша, бұдан Көксәйек елдімекеніндегі №3 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығында туберкулезге шалдыққан 7 науқас анықталған. Алдағы уақытта 22 білім беру мекемелерінде де (саңырау балаларға арналған мектеп-интернаттар және т.б.) толыққанды медициналық тексеру жүргізу қажеттігін ұсынуда. Мұндай шаралар Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық мамандандырылған мекемелердегі хал-ахуалды зерделеуге мүмкіндік бермек.

Опубликовано в Әлеумет
Среда, 22 Февраль 2017 04:07

Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды

Оңтүстікқазақстандық 32 компания «жалған кәсіпкерліктің» зардабынан құтылды. Олардың қатарында «SКАТ» және «Шымкентмұнай өнімдері» компаниясы да бар. Бұл туралы ОҚО Кәсіпкерлік палатасында өткен брифингте ОҚО КП директорының орынбасары Ғазизбек Натбаев хабарлады.

20170220 162246

– Алматылық Е.Минаковтың компаниялары және «Alma Оіl Еnеrgy» ЖШС-і «жалған кәсіпкерлік» бабы бойынша айыпталып, Алматы қаласы, Алмалы аудандық соты олармен жұмыс істеген Оңтүстіктің 46 кәсіпкердің 793 млн теңге көлеміндегі қосымша құн салығын төлетуге шешім шығарған еді. Яғни, кәсіпкерлер мемлекеттік қазынаға 2 млрд теңгені құрайтын салықты екінші рет қайта төлейді делінген. Бұл іске ҚР Кәсіпкерлердің мәмілелер және құқын қорғау жөніндегі уәкілетті маманы Болат Палымбетов араласып, кәсіпкерлердің өтінішімен Бас прокуратураға хат жолдады, – дейді ол.

Бас прокурор Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотына қарсы іс жүргізу заңы бойынша тәртіп бұзылып, сот Е.Минаковтың пайдасына шешім шығарғаны және үшінші тұлға (кәсіпкерлердің) құқығы бұзылғанын көрсетіп, наразылық үкімін шығарды. Нәтижесінде, Салық комитетінің тексеруімен ОҚО-ға теміржол көлігімен 5 млрд 134 млн теңгегі құрайтын 50 мың тонна жағармай қабылданғаны анықталды. Әуетасымалдаушы «SKAT» компаниясы да жағармайсыз ұшпағаны анық. 

– Салықты дер кезінде төледік. Бірақ, «жалған кәсіпкердің» келтірген зардабынан екінші рет тағы шығынға ұшырай жаздадық, – дейді жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров. – Дегенмен, кәсіпкерлердің адал еңбегін ескеріп, құқығын қорғауға ықпал еткен Болат Палымбетовке және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына алғыс білдіреміз. Біздің, яғни кәсіпкерлердің осылай арыз-шағымын айтып, құқығын талап ете алатын алаңның бары қуантады.

Опубликовано в Экономика
Пятница, 10 Февраль 2017 04:40

198 арыз бітімгершілікпен шешілген

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов Орталық коммуникациялар қызметінің ОҚО филиалындағы брифингте мәлімдеді.

sharipov sot

Н.Шәріпов шара барысында 2016 жылы сот жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат бере отырып, биыл қылмыстық істердің азайғандығын, ал, бас бостандығынан айыру 22%-дан 24%-ға өскендігін атап өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа және соған байланысты қолданылып жатқан жазаларға тоқталды. Мысалы, oсындай айыппен былтыр 81 адамға қылмыстық іс қозғалып, оларға бас бостандығынан айыру және еселенген тәртіптегі айыппұл салу жазасы қолданылған. 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық істер бойынша 270 млн 918030 теңге айыппұл салынған. Қараша айына дейін оның 93 пайызы төленген.

Брифинг барысында бұдан басқа қасақана жасалатын алаяқтық және абайсызда орын алатын жол апатының өршіп тұрғанын айтты. Одан кейін Елбасының бес басымдықтан тұратын «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы мен өзектілігін айта келе, медиативтік немесе партисипативтік рәсімдерді қолдану арқылы келісімге келтіруде қол жеткізген жетістіктерді атап кетті. 

– Сот дауларын шешудің балама тәсілдерін, соның ішінде татуластыру рәсімдері мен медиация заңын қолдануға байланысты жұмыстар одан әрі жалғасып жатыр. Есепті мерзімде бітімгершілікпен 198, медиация тәртібімен 1567 арыз шешімін тапқан. Осы мақсатта облыс әкімдігі мен облыстық Ассамблея хатшылығының қолдауымен облыс әкімі жанындағы Қоғамдық келісім мекемесінде Республикада бірінші болып, медиация кабинетін аштық және бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде қолдау тапты, – деді Нұрсерік Шәріпов.

Опубликовано в Қоғам
Среда, 21 Декабрь 2016 05:12

Еліміздегі ең жайлы шаһар

Бұл – қазақстандықтардың қалауы. Тәуелсіз сарапшылар жүргізген сауалнамада қазақстандықтардың басым бөлігі Шымқаланы жайлы шаһар деп тапқан.

IMG 20161215 150606

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің жылдық қорытынды есебін осы жағымды жаңалықпен бастады. 

– Ол рейтингті біз жасаған жоқпыз. Ешкімге тапсырыс та берген жоқпыз, өтініш те жасаған жоқпыз. Үлкен тосын сый болды. Сондықтан барлығымыз «ең ыңғайлы қалада тұрып жатырмыз» деп мақтанып қойсақ болады, – деді. 

Ұлы Жібек жолы бойында жатқан көне қаланың 25 жылда ауқымы кеңейіп, экономикасы өсті. Жасыл қаланың бас жоспары бекітіліп, аумағы 117 мың гектарға жетті. Іргелес жатқан үш ауданнан 40 елді мекен қаланың қарауына өтті. Сөйтіп халық саны да миллионға жуықтады. Шаһар бюджеті 1994 жылы 1 миллиард теңге болса, бүгінде 110 миллиард теңгеге жеткен. Инвестиция 200 миллиард теңгеге өскен. 75 мыңға жуық кәсіпкерлік субъект бар. Ширек ғасырда 4 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Ел экономикасының өсуі мен еңбекқор халықтың атқарған жұмысының арқасында қала еліміздегі алып мегаполистер қатарына кірді. 

Қалада 1991 жылы 72 білім ұясы бар болса, қазір 169 мың оқушысы бар 129 мектеп жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде. Ал балабақша саны 129-дан 383-ке артып отыр.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыстар қолға алынып, қала әкімі аппараты мен бөлімдерде «Ашық әкімдік» бағдарламасы енгізілді. Бағдарламаны іске асыру үшін «фронт офис» (бірыңғай кеңсе) құрылды. Енді тұрғындар ешқашан ешкім көтермейтін телефондарға қоңырау шалып әуреленбейді. Не мәселесі болса да, бірден «фронт-офиске» барады. 

2000 жылдардың басында қалада жұмыссыздық деңгейі 17,2 пайыз болса, халық саны екі есеге өскеніне қарамастан жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап, аталған көрсеткіш жыл сайын төмендеп келеді.

Суретті түсірген
М. ШАҒЫРБАЕВ

Опубликовано в Қала
Среда, 16 Ноябрь 2016 05:49

Газдан уланып қалмаңыз!

Орталық коммуникация қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының қатысуымен брифинг өтті.

DSC 0384

Улы газбен уланудың алдын алу бойынша сөз алған ОҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Жүнісов мынадай мәліметтерді алға тартты: 

– Жыл сайын алдын алу шаралары жүргізілуіне қарамастан, 2016 жылдың басынан бері ОҚО бойынша жылыту маусымында улы газбен уланудың 29 оқиғасы тіркелді, 76 адам зардап шекті, оның ішінде 28 адам қайтыс болды. Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген оқиғалар, зардап шеккендер мен қайтыс болғандардың саны 3,5 есе өсіп отыр. 

Өкінішке қарай, қайтыс болғандардың ішінде жасы 1-8 аралығындағы 9 бала, 16 жасар 1 қыз бар. Тіркелген 29 оқиғаның ішінде 25 оқиға жеке тұрғын үйде, қалған 4-і көпқабатты үйлерде орын алған. Оның 21-і – табиғи газбен улану, 8-і – қатты отын пайдаланатын пештерді қолданғанда орын алып отыр.

Сала мамандарының айтуынша, уланудың себептері – жарамсыз пеш қалдықтарын пайдалану, атап айтқанда, жылыту жүйесін өз бетінше орналастыру, сонымен қатар тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларының бұзылуынан туындап отыр. Сондай-ақ улы газбен уланған оқиғалардың басым бөлігі ұйқыда жатқан кезде орын алған. 

Қазір тұрғындар екі есе қырағы болуы керек, себебі, жылыту құралдары қосылған электр тораптарына екі есе күш түседі. Қолдан жасалған жылыту құралдарын пайдалану, пештердің ақаулығы өрт шығуына себеп болып, улы газбен улану оқиғаларына алып келуі мүмкін. Сонымен бірге мамандар төтенше жағдайдың алдын алу үшін сертификатталған электр құралдарын пайдалануға, электр желілерін тек қана білікті маманға жөндетуге, жылыту пештерін уақытылы тексертуге және жөндеуден өткізіп тұруға, ересек адамдардың қарауынсыз жас балаларды қалдырмауға кеңес береді. Алғашқы өрт сөндіру құралдары туралы да ұмытпаған абзал.

Опубликовано в Саясат

ОҚО Аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифингте «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бас директоры Олжас Тоғаев тауар өндірушілер вэб-порталының іске қосылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

brif

Жауапты маманның айтуынша, отандық тауар өндіруші кәсіпорындардың өнімдерінің өтімділігін жоғарылату, қолжетімділігі мен сұранысты арттыру мақсатында облыс әкімінің бастамасымен «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бірегей жоба www.ondiris.kz тауар өндірушілер вэб-порталы жұмыс істей бастады.
ONDIRIS.KZ – бұл меншік нысаны мен түрлі салалар бойынша тауар өндірушілер және кәсіпорындардың базасын біріктіреді. Мұнда әрбір қалаған кәсіпкер аймақтарды жіктеу фильтрі арқылы, өзіне қажетінше контрагент таба алады: өнім беруші, сатып алушы, тұтынушылар, компаниялар мен түрлі саладағы фирмалар.
Веб порталға өзі туралы мәліметтерді орналастыру кәсіпкерлер үшін тегін. Қазіргі таңда порталда ОҚО бойынша негізгі 14 салалық бағытта 1000-нан аса отандық тауар өндірушілердің профильдері, 2 мыңнан астам тауарлар орналастырылған. Сондай-ақ, негізгі порталмен қатар, жуық арада ONDIRIS.KZ мобильдік қосымшасы іске қосылып, жылына екі рет арнайы ONDIRIS.KZ журналы басылып таратылатын болады. Аталмыш қосымшаны смартфонға Android және iOS платформаларынан жүктеп алуға мүмкіндік туады. Мобильдік қосымша өз кезегінде әрбір қолданушыға кез келген уақытта жеке профильде ыңғайлы жұмыс істеуге септігін тигізбек.

Опубликовано в Саясат

Қазанның 6-7 күндері Шымкент қаласында өтетін «Ontustik Tourism-2016» халықаралық туристік форумына 250 шетелдік (10-нан астам елден) және қазақстандық қонақтар келмек. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мәлік Жүйріктаев хабарлады.

forum

Сондай-ақ брифингке «ОҚО туризм индустриясының дамыту» орталығы қауымдастығының жетекшісі Гүлмира Ақбердиева және «Ontustik Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы директорының орынбасары Олжас Шынтаев қатысты.

Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, форум аясында «Оңтүстік Қазақстан облысы – Жібек Жолының жүрегі» тақырыбындағы бизнес-конференция мен «Silk Way Tourism Fair» туристік көрмесі, сонымен қатар, облыс бойынша ақпараттық турлар ұйымдастырылады.

– Туризм мен қонақжайлық қызмет саласында іскерлік қатынастар орнату және дамыту мақсатында ұйымдастырылып жатқан форумда қатысушылар үшін әлеуетті бизнес-серіктестермен кездесулер өткізіліп, меморандумдар түзіледі деп күтілуде. Сонымен бірге, «ONTUSTIKTOURISM-2016» туризм шарасында туристік және қонақүй бизнесі саласындағы отандық және халықаралық сарапшылардан қажетті кеңестер алуға мүмкіндік туады, – деді О.Шынтаев.

Опубликовано в Саясат
Пятница, 09 Сентябрь 2016 05:22

Ел қазынасына – 5,3 млрд теңге

«Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындар 6 жылда 77,84 млрд теңгенің өнімін өндірген. Тиісінше, мемлекет қазынасына қосқан қаржысы – 5,3 млрд теңге. Ал облыстағы индустриалды аймақтардын жалпы көлемі 976 гектарға жетіп отыр. Бұл туралы "Оңтүстік" индустриалды аймақ дирекциясының бас директоры Мұхтар Тұрабеков БАҚ өкілдеріне арналған брифингте мәлім етті.

brifing

Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында құны 77, 95 млрд теңге 80 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. 6347 жұмыс орны ашылыпты. Биыл 656 жұмыс орнына арналған 17 инвестициялық жобаны іске асыру көзделсе, келесі жылы 24 жобаны іске асыру жоспарда. Оған сәйкес, 2602 жұмыс орны ашылады.
Директордың айтуынша, облыстағы жеті өңірде – Мақтарал, Созақ, Қазығұрт, Шардара, Бәйдібек, Түлкібас ауданында, Түркістан, Кентау қаласында индустриалдық аймақ құрылып, жұмысын бастаған.
– ОҚО – индустриалды аймақтардың саны мен сапасы бойынша елдегі көшбасшы өңір. Осы жылдың соңына дейін 24 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның 17-і – «Оңтүстік» ИА-да, 7 жоба қалалар мен аудандарда. 84 жоба 2017 жылы іске асады. Әзірге, Сарыағаш, Отырар ауданында, Арыс қаласында іске қосылған жоқ. Бұл өңірлерде құжаттарды зерделеу жұмыстары қолға алынған, – дейді ол.
Сондай-ақ, қазір өңірде әлеуетті «Тассай» және «Бадам» аймақтарының құрылысы аяқталуға таяды. Оның көлемі – 262 га. Жылдың соңына дейн индустриалдық аймақтардың санын 11-ге жеткізу көзделіп отыр.

Опубликовано в Экономика

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалына жыл басынан бері 185 жазбаша, 376 ауызша арыз түскен. Осы аралықта 82 адам қабылдауға келген. Арыз-шағымдардың дені – жер учаскесі және тұрғын үй алу мәселесі, коммуникациялық, азаматтық алуға жәрдем беру, жұмыс орнының сақталмауы, т.б.

13872925 1099291343450279 8504248563229604387 n

Бұл туралы партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов БАҚ өкілдеріне арналған брифингте мәлімдеді.
Өмірзақ Пердебекұлы партия филиалы тарапынан 6 айда атқарылған жұмыстардан құлағдар етті. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру партияның негізгі міндеттерінің бірінен саналады. Бұл бағытта тиісті жұмыстар қолға алынған. Осы тапсырманың орындалуы барысында қазіргі уақытта партияның Шымкент қалалық филиалында 3 бағыт бойынша комиссия құрылып, жұмыс істеуде.

Опубликовано в Саясат
Пятница, 03 Июнь 2016 05:40

Қала халқының өсімі байқалады

Шымкентте жыл басынан бері  97,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,7 млн теңгені құраған. Сондай-ақ, пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 135,6 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,2 пайызға артты. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Г. Құрманбекова мәлім етті.

13335772 985840708198935 5465551357093288592 n

Гүлжан Мамытқызының айтуынша, биылғы жылдың 1-ші мамырындағы статистикалық мәлімет бойынша, қала халқының саны 893,8 мың адамды құрап, 4,2 пайызға артқан. Сонымен қатар, өзі жеткшілік ететін жасайтын әлеуметтік бағдарламалар саласына да тоқтала кетті. Г. Құрманбекова өз есебінде түрмеден шыққан және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесі туралы баяндады. Бұл ретте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанынан «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» мекемесінің құрылғанын айтып өтті. Жыл басынан бері жазасын өтеп шыққан 234 адам жұмыс іздеп, өтініш жазса, соның 61-і жұмысқа орналастырылған. Бұдан бөлек, мүгедектерді жұмыспен қамтудың 3 пайыздық квотасы бойынша, биыл 341 азамат жұмыспен қамтылады деген жоспар бар. Мүмкіндігі шектеулі 51 азамат жұмысқа орналастырылды.

Баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Елбасының Ұлт жоспары бес институционалды реформасын жүзеге асырудағы «100 нақты» қадамның орындалу барысын баяндады.

Опубликовано в Қоғам
Страница 2 из 3