Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Оңтүстіктің үздік терапевт, хирург, акушер-гинеколог, педиатр, ауыл дәрігері анықталды. «Түркістан» сарайында өткен салтанатты жиында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін табыс етіп, ақ халатты абзал жандарды төл мерекесімен құттықтады.

DSC 212900

Бүгінгі таңда медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы 65 пайыз жабдықталып отыр. Ал жедел медициналық көмек бригадаларының саны 173-тен 187-ге артып, жоғары инновациялық технологияларды ендіру көлемі 2141-ге дейін өскен. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласында 29 мыңнан астам адам қызмет етеді.

DSC 21290

Салтанатты жиында «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін алғандардың бірі облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі – Алмат Байсалов. Ол Израильде бір жыл білім алып, Ресей мен Польшада біліктілігін жетілдірген. Жуырда ғана жүрек ақауымен жарық дүние есігін ашқан сәбиге ота жасап, екінші өмір сыйлады. Осы еңбегі еленіп, өңір басшысының қолынан арнайы марапатқа ие болды. Бұдан бөлек 30-ға жуық дәрігер түрлі номинациялармен марапатталды.

Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 13 Май 2016 05:29

Майдангерге құрмет көрсетті

Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов Ұлы Отан соғысы ардагері Алтыбай Бабаевтың үйіне барып, қарт майдангерді мерекемен құттықтады.

murataliqalmurtaov

– Сіздер соғыс және соғыстан кейінгі жылдары қажырлы еңбектеріңізбен бүкіл халықтың құрметіне бөленіп, кейінгі ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Мұны әрбір өскелең ұрпақ мәңгі жадында сақтайды, әрдайым ардагерлерді сыйлап, оларға қамқорлық көрсетеді, – деді Мұратәлі Оразалыұлы ардагерге ұзық ғұмыр, зор денсаулық және отбасына амандық тілеп.
92 жасқа келген ардагер өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Сұрапыл соғысқа бозбала шағында аттанған қарт жауынгер Ұлы Жеңісті қарсы алғаннан кейін аман-есен елге оралады. Бірқатар жауапты қызметтер атқарып, еліміздің еңсе тіктеуіне елеулі үлес қосады. Бүгінде жұптасқандарына 70 жыл толған жұбайы Айша Бабаева екеуі көптеген немере, шөбере сүйіп отыр.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 13 Май 2016 04:40

Ерен еңбек елендi

Шымкентте Отан қорғаушылар күні салтанатты түрде аталып өтті. «Түркістан» сарайында мерекелік жиынға қатысқан облыс әкімі Б. Атамқұлов барша оңтүстікқазақстандықтар мен жауынгерлерді мерекемен құттықтады. Өңір басшысы еліміздің Ұлттық әскерінің айбыны арта беруіне жылы лебізін білдірді.

– Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқару – Отан алдындағы кез келген азаматтың парызы. Біз бүгін ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы жауынгерлерінің рухының алдында тағзым етіп, бас иеміз. Сіздер әскер сапында ел тыныштығын күзетіп, жауапты қызмет атқарасыздар. Сондықтан елдік пен қаһармандықтың үлгісін көрсетіп жүрген азаматтарымыздың еңбегі қашанда бағалауға лайық, – деді Б. Атамқұлов.
Мерекелік жиында қорғаныс саласына еңбек етіп, өзіндік үлес қосқандарға арнайы төсбелгілер табыс етілді. Ел қауіпсіздігі үшін қызмет еткен 20 азамат «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және ОҚО әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрінің «Мінсіз қызмет үшін» медалімен марапатталды. Іс-шара театрландырылған көріністер мен ән кешіне жалғасты.

Опубликовано в Әлеумет

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы тарихта небір зұлматты жылдар мен  қанды қырғындарды бастан өткеріп, бүтіндей бір ұлттың жойылып кетуіне жол бере жаздаған қаншама сұрқия саясат пен арамза әрекеттерді бастан өткерді. Солардың  «ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен» ең бір қайғылы кезеңдері  Ұлы Отан соғысымен байланысты. Гитлердің жер бетінде тек асыл текті неміс халқы ғана өмір сүруі қажет деп, өркөкіректік пен шектен шыққан менмендікке бағытталған зұлым саясатының салдарынан тұтанған алапат соғысқа тек қазақ жерінен ғана  аттанған 350 мың қазақ қайтып еліне оралмады. Олар сұрапыл соғыс жылдарында Отанын, туған жерін жаудан жанқиярлықпен, асқан ерлікпен қорғай білді. Нәтижесінде 500 қазақстандық жауынгер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атанды. Олардың 98-і қазақ ұлтының өкілдері.

KoshkarbaevОсы соғыста жан-алысып, жан беріскен Отанының жолында жанын құрбан еткен есіл ерлердің ерлік істері мәңгілік халық жадында сақталары сөзсіз. Бұл соғыстың қаншама халықтар үшін, қаншама елдер үшін зарлы болғаны соншалық оның зардабы соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да ұмытыла қойған жоқ. Қайта керісінше, осы соғыспен байланысты бұрын бұрмаланып келген немесе тиісті деректердің жоқтығынан мүлдем кереғар түсінік қалыптастырып келген көптеген фактілердің беті ашылып, көптеген жауынгер азаматтардың еленбей келген ерліктері тарихтан лайықты орнын алды. Өкінішке қарай жоғарыда келтірілген деректер Ұлы Отан соғысына қатысып, батыр атанған қазақ азаматтарының бізге белгілі болғандары ғана. Жалпы қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысы батырларының қатарында Кеңестік жүйенің шовинистік сұрқия саясатының кесірінен ерлігі дұрыс бағаланбай, көпшілік арасында талай тартыс тудырып келген асыл азаматтардың бірі - Рақымжан Қошқарбаев.
Ұлы Отан соғысында рейхстагқа ту тігіп, алғаш рет ұлы жеңістің жалауын желбіреткен батырдың ерлік істері өзге ұлттарды кемсітіп, тек өзінің ғана жетістігін насихаттап үйренген Кеңестік өркөкірек өзімшіл жүйенің сол кездегі билік басындағы шолақ белсенділері жоққа шығарып келді. Ал шындығында халқының даңқты ұлы Р.Қошқарбаев соғыста қандай ерлік жасаған еді?
Бұл жөнінде «Түркістан» басылымына жазған мақаласында Көлбай Адырбекұлы былай дейді: «Шындық қап түбiнде жатпайды». Рас сөз. Мiне, Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа бiрiншi болып ту тiккенi анықталып отыр. Бұл ерлiгi жайында кезiнде Қошқарбаевтың өзi де жазған болатын. Ұлы Жеңiстiң 20 жылдығында соғыс ардагерлерi Мәскеуге шақырылған. Сонда грузин Кантария 150-шi дивизияның Рейхстагқа тiгiлген туын Қызыл алаңға ұстап шығады. Сол топта Рақымжан Қошқарбаев та болған. Ол Кантарияның қолынан туды жұлып алып: «Бұл туды Реихстагқа бiрiншi мен тiккенмiн»,- деген. Шындықты бiлетiндер оған қарсы келмейдi. Қошқарбаевтың сол туды көпшiлiктiң ортасында ұстап тұрған суреті қазiр бар. Соғыс ардагерi Зекен Темiрғалиев 1962 жылы Ялтада дем алған екен. Шипажайдың мәдени қызметкерлерi оларды Ставропольға алып барып, соғыс мұражайымен таныстырады. Мұражай қызметкерi Рейхстагқа ту тiккен Егоров пен Кантария деп екеуiнiң суреттерiн көрсетiп жатқанда топ iшiнен оралдық Тәшкенбаев деген ардагер орнынан тұрып: «Бұл мәлiмет қате. Егоров пен Кантариядан бұрын туды Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов тiккен. Сол кезде мен 150-шi дивизияның байланыс бөлiмiнiң бастығы едiм. Дивизия командирi генерал Шаталов 30 мамырда 1-Белорус майданының қолбасшысы Жуковқа Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатовтың Рейхстаг қабырғасына ту тiккенiн хабарлады. Жуков қатты ашуланды: «Неге қайдағы бiр азиаттарға ту тiккiздiң? Ертең қалайда бiр орыс пен бiр грузин Рейхстагқа қайта ту тiгетiн болсын», - деп бұйрық бергенiн өз құлағыммен естiдiм. 1 мамырда фашистер аса күштi қарсылық көрсетпедi. Өйткенi, капитуляцияға келiсуге көнген едi. Сол күнi Егоров пен Кантария көп қиындықсыз Рейхстаг үстiне ту тiктi. Қысқасы, оларға сондай мүмкiндiк қолдан жасалынды», - дедi.
Сол кездегi майдан газеттерi осы оқиға туралы мақалалар жариялайды. Онда Қошқарбаев пен Болатовтың ерлiгi де айтылған. Олар 300 метр жердегi фашизм ұясы - Рейхстагқа бораған оқ астынан 7,5 сағатта әзер жетiптi. Григорий Рақымжанды иығына шығарып, туды Рейхстаг қабырғасына неғұрлым жоғары тiккiзгенi өте қиынға түскенi анық. Бұл өлiмге бастарын тiккенмен бiрдей iс екенiне ешкiмнiң де таласы бола қоймас. Содан кейiн-ақ, немiстердiң мысы басылып, ендiгi қарсыласу ешқандай да ақылға сыймайтынын түсiнсе керек. Кеңес Үкiметiнiң басшылары бұл соғысты Ұлы Отан соғысы деп жариялады. Барлық ұлтты сол Отанды қорғау үшiн күреске шақырды. Отан бiреу деген ұғымды саналарына сiңiрдi. Қазақтар да сол үшiн жан аямай шайқасты. Ерлiктiң үлгiсiн көрсеттi. Бiрақ сол ерлiктi бағалауға келгенде Кеңес Үкiметiнiң басшылары нәсiлшiлдiкке, кемсiтушiлiкке бой алдырды. Рақымжан Қошқарбаевтың кезiнде бағаланбай қалған ерлiгi соның мыңнан бiр дәлелi. Белгiлi жазушы Борис Горбатов: «Герой штурма Берлина» деген естелiгiнде: «Пора кончать сравнивать наших войнов на орла и беркута. Какой орел, беркут может сравняться на казаха Кошкарбаева, который на моих глазах водрузил Знамя Победы над Рейхстагом, несмотря на сильный и ураганный огонь немцев»,- деп жазды. Көзi көрген жанның осы жазғандарынан артық қандай дәлел керек?!», дейді мақала авторы.

photo

Ал «Қазақ әдебиеті» басылымының 2006 жылдың сәуір айының 28-індегі нөмірінде басылған «Рейхстагқа тұңғыш ту тіккен» деген мақалада мынадай жәйттер келтірілген. «Американың «Нью-Йорк таймс» газеті 1945 жылдың 1 мамыр күнгі санында «Кеңес қызыл туы Рейхстаг үстінде желбіреді» деген тақырыпта хабар жариялады. Оның соңы былай тұжырымдалыпты: «Кеңес әскері кеше Берлиннің әр үйін ерекше жанкешті шабуылдармен ала отырып, әкімшілік орталығына сүңги кіріп, Рейхстагқа жеңіс туын тікті. Бұл - Гитлердің Кеңес Одағына лап қояр алдында тобырын жинап алып: «Германияның қазір күш-қуатқа молыққаны сонша, енді оны бұдан былай ешқандай да мемлекеттер одағы тізе бүктіре алмайды» деп күпсінген Рейхстагі ғой. Енді орыстардың Берлин қорғанысын құлатуы мен жалпы Германияны тізе бүктіруіне көп қалған жоқ сияқты. Сол от-жалынды күндері Рейхстагта екі жеңіс туының желбірегені белгілі. Біріншісін 150-ші Идрицк дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатов 30-сәуір күні сағат 15-00 шамасында халық туын; екіншісін басқа бөлімнің барлаушылары Егоров пен Кантария 1 мамырда сәске түсте Ставка туын тікті».
Әдетте газеттің маңдайында көрсетілетін датасынан бір күн бұрын дайындалатынын, оның үстіне мына газеттің жер шарының арғы жақ бетінде шыққанын еске алсақ, «Нью-Йорк таймс» газеті 1 мамыр күні шыққан санында қай оқиғаны хабарлаған? Сөз жоқ, алғашқы оқиғаны ғана. Ал кеңес БАҚ-тары бұл оқиғамен оқырмандарын мамырдың 3-інен бастап таныстыра бастады.

Қазақстаннан майданға аттанғандардың саны – 1 млн 200 мың. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11 600 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның ішінде 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып осы атаққа Мәншүк Мәметова мен Ә.Молдағұлова қол жеткізді.

1-ші Беларус майданының командирі, маршал Жуков 1945 жылдың 30 сәуірі күні 15 сағат 30-45 минуттары аралығында екі хабар алады. Біріншісін, яғни Рейхстагқа ту тігілгенін армия командирі, генерал-лейтенант Кузнецов, ал Гитлер мен әйелі у ішіп өлгені жөніндегі екінші хабарды Кеңес Командованиесімен келіссөз жүргізуге келген Германияның Құрлықтағы құрама күші штабының бастығы, генерал Кребс жеткізеді. Қызыл Армияның миллиондаған жауынгерлерінің бірі Рейхстагқа ту тігіп жатқанда миллиондаған бейкүнә жанның өліміне себеп болған, II Дүниежүзілік соғысты ашқан фашизм фюрері жантәсілім етіпті. Мүмкін ол уды Рейхстагқа ту тігілгенін естіген сәтінде жеңілгенін мойындап ішкен шығар.

Оңтүстік Қазақстан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңдай жауынгер аттанған. Олардың жартысына жуығы туған жерге оралмады. Оңтүстікқазақстандықтар қатарынан 51 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, сегіз адам «Даңқ» орденінің толық иегері атанды.

Міне, осылайша ерлігі өзі өлгеннен кейін де талай-тартыс тудырған есіл ер 1924 жылы Ақмола облысының Ақмола ауданында туған. 1942 жылы әскер қатарына алынып, соғыстан кейінгі жылдары азат етілген аумақтағы әскерлердің құрамында қызмет еткен. Ал 1964-1967 жылдары Ақмола облысының атқарушы комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі басқармада инспектор болған. Ал 1967 жылдан бастап, «Алматы» қонақ үйінің директоры қызметін атқарды. «Қызыл ту», «1-ші дәрежелі Отан соғысы» ордендері мен «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», медальдарының иегері. Рейхстагқа ту тіккені үшін «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің иегері болды. Ал 2001 жылы «Халық қаһарманы» атанды.

Д. Төлепбекова,
журналист
(Материал ықшамдалып алынды)

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 06 Май 2016 10:20

Ардагерлер құрметке бөленді

Жеңіс күні қарсаңында Еңбекші ауданы әкімдігі ардагерлерге құрмет көрсетті. 200 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне «Наурыз 777» мейрамханасында мерекелік дастархан жайылды. Аудан әкімінің орынбасары Д. Амангелдиев қарияларға жылы лебізін білдірді.

zhenis-logo

– Ұлы Жеңіс елімізге оңайлықпен келген жоқ. Бүгінде майдангерлер қатары күннен-күнге сиреп бара жатыр. Сондықтан сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, елін қорғаған ардагерлерімізге құрмет көрсету – біздің басты мақсатымыз және негізгі міндетіміз. Біз олардың әлеуметтік жағдайын үнемі назарда ұстаймыз. Қарттарымызды қалай ардасақтасақ та артық емес, – деді Д. Амангелдиев.
Жұртшылықпен жүздескен майдангерлер қаруластарының ерлігі жайында естеліктер айтып, бүгінгі бейбіт өмірдің қымбаттығын, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін әңгімеледі. Ал өнерпаздар концерттік бағдарламасын ұсынды. Сондай-ақ ардагерлерге «Жібек жолы», «Кәмшат» дәмханаларында дастархан жайылды.
Еңбекші ауданы бойынша, 29 Ұлы Отан соғысының ардагері, 1 – Ұлы Отан соғысының жесірі, 2314 – тыл еңбеккері бар. Ал 7 қария Ұлы Отан соғысы ардагеріне теңестірілген.

Опубликовано в Әлеумет

Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Ахметәліұлы көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыстады. Марапаттау сәтінде аудан әкімі халық санын көбейтуде ерекше үлес қосқандары үшін алғысын айтып, гүл шоқтарын тарту етті.

Wi1HycxlHDs

Марапатқа ие болған аналардың бесеуіне, яғни, Г. Адахамоваға, Г. Жүнісоваға, А. Қамбароваға, Ж. Тағаеваға және Ш. Трояновскаяға «Күміс алқа» берілсе, ал Гүлвира Халтаеваға «Алтын алқа» табысталды. Г. Халтаева 3 қыз бен 4 ұлдың анасы. 19 жасында тұрмыс құрған ол бүгінгі таңда екі қызын қияға қондырып, бір немере сүйіп отыр. Кенжесі 2 жаста. Бірнеше айдан соң, сегізінші перзентін бауырына баспақ.
– Баланың көп болғаны жақсы, бауырмалдығы артады. Өмірдің қиын сәттерінде бір-біріне демеу бола біледі, – дейді көпбалалы ана.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы бойынша 4192 көпбалалы ана бар. Олардың 436-сы «Алтын алқа», ал 1183-і «Күміс алқа» иегерлері. Жыл басынан бері 8 анаға «Алтын алқа», ал 28 анаға «Күміс алқа» ресми түрде беріліп, құрмет көрсетілді.

Опубликовано в Әлеумет

IMG 20160505 110419

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқаны кезінде белсенді еңбек етіп, зор үлесін қосқан 34 азаматқа алғыс хат табысталды.

Шымкент қалалық «Нұр Отан» партиясының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов және қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров белсенділерге салтанатты түрде құрмет көрсетіп, алғыстарын айтты.
– Біздің партиямыз сайлау барысында халық тарапынан мол сенімге ие болды. Сайлау қорытындысы бойынша, облыстық мәслихатқа 50 депутат сайланса, соның 48-і біздің партиямыздың мүшелері. Ал қалалық мәслихаттағы 29 халық қалаулысының 27-сі «Нұр Отан» партиясының қатарында. Халық билік партиясына және болашақтың жарқын болатынына зор сеніммен қарайды, – деді Ө.Мелдеханов.
Белсенділер «Нұр Отан» партиясы төрағасының, сондай-ақ, партия төрағасының бірінші орынбасары А. Мырзахметовтың, партияның ОҚОФ төрағасы Б.Атамқұловтың және партияның ОҚОФ төрағасының орынбасары Б.Қыстауовтың арнайы алғыс хатына ие болды.

Опубликовано в Саясат
Страница 5 из 5