Среда, 26 Апрель 2017 09:38

Төтенше жағдайдың алдын алуда

Шымкентте су тасқынының алдын алу жұмыстары жыл басынан-ақ қолға алынып, жүйелі түрде жүргізілгендіктен бүгінге дейін қала аумағында төтенше жағдай тіркелмеді.

IMG 20170306 104121

Биыл тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан қаланың қауіпті 22 мекенжайға жалпы ұзындығы 13 026 м жерге жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып қала бюджетінен қаржы қаралған. Қала аумағындағы 18 өзен мен каналдарды тазалау жұмыстарына 140 млн теңге қаражат бөлінген. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мадияр Жақсыбаев ирригация жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынғанын айтты. 

– Қала аумағында су басу қаупі бар «Маятас», «Тоғыс», «Шапырашты» елдімекендерінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Еңбекші аудандарына қарасты «Бадам» өзенінің жағалауында нығайту жұмыстары атқарылды. Ал «Қошқар ата», «Қарасу», «Жаңа шек», «Шымкент», «Ақсай-Қарабастау» өзен, каналдардың арналарын механикалық жолмен 4,7 шақырым, қолмен 16,4 шақырым жері тазаналанды. Алты аумақта орналасқан автожолдар бойындағы өткелдер тұрақты түрде тазалануда, – дейді басқарма бастығы.

IMG 20170306 113940

Шымкент қаласы аумағында жауын-шашынның селдің салдарынан пайда болған су жиынтығынан көше-көшені «ЛТД-Тұрмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек-ЛБ» және «СМД-құрылыс» ЖШС-лері тазартты. Бұл жұмыстарға «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің 6 су сорғыш машинасы, 6 мотопомпа, 2 эксковатор, 1 трактор, 6 жүк машинасы, 5 бригада 68 жұмысшысы жұмылдырылды. Ал мұндай жұмысшы топ «Югдорсервис» ЖШС-інде 2 су сорғыш машинасы, 3 мотопома, 85 адамнан құралған. «Бәйтерек-ЛБ» ЖШС-нің 1 су сорғыш машинасы, 4 мотопома, 4 жүк машинасы, 62 жұмысшысы, ал «СМД-құрылыс» ЖШС-нің 2 су сорғыш машинасы осы бағытта қызмет етеді. 

Мадияр Есенгелдіұлының айтуынша, бұл 13 мотопомпа мен 11 су сорғыш машиналарынан бөлек, жыл басында қала бюджетінен 20 дана мотопомпа сатып алынып, ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық коммуналдық мекемелерге пайдалануға берілген.

Опубликовано в Қала
Страница 2 из 2