Среда, 28 Февраль 2018 03:57

Тұрақты қордың тауары арзан

Шымкентте тұрақты қордың азық-түлігі еркін сатылуда. Әлеуметтік маңызды тауарлар тек жәрмеңкелерде ғана емес, ірі сауда орталықтары мен қала базарларында да сатылуда.

Күнделікті қажет тауарларды әзірлеп, сатумен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы айналысады. Тұрақты қордан бөлінген, азық-түлік тиелген көліктердің жанынан адам үзілмейді. Оның негізгі себебі – мұндағы азық-түлік арзан сатылуда. Мысалы, картоптың 1 келісі - 85, пияз - 50, ал құмшекер 170 теңгеден сатылуда.

Айта кету керек, биыл әлеуметтік тауарлар тізіміне алғаш рет сиыр еті де қосылып отыр. Бұл тауар да тек базарлар ғана емес, ірі сауда орталықтарындағы арнайы сауда орындарында сатылуда. Тұрақты қордың азық-түлігі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде де саудаға шығарылады.

Опубликовано в Қоғам

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, 15-16 қазанда Астана қаласында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.

astana

Онда Астана тұрғындары Оңтүстіктің ауыл шаруашылығы өнімдерін арзандатылған бағада сатып ала алады. Сондай-ақ, ОҚО күні аясында түрлі сипаттағы көрмелер ұйымдастырылып, Астананың орталық алаңы шымкенттік өнерпаздардың орындауындағы ән мен жыр кешін тамашалайды.

Бағдарлама аясында 15 қазан күні сағат 18:00-де Астана қаласы «Жастар» сарайында «Оңтүстік жайдарманшылары» жайдарман ойынын өткізеді. Оған «Сырдария», «Байдың балалары», «13-ші аймақ», «Шымкент жастар құрамасы», «Азия International», «Түркістан құрамасы», «Аманат» және «Парасат» сынды командалар қатысады.

Опубликовано в Қала
Среда, 21 Сентябрь 2016 04:42

8 күн жәрмеңке

Шымкент қаласы әкімдігі қала күніне орай бір апта бойы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Қала күні» мерекесіне орай, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен 2016 жылғы 17 мен 24 қыркүйек күндері аралығында Шымкентте бір апта бойы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Қажымұқан атындағы орталық стадионда сағат 9.00-ден 13.00 аралығында арзандатылған бағада сапалы азық-түлік ұсынылады.

Опубликовано в Қоғам
Среда, 07 Сентябрь 2016 04:10

Оңтүстік өнімдері – Павлодарда

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша берілген Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында алғаш рет Павлодар облысында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті.


ontustik zharmenkeОблыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке болашақта өңірлер арасында тиімді серіктестік орнатуға ықпалын тигізбек. ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жәрмеңкеге өңіріміздегі 15-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысқан.

Оңтүстікқазақстандық дихандар көкөніс, бау-бақша мен жеміс жидек өнімдерін жәрмеңкеде нарықтағы бағадан 20-25 пайыз төмен бағада павлодарлық тұрғындарға саудалады. Диханшылардың айтуынша, қойылған барлық ауыл шаруашылығы өнімдері санаулы сағаттарда сатылған. Бұл ең алдымен, ұсынылатын өнімнің сапасы мен тиімді бағасына байланысты. Аталған жәрмеңке Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқын азық-түлікпен, соның ішінде, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде негізгі орталық екенін тағы да дәлелдеді.

Опубликовано в Қоғам