КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҚОЛДАЙДЫ
Пятница, 27 Сентябрь 2024 05:58Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы университетінің колледжінде «АЭС: Жастардың болашақ энергетикаға дайындығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті.
Болашаққа ұзақ мерзімді инвестиция
Пятница, 27 Сентябрь 2024 05:56Шымкент қаласының №20 ауыр атлетикадан ОРМБЖСМ КММ де АЭС салу бойынша кездесу өтті. Жиынға барлығы 60 -қа жуық адам қатысты. АЭС салу еліміз үшін маңызды қадамдардың бірі болмақ. Сондықтан, 6-қазан күні өтетін жалқы халықтық референдумға жаппай қатысу керектігі айтылды.
Оқырманға қалтқысыз қызмет еткен жетпіс жыл
Пятница, 27 Сентябрь 2024 05:53Өркениеті дамыған елдердің қатарына ену үшін технологиялық ізденістерден бұрын кітапхана, театр, музей сынды мәдениет ошақтарын жоғары деңгейде дамыту керек. Бұл бағытта жұмыс жасайтын мамандардың басты мақсаты ұлттық кодты сақтау, кейінгі буынға қазақ өнерін, әдебін ұғындыру емес пе? Мәселен, әлемдік өркениетте кітапхананың алатын орнын ешкім де жоққа шығара алмайды. Осы орайда Шымкент қаласындағы еңселі қара шаңырақтың бірі Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханасының бүгіні мен болашағы турасында айта кеткіміз келеді.
ҚҰРМЕТТІНІҢ ҚҰРМЕТТІСІ
Пятница, 27 Сентябрь 2024 05:52бірақ, атағы жоқ Пірімбетов
Анар Жаппарқұлова қарындасымыз хабарласты. Әл-Фараби атындағы қалалық кітапханасының директоры. Уақытында айтыстың айтулы ақыны болған. Мықты филолог, ғалым. Өтініші бар. Облыс, қала мәдениеті саласында қырық жылдан астам қызмет еткен қадірлі ағамыз Бастарбек Пірімбетовтің «Алыс та жақын жылдарым» кітабының тұсаукесері екен. Көкеміз жетпіс деген белден асты. Үлкен кеш. Құсы біз пақырға түсіпті.
Жаңа маусым – жаңа қойылым
Пятница, 27 Сентябрь 2024 05:50Сан ғасырлардан бері көрермен көңілінен айрықша орын алған, түрлі эмоцияларға бай, адам жанына психологиялық тұрғыда тыныштық сыйлай білетін өнер ордасы, бұл - театр екені айтпаса да, бәрімізге мәлім. Адамның бар жан-дүниесіндегі болып жатқан дүрбелең мен шаттану сезімдерін бір қойылым арқылы ақтарып, шынайы эмоциялар сыйлап, көрерменге ой салу арқылы тәрбие беретін сиқырлы дүние іспеттес.
АЭС - болашаққа ұзақ мерзімді инвестиция
Четверг, 26 Сентябрь 2024 11:58Шымкент қаласының №20 ауыр атлетикадан ОРМБЖСМ КММ де АЭС салу бойынша кездесу өтті. ⠀
⠀
Жиынға барлығы 60 -қа жуық адам қатысты. АЭС салу еліміз үшін маңызды қадамдардың бірі болмақ.⠀Сондықтан, 6-қазан күні өтетін жалқы халықтық референдумға жаппай қатысу керектігі айтылды. ⠀
⠀
№2 қалалық емханасының бас дәрігері, ШҚ мәсілихатының депутаты, «Аманат» партиясы фракциясының мүшесі Бақытжан Позилов АЭС -тің медицина саласында да керектігін айтты.⠀
⠀
- Дәрігер ретінде айтарым қазіргі таңда медицина саласында бүкіл аппараттар электр қуатына тәуелді, зерттеу жұмыстарын электр қуатынсыз жүзеге асыру мүмкін емес екенін жақсы білесіздер. Сондықтан атом электр станциясын салу қажет деп есептеймін. Шымкент қаласы үшінші мегаполис болғанына да бірнеше жылдар өтті. Бізде онкологиялық ауруларды анықтайтын аппарат жоқ, себебі ол аппартты орнатайын десек үлкен электр қуатын талап етеді. Электр қуатымыздың жетіспеуіне байланысты бұл аппаратты орната алмадық және тұрғындарымыз тексерілу үшін Асатан, Алматы қалаларына немесе көрші Өзбекстан елінің Ташкент қаласына баруға мәжбүр болып отыр. Біз электр қуатына да үлкен қаржы төлейміз, егер өзімізде атом электр станциясы салынса эколкогиялық таза қуатқа қол жеткізер едік. Дәрігер ретінде айтарым АЭС азаматтардың денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді. Сіздерді 2024 жылдың 06 қазанында өтетін мемлекеттік маңызы бар АЭС салу бойынша референдумға қатысуға шақырамын,-деді Бақытжан Позилов. ⠀
⠀
М.Әуезов атындағы ОҚУ PhD докторы, энергетика саласының маманы Нұрсұлтан Файз да өз ойын ортаға салды. Ол өз сөзінде халық арасында тарап жүрген дұрыс емес, жалған ақпараттарға⠀сенбеуге шақырды. ⠀
⠀
-⠀АЭС салу бойынша халық арасында зиян екен, қауіптілік жоғары деген жаңсақ пікір қалыптасып отыр. Осыған орай айтарым бұған дейінгі АЭС 2-ші деңгеймен салынса, қазіргі таңда біздің елде салынантын АЭС 3+ яғни, төртінші деңгейде салынады. Бұл дегеніміз қауіптілік деңгейі 0 пайыз яғни қауіпсіз деп айта аламын. АЭС салумен әлем бойынша Ресей, Корея, Франция елдері айналысады. Қай ел салатыны болашақтың еншісінде. Біз қазіргі таңда электр энергиясын көрші елден алып отырмыз, ол электр желілерінің сапасының төмен болуына байланысты адам денсаулығына орасан зиянын келтіреді. Өз елімзден электр қуатын өндіру экологиялық таза және адам денсаулығына зияны жоқ деп айта аламын,-дейді Нұрсұлтан Файз ⠀
⠀
АЭС салыну дегеніміз бұл біздің электр қуатымызды арттыру, ешкімге тәуелді болмау және жұмыс көздерінің ашылуы деп түсінуге болады. Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындарында сала мамандарын дайындау үшін ядролық физика бойынша студенттер білім алуда.
АЭС ИГІЛІГІН БАРША ЖҰРТ КӨРЕДІ
Четверг, 26 Сентябрь 2024 11:57Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйцмдастыруымен Tulip Hаll сарайында АЭС мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті.⠀
⠀
Жиынға мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің техника ғылымдарының кандидаты, доцент Рамиль⠀Ильясов және студенттер қатысты. Жалпы, 200-ге жуық адам жиналған іс-шарада жан-жақты ойлар мен ғылыми дәлелдемелер айтылды. ⠀
⠀
- Атом электр станциясының құрылысы тек энергетикалық қауіпсіздік қана емес, Қазақстанның болашағына арналған ұзақ мерзімді инвестиция. Атом энергиясы әлемдегі ең таза және сенімді энергия көзінің бірі болып табылады. Бұл қазба ресурстарына тәуелділіктен арылу және көміртегі шығарындысын айтарлықтай азайту мүмкіндігі болып табылады. Азаматтардың ел болашағы туралы шешім қабылдауға белсенді қатысуы аса маңызды. Сондықтан бұл мәселе бойынша алдағы республикалық референдумның ерекше мәні бар. Бұған дейінгі АЭС -ның жарылуы адамдарға қорқыныш ұялатқан. Бірақ бұған себеп техникадан емес, адами фактордан болып отыр. Алдағы уақытта сол қателік біздің елде болмайды деп сенеміз. Ақын, Ринат Зайытов өзінің бір сөзінде «АЭС салынады деп қорықпаймын. Жұрт болып дауыс берген соң, салынбай қалама деген қорқыныш бар» деген еді. Сондықтан, АЭС игілігін барша жұрт көру үшін оның құрылысын айтылған, жоспарланған межеде салынуы керек,-дейді Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова.⠀
⠀
Жиын соңында Мәдениет басқармасына қарасты мекемелерден келген қызметкерлер Президенттің бастамаларына қолдау білдіріп, жобаны жүзеге асыруға қатысты өз ұсыныстары мен тілектерін айтты. Сондай-ақ, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін әрбір азаматтың саналы таңдауының маңыздылығы сөз болды.⠀
Парламент депутаттары АЭС салудың маңызын түсіндірді
Среда, 25 Сентябрь 2024 12:41ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің депутаттары Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ұжымымен кездесіп, АЭС салу мәселесін талқыға салды. Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова және Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов елімізде АЭС салудың маңызы, қажеттілігі жөнінде кеңірек әңгімелеп берді.
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп АЭС салуды халыққа түсіндірудің маңызына тоқталып, елімізде бұл салада мамандар даярланып жатқанын атап өтті.
– Қазіргі таңда Парламент депутаттары өңірлерге шығып, халықпен кездесулер өткізіп жатыр. Бұл ретте ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Әлемнің көптеген елдерінде атом реакторлары жұмыс істеп тұр. Жалпы болашақта энергетикалық тәуелділіктен арылу үшін біздің елімізге де АЭС қажет. Бүгінде атом энергетикасы саласында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 1800-ге жуық азамат осы салада білім алуда. Мамандар даярлау қолға алынған. Сол себептен біз де көштен қалмауымыз керек. Барша ел азаматтарын жалпыұлттық референдумге белсенді қатысуға шақырамын, – деді Н.Жүсіп.
Ел экономикасын әртараптандарыу үшін, энергетикаға тәуелділікті жою үшін жаңа бастамалар қажет-ақ. Соңғы жылдары энергия тапшылығы сезіліп жатыр. Жылу энергия орталықтарының тозу көрсеткіші артып келеді. Сенат депутаттары Н.Бекназаров, А.Қапбарова, Мәжіліс депутаты Д.Исабеков, қала мәслихатының төрағасы Б.Нарымбетов АЭС салу қажеттіліктен туындаған бастама екенін жан-жақты түсіндіріп берді.
Еліміз энергетика саласының маңызды кезеңінде тұр. Парламент депутаттары ендігі кезекте азаматтарды белсенді болуға шақырды. Сондай-ақ, депутаттар жиын соңында жастардың АЭС мәселесіне қатысты көкейдегі сауалдарына жауап берді.