АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ СЕКТОРЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІНДЕ ТҰРМЫЗ
Среда, 02 Октябрь 2024 04:42Қазіргі таңда әлем мемлекеттері энергия тапшылығын болдырмаудың негізгі тетігін қалыптастыруға атсалысып жатыр. Атом электр станцияларын салып, болашаққа қадам басуда.
БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ ӨТТІ
Среда, 02 Октябрь 2024 04:41Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтың төрағалығымен өткен жиынға прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да бақылау-қадағалау органдарының, кәсіпкерлер палатасының, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, кәсіпкерлер қатысты.
ШЫМКЕНТТЕ 10 ЭЛЕКТР ҚУАТТАУ СТАНЦИЯСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Среда, 02 Октябрь 2024 04:40Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету – жергілікті биліктің алдында тұрған аса маңызды міндет.
«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖОҒАРЫЛАУЫНА МҮМКІНДІК КӨП»
Среда, 02 Октябрь 2024 04:39Ел арасында мемлекеттік қызметші болу үшін танысың мықты болу керек не болмаса қалтаң қалың болу керек дейтін түсінік әлі де бар. Әрине, бұл қалыптасып қалған стереотип қана. Соның бірден-бір дәлелі – Түлекбаева Амаля Айдарбекқызы. Амаля Айдарбекқызы 1993 жылы 23 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ата-анасының қызмет ауыстыруына байланысты 2005 жылы Шымкент қаласына көшіп келген. Шымкент қаласындағы Д.И.Менделеев атындағы №15 лицейін тәмамдаған. Тамыр-таныссыз, өзінің табандылығының арқасында мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе қалыптастырған Амаля Айдарбекқызымен аз-кем әңгімелескен едік.
АПВ-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ НЕЛІКТЕН 11 ЖАСТАН БАСТАП ЕГІЛЕДІ?
Среда, 02 Октябрь 2024 04:38Соңғы жылдары елімізде жатыр мойыны обырына шалдыққан әйелдер саны артып келеді. Онколог-дәрігерлердің мәліметінше, ол дерт сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Оған кеселдің «жасарып», қыз балалар арасында анықталып жатқан жағдайлар жиі кездесіп жүр. Қоғамда онкология десе, қорықпайтын адам жоқ. Сондықтан бүгінде мұның алдын алудың бірден-бір жолы – екпе.
Салауатты өмір салты – маңызды құндылық
Среда, 02 Октябрь 2024 04:37Салауатты өмір салты – адам өмірінің сапасын жақсартуға және ұзақ өмір сүруге бағытталған әрекеттердің жиынтығы. Ол дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, психикалық денсаулықты сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту сияқты маңызды аспектілерді қамтиды. Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылық, сондықтан оны сақтау және нығайту әркімнің өз қолында.
ЗАҢДЫ БҰЗҒАН КӘСІПКЕР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Среда, 02 Октябрь 2024 04:35мәселен, «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 104,7 млн теңге айыппұл салынды
Елімізде кәсіпкерлікпен айналысуға барлық жағдай жасалынғаны, бизнес өкілдері түрлі қолдауларға ие екені мәлім. Қазір бизнестің жолындағы әкімшілік кедергілер, шектеулер мен тыйымдардың көбі қысқартылып тасталған. Дегенмен, бұл бизнесте табысқа жету үшін заңды белшесінен басуға болады сөз емес. Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған қазіргі мемлекеттік саясат заң үстемдігі қағидасын бәрінен биік қойып отырғанын ескерсек, бизнес өкілдері де заң талаптарын бұлжытпай орындауға дағдылануы тиіс.
ШАҒЫН КӘСІПТЕН ОРТА БИЗНЕСКЕ ДЕЙІНГІ ЖОЛ
Среда, 02 Октябрь 2024 04:32кәсіпорын жаңа зауыт ашуды көздеп отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет. Қазір бұл көрсеткіш 7 пайыз шамасында. Жыл басында мен орта бизнесті қолдау үшін нақты шешімдер қабылдау жөнінде тапсырма бердім.