Шымкент қаласындағы GraMaD сауда үйінде сатушылар мен қала тұрғындарына өрт сөндіру және құтқару құралдарын көрсету үшін оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

OrtPoj

Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау онкүндігі аясында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аталып өтті. Қала тұрғындары «Наурыз» алаңында салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды дәріптеуге арналған «Шуақ шашқан әз-Наурыз» іс-шарасын тамашалады.

Nauris-1

ЖОЛ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Пятница, 15 Март 2024 06:06

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалында «Ашық есік күні» өтіп, саладағы атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Жол саласындағы бірқатар мәселелер талқыға түсті. AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Имашев, партияның бақылау комиссиясының мүшелері мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты.

joll

Алматыны қайта-қайта дүр сілкіндірген зілзаланың салқыны өзге өңірлерге де тимей қалған жоқ. Салынғанына 50-60 жыл болған көпқабатты үйлердің тозығы жеткені, апаттық жағдайда тұрғандары бар. Ондай үйлерді күрделі жөндеуден өткізуден гөрі жаңадан салу ыңғайлырақ әрі мегаполистің ажарын жаңа сәулетімен ашады.

kurtrilis

«Өздеріңіз жақсы білетіндей, экономиканың дамуы инвестициялық белсенділікке байланысты. Қалада әр салада инвестицялық тартымдылық артып келеді. Соңғы бес жылда 2,2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылған. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 3,7 есеге артып отыр. Ендігі ретте белсенділігімізді төмендетпей, инвестиция тартуды әрі қарай жалғастыруымыз керек». Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесуде осылай деді. Ірі, шағын және орта кәсіпорын басшылары қатысқан жиында саладағы бірқатар мәселе талқыланды.

AkimAm

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов қасиетті Рамазан айының ережелері мен тәртіптері, қасиетті Қадір кешін өткізу, мешіттерде тарауих намазын оқу, ауызашар рәсімдері, т.б жағдайларды баяндап берді. Биылғы Рамазан айы 11 наурызда басталды. Сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – Қадір түні, 10 сәуір – Ораза айт мерекесі. Пітір садақа мөлшері 640 теңге болып белгіленді.

orasa

Қаратау ауданының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және биылға арналған жоспарлары туралы баспасөз брифингі өтті. Аудан әкімі
Рахымберді Мүлкеманов инфрақұрылым саласы, аулаларды абаттандыру, жолдар құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлардан хабардар етті.

brifin

«ТАЛАПТЫ АЗАМАТТАР КЕРЕК»

Среда, 06 Март 2024 05:31

Жастар ресурстық орталығында Өңірлік жастар кадрлық резервіне іріктеу іс-шаралары аясында арнайы жастар форумы өтті. Іс-шараға өңірлік кадр комиссиясының мүшелері – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Шәкір Сұлтанхан, қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, мәдениет, білім, спорт, әлеуметтік қорғау және т.б. сала өкілдері қатысты.

kadr

Страница 8 из 86