«3-ЭНЕРГООРТАЛЫҚТЫҢ» ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАЛАЙ?
Пятница, 25 Август 2023 04:28Шаһардағы «3-Энергоорталық» АҚ-ның станция жабдықтарын жөндеу мақсатында бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы және қысқа дайындық жұмыстары бойынша арнайы баспасөз туры өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дархан Қайыңбердиев, қала мәслихатының депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты. Шымкент қаласының табиғи монополияларды реттеу департаменті қала әкімдігімен бірлесіп, 2022-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны бекіткен-тін.
Ақмарал ҚАЛДАРОВА, «Үш би» құрмет белгісінің иегері, ардагер судья: КОНСТИТУЦИЯҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУГЕ, ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУҒА ЖОЛ АШТЫ
Пятница, 25 Август 2023 04:26Сот саласында 30 жылдай судья лауазымын абыроймен атқарған шымкенттік ардагер Ақмарал Қалдарова қыркүйек айында жетпіс жасқа толады. 2010 жылы жергілікті судьялардың қатарында ең алғашқылардың бірі болып «Үш би» құрмет белгісінің иегері атанған. Бүгінде Шымкент қалалық сотының Құрметті тақтасында мәртебелі атақты иемденушілердің арасында бірінші болып тұр.
«Ұрпақтар сабақтастығы» деген осы болар. Ақмарал Бейсенқызы қалалық соттағы әріптестерімен тонның ішкі бауындай байланыста. Өзінің ізін басқан шәкірттеріне қолдау көрсетіп, жас мамандармен өмірлік тәжірибесін бөлісіп келеді. Жиырмаға жуық шәкірті – облыстың, қаланың, одан бөлек елімізге белгілі судьялар. Ардагер судья - шәкірттерімен мақтанады.
Сот жүйесінің майталманы қазіргі жас мамандар, судьялар әрдайым білімін жетілдіріп отыру керектігін айтады. Ата заңымызға 28 жыл толуына орай «Құрметті судьямен» әңгімелесіп, қазіргі сот жүйесінің дамуы, мәселелері жөнінде ойларын білдік.
Білімі күшті мыңды жығады
Среда, 23 Август 2023 07:12Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге 1 қыркүйектен өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Жазғы Азия ойындары: Кімдерге үміт артамыз?
Пятница, 18 Август 2023 05:21Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарына санаулы уақыт қалды. Төрт жылда бір өтетін жауапты сын 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығына жоспарланған. Ел спортшылары қызу дайындық үстінде. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары да бақ сынайды. Жерлестеріміздің дайындығы қалай? Кімдерге үміт артамыз?
Волейболдан «Базар жастар лигасы» сайысы өтуде
Пятница, 18 Август 2023 04:35Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Базар жастар лигасы» турнирінің қыздар арасында волейбол сайысы басталды. Бәсекеге қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бекітілген төрешілер алқасы, спорт түрлері бойынша 5 төреші тартылған.
Ең төменгі жалақыны көтеру мәселесімен айналысып жатырмыз
Пятница, 11 Август 2023 05:25ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і басшылығы және қызметкерлерімен кездесті.
Компанияда тәуелсіз кәсіподақ кәсіпорын құрылғалы бері жұмыс істейді. Қызметкерлердің еңбек шарттарын, персоналға әлеуметтік қолдау көрсету, жастарға, көпбалалы отбасыларға, өндіріс ардагерлеріне әлеуметтік кепілдік ұсыну бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Алдымен төраға мекеменің мұражайын, орталық диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты. Мекемеде 1000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Онда орташа айлық жалақы – 150 000 теңге. 927 қызметкер кәсіподақ мүшесі.
– Іссапарымыздың негізгі мақсаты – өңірде қалыптасқан әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу мәселесі. Яғни, жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайы, жалақыны көтеру мәселесі, еңбек қауіпсіздігі, мекеменің кәсіподақтармен бірлесіп, әлеуметтік әріптестікті арттыру, лайықты еңбек жағдайын қарастырудағы жұмыстарымен танысу. Қазіргі таңда кәсіподақтар ретінде ең төменгі жалақыны көтеру мәселесімен айналысып жатырмыз. Экономикалық жағдайларды ескере отырып, ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен өсіру мәселесі назарымызда тұр. Бұл мекеме басшылығы ендігі ретте жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдауы керек. Талаптар-ұсыныстар хаттамасын зерделеп, бұл мәселені Үкіметтің алдында көтереміз, – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Серіктестіктің бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиевтың айтуынша, компания басшылығы жасалған ұжымдық келісімшарт аясында таңдалған әлеуметтік басымдықтарды ұстанып келеді. 2023 жылдың басында қызметкерлердің денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында спорт кешені ашылған. Мекеме заманауи корпоративтік саясатты жүргізуде әріптестік байланыстарды жақсарту, кадр жүйесінің кәсіптік деңгейін арттыру бойынша тренингтер және шеберлік сабақтарын ұйымдастыруда.
«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің мәлімдеуінше, 2023 жылдың 6 айында қалада 12 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, оған 2043 адам тартылған. Ол мекемелердің жұмыс берушілері мен кәсіподақ ұйымдары арасында ұжымдық шарттар жасалып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өтті.
Ескіміз жаңарса, еңсеміз тіктеледі
Пятница, 11 Август 2023 04:53Шымкент қаласында тұрғын үй қорын реновациялау және қайта жаңғырту бағдарламасы қолға алынған еді. Жаңа бағдарлама тозығы жеткен ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыруды мақсат еткен.
Реновация бағдарламасы аясында Еңбекші ауданы Безделев көшесіндегі (72а үй) тозығы жеткен 8 пәтерлі ескі тұрғын үйдің орнына 36 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Осы орайда, ескі үйдің сүрілуіне байланысты 50-ге жуық тұрғынның көшу рәсімі ұйымдастырылды. Үйдің тұрғындары бағдарламаға қатысуға келісімін беріп отыр. Жеке инвестор ескі үйдің орнына 7 қабатты зәулім үй салуды жоспарлауда. Осы ретте «Shymkent» ӘКК» АҚ инвестордың ұсыныстарын қарап, құжаттарын зерделеуден өткізген. Тұрғындардың уақытша пәтерлерге көшу, жалпы барлық шығындары инвестордың өз қаражаты есебінен төленеді.
Енді апатты жағдайдағы үйдің орнында «Ай-
Барыс» көпқабатты жаңа тұрғын үй салынады. Бас мердігер «Adal toby» ЖШС-і құрылысты 2023 жылдың III тоқсанында бастауды жоспарлап отыр. Құрылысты 2024 жылдың IV тоқсанында аяқтау белгіленген. Тапсырыс беруші – «B like» ЖШС.
Қазіргі таңда тұрғындарға реновация бағдарламасы шарттары түсіндіріліп, тұрақты жұмыстар атқарылуда. Авариялық және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу меншік иелерінің келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Меншік иелеріне құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі.
Бағдарламаға қатысу үшін жеке инвесторлар тұрғын-жай меншік иелерінің келісімін алып, «Shymkent» ӘКК» АҚ-мен келісімшарт жасасады.
САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ: 10 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР АЯҚТАЛДЫ
Пятница, 04 Август 2023 04:13Шымкент қаласында халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары қарқын алған. 2025 жылға қарай үшінші мегаполисті жүз пайыз талшықты-оптикалық және мобильді интернет желісімен қамту көзделген. Бүгінгі таңда шалғай елдімекендерге сапалы интернет жеткізу басым бағыттардың бірі. Жыл басынан бері қанша тұрғын алапта жұмыстар аяқталды? Жыл соңына дейін қай елді мекендерге сапалы интернет толық жеткізіледі?