Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарына санаулы уақыт қалды. Төрт жылда бір өтетін жауапты сын 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығына жоспарланған. Ел спортшылары қызу дайындық үстінде. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары да бақ сынайды. Жерлестеріміздің дайындығы қалай? Кімдерге үміт артамыз?

108

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Базар жастар лигасы» турнирінің қыздар арасында волейбол сайысы басталды. Бәсекеге қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бекітілген төрешілер алқасы, спорт түрлері бойынша 5 төреші тартылған.

100

vodakanal

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і басшылығы және қызметкерлерімен кездесті.

Компанияда тәуелсіз кәсіподақ кәсіпорын құрылғалы бері жұмыс істейді. Қызметкерлердің еңбек шарттарын, персоналға әлеуметтік қолдау көрсету, жастарға, көпбалалы отбасыларға, өндіріс ардагерлеріне әлеуметтік кепілдік ұсыну бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Алдымен төраға мекеменің мұражайын, орталық диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты. Мекемеде 1000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Онда орташа айлық жалақы – 150 000 теңге. 927 қызметкер кәсіподақ мүшесі.

– Іссапарымыздың негізгі мақсаты – өңірде қалыптасқан әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу мәселесі. Яғни, жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайы, жалақыны көтеру мәселесі, еңбек қауіпсіздігі, мекеменің кәсіподақтармен бірлесіп, әлеуметтік әріптестікті арттыру, лайықты еңбек жағдайын қарастырудағы жұмыстарымен танысу. Қазіргі таңда кәсіподақтар ретінде ең төменгі жалақыны көтеру мәселесімен айналысып жатырмыз. Экономикалық жағдайларды ескере отырып, ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен өсіру мәселесі назарымызда тұр. Бұл мекеме басшылығы ендігі ретте жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдауы керек. Талаптар-ұсыныстар хаттамасын зерделеп, бұл мәселені Үкіметтің алдында көтереміз, – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Серіктестіктің бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиевтың айтуынша, компания басшылығы жасалған ұжымдық келісімшарт аясында таңдалған әлеуметтік басымдықтарды ұстанып келеді. 2023 жылдың басында қызметкерлердің денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында спорт кешені ашылған. Мекеме заманауи корпоративтік саясатты жүргізуде әріптестік байланыстарды жақсарту, кадр жүйесінің кәсіптік деңгейін арттыру бойынша тренингтер және шеберлік сабақтарын ұйымдастыруда.

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің мәлімдеуінше, 2023 жылдың 6 айында қалада 12 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, оған 2043 адам тартылған. Ол мекемелердің жұмыс берушілері мен кәсіподақ ұйымдары арасында ұжымдық шарттар жасалып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өтті.

ddccc831-4f18-4e87-abeb-8f08e5165175-696x464

Шымкент қаласында тұрғын үй қорын реновациялау және қайта жаңғырту бағдарламасы қолға алынған еді. Жаңа бағдарлама тозығы жеткен ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыруды мақсат еткен.

Реновация бағдарламасы аясында Еңбекші ауданы Безделев көшесіндегі (72а үй) тозығы жеткен 8 пәтерлі ескі тұрғын үйдің орнына 36 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Осы орайда, ескі үйдің сүрілуіне байланысты 50-ге жуық тұрғынның көшу рәсімі ұйымдастырылды. Үйдің тұрғындары бағдарламаға қатысуға келісімін беріп отыр. Жеке инвестор ескі үйдің орнына 7 қабатты зәулім үй салуды жоспарлауда. Осы ретте «Shymkent» ӘКК» АҚ инвестордың ұсыныстарын қарап, құжаттарын зерделеуден өткізген. Тұрғындардың уақытша пәтерлерге көшу, жалпы барлық шығындары инвестордың өз қаражаты есебінен төленеді.

Енді апатты жағдайдағы үйдің орнында «Ай-
Барыс» көпқабатты жаңа тұрғын үй салынады. Бас мердігер «Adal toby» ЖШС-і құрылысты 2023 жылдың III тоқсанында бастауды жоспарлап отыр. Құрылысты 2024 жылдың IV тоқсанында аяқтау белгіленген. Тапсырыс беруші – «B like» ЖШС.

Қазіргі таңда тұрғындарға реновация бағдарламасы шарттары түсіндіріліп, тұрақты жұмыстар атқарылуда. Авариялық және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу меншік иелерінің келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Меншік иелеріне құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін жеке инвесторлар тұрғын-жай меншік иелерінің келісімін алып, «Shymkent» ӘКК» АҚ-мен келісімшарт жасасады.

Шымкент қаласында халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары қарқын алған. 2025 жылға қарай үшінші мегаполисті жүз пайыз талшықты-оптикалық және мобильді интернет желісімен қамту көзделген. Бүгінгі таңда шалғай елдімекендерге сапалы интернет жеткізу басым бағыттардың бірі. Жыл басынан бері қанша тұрғын алапта жұмыстар аяқталды? Жыл соңына дейін қай елді мекендерге сапалы интернет толық жеткізіледі?

781

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы және атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингі өтті.

710

ҚОРЖЫНДА 2 АЛТЫН, БІР ҚОЛА

Среда, 26 Июль 2023 04:47

Малакка қаласында (Малайзия) өткен WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионатында Шымкент қаласының спортшылары 2 алтын, бір қола медаль еншіледі. Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегері – Софья Берульцева, Қайсар Алпысбай және Данияр Юлдашевті Шымкент әуежайынан жерлестері қошеметпен күтіп алды. Іс-шараға жеңімпаз спортшылардың ата-анасы, спорт мектебі басшылары, жанкүйерлер жиналды.

542

Шахматқа қызығатын бала көп

Пятница, 21 Июль 2023 10:53

Шымкент қаласында спорттың жекелеген түрлерін, сонымен бірге кәсіби спортты дамыту шарлары жүйелі жүргізілуде. Атап айтқанда, спорт мекемелері, спорттық тапсырыс жобасы аясындағы ұйымдар, спорт түрлерінен әуесқой клубтар және жергілікті федерациялар тарапынан спорт секциялары ашылып, жұмыс істеуде.

Биыл Ұлттық және ат спорт түрлері кешенді спорт клубында «Дәстүрлі садақ ату» спорт түрінен спорт секциясы ашылып, 20 жасөспірім жаттығуға тартылды. Шымкент қаласының «Дәстүрлі садақ ату» федерациясында дәстүрлі садақ ату спортын дамыту үшін үйірмелерде 100-ге жуық қалалық шұғылдануда. Қазіргі уақытта шаһарда жан басына шаққандағы спорттық секцияны қаржыландыру бағдарламасы аясында 20 спорт түрімен 16790 жуық бала спорт үйірмелермен қамтылды.

Шымкент қаласының шахмат федерациясы мен дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе шахмат спортын жалпы орта мектептерде жүргізу мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне 36 сағатты қамтитын семинар өткізіліп, 324 мұғалімге сертификат тапсырылды.

Қазіргі таңда мектептерде ашылған шахмат үйірмелерінде 20 мыңнан аса бала қамтылып отыр. Ал, кәсіпкерлер тарапынан ашылған ұйымдар мен орталықтарда 1000-ға жуық бала шахмат секциясында шеберліктерін арттыруда. Қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану үшін қала аумағындағы саябақтарда арнайы шахмат үстелдері мен алаңы орнатылған.

Сонымен қатар, қала аумағында жеңіл атлетика спортын дамыту және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жеке кәсіпкерлер және тағы басқа ұйымдардың қызметкерлерінен құралған «Әуесқой жүгірушілер» клубтары жұмыс істеп жатыр. Онда 400-ге жуық шұғылданушыға білікті мамандар арнайы жаттығу жұмыстарын өткізуде. Спорт түрлерінің дамуына қаламыздың жалпы әрбір тұрғыны өз үлестерін қосып келеді.

Страница 13 из 82