«Шымкент келбеті» газетінен баспа алаңын ұсынудың шарттары мен тәртібі туралы Е Р Е Ж Е

Пятница, 29 Январь 2016 23:30 Автор  Опубликовано в Құқықтар мен ережелер Прочитано 641 раз

«Шымкент ақпарат орталығы»
 
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры-бас редакторының
№19 БҰЙРЫҒЫ

28 қаңтар 2016 жыл           №19                 Шымкент қаласы 

2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі
депутаттарының кезектен тыс және Қазақстан Республикасы
мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберіндегі
сайлау алды үгіт-насихатты жүргізуге арналған
«Шымкент келбеті»
газетінде баспа алаңын ұсыну
шарттары мен тәртібі туралы

Қазақстан Республикасындағы Конститутциялық «Сайлау туралы» Заңының талаптарын мүлтіксіз орындау мақсатында 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберіндегі сайлау алды үгіт-насихатты жүргізу шеңберінде «Шымкент келбеті» газетінде баспа алаңын ұсынуды орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу үшін «Шымкент келбеті» газетінде баспа алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы Ереже осы бұйрықтың №1 қосымшасымен бекітілсін.
2. 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберіндегі сайлау алды үгіт-насихатты жүргізу үшін «Шымкент келбеті» газетінде баспа алаңын ұсынудың төлемақы мөлшері осы бұйрықтың №2 қосымшасымен бекітілсін.
3. 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберіндегі сайлау алды үгіт-насихатты жүргізу үшін «Шымкент келбеті» газетінде баспа алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы Ережесі және осы бұйрықтың мазмұндамасы жариялансын.

А. ҚАПБАРОВА,
директор-бас редактор

 

Последнее изменение Среда, 10 Февраль 2016 11:21
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.