Шымкент қалалық «Саиль Қошқар-Ата» көктем мерекесінің ЕРЕЖЕСІ

Среда, 24 Февраль 2016 06:25 Автор  Опубликовано в Құқықтар мен ережелер Прочитано 891 раз

Шымкент қалалық «Саиль Қошқар-Ата» көктем мерекесі 2016 жылғы наурыздың 18 жұлдызында Шымкент қаласы, Қошқар-Ата өзені бойында өтеді.

1. Фестивальді ұйымдастырушы:

Шымкент қаласының әкімдігі.

2. Фестивальді өткізудің мақсаты:

Іс-шараның мақсаты қазақ халқының ежелгі үрдісін жандандыру, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты кеңінен насихаттау, Шымкент қаласына басқа өңірлер мен шетел туристерін тартуға септігін тигізу.
Қошқар Ата өзені бойында мерекелік бағдарламалар, ұлттық ойын түрлерінен сайыстар және асыл тұқымды қошқарлар мен қойлар көрмесі өткізіледі.

3. «Асыл тұқымды»қошқарлар мен қойлардың көрмесін
өткізу тәртібі:

– Көрмеге асыл тұқымды қошқарлар мен қойлардың түрлері: (ордабасы қазақтың қылшық жүнді құйрықты, биязы жүнді, қаракөл) т.б. қошқарлары мен аналықтары қатыстырылады. Қойлардың тірілей салмақтары тұқымына қарай төмендегі көрсеткіштерден кем болмауы керек.
- Биязы жүнді қошқарлар 80-85 кг кем емес болу;
- Қаракөл қошқарлар 65-75 кг кем емес болу;
- Ордабасы қой тұқымы қазақтың құйрықты қылшық жүнді қошқарлар 90 кг кем емес болуы шарт;
- Тазалығына баса назар аударылады.
Асыл тұқымды қошқарлар мен қойлардың көрмесіне облысымыздың барлық аудан, қалаларынан өтініш білдірген қой шаруашылықтары мен қарапайым шаруалар қатыса алады.
«Асыл тұқымды» қошқарлар мен қойларға төмендегідей жүлделі орындар белгіленген:
I орын - (біреу)
II орын - (біреу)
III орын - (біреу)
Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары беріледі.

4. «Қошқар көтеру» сайысы:

Жарысқа 18 жастан жоғары, тиісті дайындығы бар азаматтар қатыса алады. Қошқарды иығына көтеріп, алдыңғы және артқы аяқтарын біріктіріп ұстап, бір орнында, 1 минут ішінде отырып-тұруы тиіс, үзіліс жасап дем алуға болмайды. Қошқарды ең көп көтерген азаматқа жеңіс беріліп, қошқар сол азаматтың еншісіне беріледі.

5. Қазақтың ұлттық ойын түрлерінен
өткізілетін 
сайыстар:

Іс-шара кезінде ұлттық ойын түрлерінен: қазақша күрес, тоғыз құмалақ, асық ату, қол күрес, шекем-тас сайыстары өтеді.
Қатысушыларға арнайы тағайындалған спорт саласының шеберлері төрешілік жасайды. Төрешілердің шешімімен командаға немесе жеңімпаз деп табылған үміткерге жүлделі сыйлықтар тағайындалады.
Ескерту: Қазылар алқасы жүлдеге лайықты деп табылған қазақтың ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша, көрмедегі асыл тұқымды қошқарлар мен қойлардың арасындағы жүлделі орындарды өзгертуге немесе бөлуге құқылы. Қазылар алқасының шешімі қайта талқылауға, қайта қаралуға жатпайды.
Ұйымдастыру комитеті фестиваль мен көрмеге қатысу жөніндегі тапсырысты 2016 жылдың 16 наурызына дейін қабылдайды.

6. Фестиваль мен көрмеге қатысу үшін
мынандай құжаттар ұсынылады:

– Шаруашылықтың атауы, басшысының немесе жеке шаруаның аты-жөні және жеке куәлігінің көшірмесі;
– Көрмеге қатыстырылған қошқар мен қойдың плем карточкасының немесе паспортының көшірмесі;
– Байланыс телефоны мен мекен-жайы.

7. Барлық құжаттар мына мекен-жайға жолданады:

Шымкент қаласы, Мангелдин көшесі №39 үй Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Байланыс сымтетіктері: (87252) 40-63-03, 35-54-82 факс,
Ұялы телефон: 8701 773 47 05 эл. пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.