«Шырайлы Шымкент» фотосуреттер байқауының ЕРЕЖЕСІ

Среда, 06 Апрель 2016 06:17 Автор  Опубликовано в Құқықтар мен ережелер Прочитано 978 раз

IMG 6795

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. «Шырайлы Шымкент» фотосуреттер байқауы (бұдан әрі – Байқау) Шымкент қаласы мен аумағының ең үздік кадрлары бойынша кәсіби және әуесқой фотографтар арасында өткізіледі.
1.2. Байқаудың мақсаты - қалаға және оның аумағына назар аударту, қаланың бірегейлігін, оның көрікті жерлерін, тарихи және архитектуралық ескерткіштерін, қала тұрғындарының сүйікті орындарын көрсету. Фотосуреттердің көпшілікке арналған базасын және цифрлік контентін құру.
1.3. Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысымен байқауды ұйымдастырушы «APEX Consult» ЖШС-і (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болып табылады.
1.4. Кәсіби фотосуреттер санатында байқауға қатысушылар (бұдан әрі – Қатысушылар), жергілікті және республикалық БАҚ-ның фотокорреспонденттері, 16 жасқа толған, фотосурет түсірумен кәсіби негізде айналысатын қала тұрғындары бола алады.
1.5. Әуесқой фотосуреттер санатында байқауға қатысушылар (бұдан әрі – Қатысушылар) 16 жасқа толған жеке тұлғалар бола алады.
1.6. Байқаудың мәні қаланың бірегейлігін, салт-дәстүрін, демалыс орындарын, туризм үшін тартымды объектілерін, көрікті жерлерін, сұлулығын, қала тұрғындарының және Шымкент туристерінің келбетін бейнелейтін фотосуреттер (бұдан әрі – Фотожұмыстар) жасау болып табылады.
1.7. Фотожұмыстар келесі номинациялар бойынша қабылданады:
• Тарихи Шымкент
• Қаланың бірегейлігі
• Қала тұлғалар келбетінде
• Заманауи Шымкент
• Шымкенттің табиғаты
1.8. Фотожұмысты Байқауға жолдай отырып, Қатысушы осы Ережеде көрсетілген шарттармен келіседі, оның ішінде оның Фотожұмыстарын ықтимал өтеусіз пайдалануға келісім береді (сайтта және әлеуметтік желілерде).
1.9. Ұйымдастырушы осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырып, өзгерістерді сайтта міндетті түрде жариялайды.

2. «ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ»
БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ

2.1. Байқауды өткізудің шарттары мен ережелері туралы ақпарат www.visitshymkent.kz сайтында, әлеуметтік желілерде және баспасөзде жарияланады.
2.2. Байқауға қатысу үшін өтінім толтырылады және оған www.visitshymkent.kz сайтындағы Фотожұмыс бекітіледі. Өтінімде Қатысушы келесіні көрсетеді:
• Байқаудың санатын;
• Байқаудың номинациясын;
• ТАӘ;
• тұратын өңірі мен елді мекенін;
• кәсіби қызмет орнын (кәсіби фотосуреттер санаты үшін);
• электрондық мекенжайын;
• байланыс телефонын.
2.3. Байқауға қатысушы өзінің Байқауға ұсынылған мәліметтерінің дұрыс болып табылатынына кепілдік береді.
2.4. Егер кәсіби фотосуреттер Байқауына жолданған Фотожұмыс, кәсіби фотосуреттер Байқауының Фотосуреттеріне қойылатын техникалық талаптарға (осы Ережелерге 1-қосымша) сәйкес келмесе ол әуесқой фотосуреттер Байқауына жолданған Фотожұмыс ретінде қаралады.
2.5. Фотожұмысты Интернет желісінде орналастырған кезде Байқауды Ұйымдастырушы Фотожұмыс авторының тегін, атын (лақап атты пайдалануға жол берілмейді) және оның тұратын өңірін ғана көрсетеді. Кәсіби фотосуреттер Байқауына Қатысушылар үшін олардың келісімі бойынша, осы Ереженің 2.3. тармағына сәйкес ұсынылған қосымша ақпарат көрсетілуі мүмкін.
2.6. Әрбір қатысушы, Фотожұмысқа қойылатын барлық техникалық талаптар сақталған жағдайда, Байқауға Фотожұмыстардың шектелмеген санын жолдай алады. Бұл кезде олардың саны қазылар алқасының пікіріне ықпал етпейді, әрбір жеке Фотожұмыстың сапасы ғана ескеріледі.
2.7. Әдепсіз және қорлайтын бейнелері бар, сондай-ақ Байқаудың тақырыбы мен техникалық талаптарына сәйкес келмейтін Фотожұмыстар Байқауға қатысуға жіберілмейді.
2.8. Байқауды Ұйымдастырушылар Фотожұмыстардың авторын көрсетумен одан әрі пайдалануға құқығы бар.

3. «ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ» БАЙҚАУЫНЫҢ
ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ТӘРІБІ

3.1. Кәсіби фотосуреттер Байқауының Жеңімпаздарын анықтау үшін Ұйымдастырушы Байқаудың қазылар алқасын құрады:
• Байқауды Ұйымдастырушының өкілі;
• кәсіби фотографтар;
• суретшілер және/немесе дизайнерлер, сондай-ақ көзбен көрінетін шешімдерді жасау саласындағы мамандар;
• журналист-фотографтар.
3.3. Қазылар алқасы кәсіби фотосуреттер Байқауының Қатысушылары ұсынған Фотожұмыстарды бағалайды және кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында әрбір 5 (бес) номинациядағы жеңімпазды анықтайды.
3.4. Жеңімпаздарды таңдау өлшемі сонылық (оригинальность), кәсіби орындау, тақырыпқа сәйкес болу болып табылады.
3.5. Кәсіби фотосуреттер Байқауына келіп түскен Фотожұмыстарды бағалау қазылар алқасының әрбір мүшесімен 5 баллдық шкала бойынша сараптамалық бағалау әдісімен ереженің 3.4. тармағында көрсетілген өлшемдердің әрбірі бойынша жүзеге асырылады.
3.6. Кәсіби фотосуреттер Байқауының әрбір Қатысушысының қорытынды бағасы, оның қазылар алқасының барлық мүшелерімен қойылған бағасын қосу арқылы шығарылады.
3.7. Егер Байқаудың бірнеше Қатысушылары бірдей балл жинаған жағдайда, онда кәсіби фотосуреттер Байқауының Жеңімпазы және оған сыйлық табыстау туралы шешімді қазылар алқасының Төрағасы қабылдайды.
3.8. Әуесқой фотосуреттер Байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін Ұйымдастырушы Интернет желісін пайдаланушылар арасында дауыс беруді өткізеді. Дауыс беру көмегімен таңдап алынған ең үздік (ең көп дауыс жинаған) Фотожұмыстардың ішінен қазылар алқасы жеңімпаздарды іріктейді.

3.9. Әуесқой фотосуреттер Байқауына келіп түскен Фотожұмыстар үшін дауыс беру www.visitshymkent.kz сайтында және https://vk.com/visitshymkent, https://www.facebook.com/visitshymkent/ әлеуметтік желілерінде жүргізіледі.
3.10. Егер әуесқой фотосуреттер Байқауының бірнеше Қатысушылары бірдей балл жинаған жағдайда, онда пайдаланушылардың дауыс беру нәтижесінің негізінде анықталатын жеңімпаздар туралы шешімді қазылар алқасының Төрағасы қабылдайды.

4. «ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ»
БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ

4.1. Байқау 2016 жылғы 1 сәуір және 10 мамыр аралығында өткізіледі.
4.2. Байқауға арналған Фотожұмыстар 2016 жылғы 10 мамырға дейін қабылданады.
4.3. Әуесқой фотосуреттер Байқауы бойынша пайдаланушылардың дауыс беруі 2016 жылғы 1 сәуір және 10 мамыр аралығында байқаудың https://vk.com/visitshymkent, https://www.facebook.com/visitshymkent/ әлеуметтік желілеріндегі ресми парақтарында жүргізіледі.

4.4. Байқаудың қорытындылары 2016 жылғы 15 мамырдан кешіктірілмей жинақталады және www.visitshymkent.kz сайтында және https://vk.com/visitshymkent, https://www.facebook.com/visitshymkent/ әлеуметтік желілерінде жарияланады.

5. БАЙҚАУДЫҢ НАГРАДАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ
ЖАРИЯЛАУ

5.1. Кәсіби фотосуреттер Байқауының шеңберінде әрбір 5 (бес) номинация бойынша 1 (бір) жүлделі орын белгіленеді. Әрбір жүлделі орын сомасы 500 000 тг. құрайды.
5.2. Әуесқой фотосуреттер Байқауының шеңберінде әрбір 5 (бес) номинация бойынша 1 (бір) жүлделі орын белгіленеді. Әрбір жүлделі орын сомасы 250 000 тг. құрайды.
5.3. Байқаудың қазылар алқасы Байқаудың әрбір санаты бойынша 2 (екі) жұмыстан, 4 (төрт) жұмысты қосымша таңдайды, бұл жұмыстар көтермелеу сыйлықтарын алады.
5.4. Байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік Фотожұмыстар Шымкент қаласындағы, одан соң Астана қаласындағы көрмеге қойылады.

Байқау туралы Ережеге
1-қосымша

Фотожұмыстарға техникалық талаптар

1. Кәсіби фотосуреттер Байқауына қатысу үшін Фотожұмыс келесі техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс:
• суреттер JPEG форматында қабылданады;
• суреттердің көлемі 4Мп кем болмауы тиіс;
• суреттерде 100% ұлғайту кезінде шуыл, шаң, артефакттар, хроматикалық аберрациялар болмауы тиіс;
• суреттердің шешімі 300dpi кем болмауы тиіс;
• суреттердің түсті моделі sRGB болуы тиіс.

2. Әуесқой фотосуреттер Байқауына қатысу үшін Фотожұмыс келесі техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс:
• суреттер JPEG форматында қабылданады;
• суреттердің көлемі 2Мп кем болмауы тиіс;
• суреттерде 100% ұлғайту кезінде шуыл, шаң, артефакттар, хроматикалық аберрациялар болмауы тиіс.

Последнее изменение Среда, 06 Апрель 2016 06:38
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.