Журналистер мен блогерлер арасындағы «ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ» республикалық байқауы туралы ЕРЕЖЕ

Среда, 06 Апрель 2016 06:24 Автор  Опубликовано в Құқықтар мен ережелер Прочитано 1937 раз

DSC 8298

1. Журналистер мен блогерлер арасында бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернет-басылымдарындағы үздік жарияланым бойынша «Шырайлы Шымкент» республикалық байқауын (бұдан әрі – байқау) Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігі өткізеді.

2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына бағытталған мақалалар жазу және сюжеттер трансляциялау, қаланың туристік және инвестициялық әлеуетін насихаттайтын ақпараттық материалдар жариялау арқылы Шымкент қаласының имиджін қалыптастыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат таратудағы үлесін, БАҚ өкілдерінің, журналистер мен блогерлердің кәсіби ынтымақтастығын арттыру.

3. БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТІ:

Билік пен қоғам арасындағы серіктес болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарының ролін арттыру, журналистер мен блогерлердің Шымкент қаласы туралы үздік материалдарын бағалау және марапаттау.

4. БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

4.1. Байқауға қатысуға әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде авторлық ұжымдардың (бұдан әрі – байқауға қатысуға үміткерлер) журналистері мен блогерлері шақырылады.
4.2. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
– «Үздік баспасөз жарияланымы»;
– «Үздік теле-радио бағдарламасы»;
– «Үздік Интернет-БАҚ жарияланымы»;
– «Әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік пост».
4.3. Байқауға 2016 жылдың 1 сәуірінен 30 тамызына дейінгі аралықта баспасөзде жарияланған және/немесе электронды эфирге шыққан кез келген жанрдағы және көлемдегі жұмыстар ұсынылады.

5. ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫБЫ:

5.1. Материалда: «Неліктен Шымкент қаласына бару керек?» деген негізгі тақырып ашылуы тиіс.
5.2. Байқауды қорытындылау кезінде келесі параметрлер ескерілетін болады:
– материалдың байқау мақсатына сәйкестігі;
– жұмыстың өзектілігі және деңгейінің тереңділігі;
– материалдың әсерлілігі және дұрыс бағыты;
– мақалалар мен бағдарламалар жанрының жан-жақтылығы, кәсіби деңгейі.

6. БАЙҚАУҒА ӨТІНІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАТЫСУ:

6.1. Байқауға қатысу үшін өтінімдер мен материалдар байқауды ұйымдастырушының Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына немесе пошталық мекен-жайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, «Қарасу» ш/а, №66/6 үйге («Журналистер мен блогерлердің республикалық байқауына» белгісімен) жіберу қажет. Байланыс телефоны: 8 705 980 76 33.
6.2. Байқауға қатысуға үміткерлер белгіленген үлгідегі (№1 қосымша) өтініммен қоса келесі материалдарды тапсырады:
– үміткердің қолы қойылған байқауға қатысуға өтінім (электронды нұсқа – doc немесе pdf форматтағы файлда);
– байқауға ұсынылған жұмыстар жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарының атауы, шыққан мерзімі, автордың аты-жөні көрсетілумен бас редакторының қолы қойылған анықтама;
– байқауға ұсынылған жұмыстарға 1 бетте еркін түрде жазылған қысқаша аннотация;
– байқауға қатысуға үміткер туралы, оның шығармашылық қызметі, тұрақты айдарлары және берілген тақырып бойынша үміткердің бағдарламалары туралы (болған жағдайда) еркін түрде жазылған қысқаша ақпарат;
– баспасөз жарияланымдары үшін – байқауға ұсынылған жұмыстардың түп нұсқасы немесе бұқаралық ақпарат құралдары бас редакторының қолымен куәландырылған көшірмесі, көрсетілген жарияланымның pdf форматта электронды түрде кез келген ақпарат тасығыштағы мәтіндері;
– теле-радио бағдарламалар үшін – байқауға ұсынылған сюжеттердің видео және аудио жазбалары DVD және СD форматты тасығышта не орналасқан сюжетке тікелей сілтеме берілген сайттан видео және аудио материалдар;
– интернет-басылымдағы жарияланымдар үшін – байқауға ұсынылған жарияланымды не орналасқан мақалаға тікелей сілтеме берілген сайттан принтскрин орналастырылған Интернет желідегі сайттың адресі көрсетілген кез келген ақпарат тасығыштағы WORD форматты файл;
– әлеуметтік желідегі посттар үшін – блог-тұғырнамада орналасқан мақалаға тікелей сілтеме беру арқылы немесе кез келген ақпарат тасығыштағы WORD форматты файлда.
6.3. Байқауға ұсынылатын материалдар «Шырайлы Шымкент» деген айдармен жариялануы тиіс.
6.4. Осы бөлімде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер байқауға жіберілмейді және қаралмайды.
6.5. Байқау жұмыстары мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады.
6.6. Байқауға қатысуға өтінімдер мен материалдар 2016 жылдың 30 тамызына дейін қабылданады.
Байқауға жіберілген материалдар қайтарылмайды.

7. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

7.1. Байқауды қорытындылау туралы шешім қазылар алқасы мүшелерінің көпшілік жәй дауысымен қабылданып, хаттама толтырылып және байқауды ұйымдастыру комитетінің отырысында бекітіледі.
7.2. Байқау жеңімпаздарын марапаттау келесі категориялар бойынша жүргізіледі:
Баспасөз БАҚ арасындағы номинацияда:
• үздік баспасөз жарияланымы (I, ІІ, ІІІ орындар);
Электронды БАҚ арасындағы номинацияда:
• үздік теле-радио бағдарламасы (I, ІІ, ІІІ орындар);
Интернет-БАҚ арасындағы номинацияда:
• үздік интернет-басылым жарияланымы (I, ІІ, ІІІ орындар);
Әлеуметтік желілер мен блок-тұғырнамалар арасындағы номинацияда:
• үздік блок-пост (I, ІІ, ІІІ орындар).
7.3. Байқау қорытындысы Қала күні қарсаңында 2016 жылдың қыркүйек айында жарияланады. Байқау жеңімпаздарына салтанатты түрде арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтар тапсырылады.
7.4. Республиканың басқа өңірлерінен келген байқау жеңімпаздарының жол жүру, қонақ үйге орналастыру, тамақтандыру шығындары байқауды Ұйымдастырушының есебінен өтеледі.

Журналистер мен блогерлер арасындағы
«Шырайлы Шымкент» республикалық байқауының ережесіне
№1 қосымша

«Шырайлы Шымкент»
респуликалық байқауының
ұйымдастыру алқасына

кімнен/қайдан:
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________

Журналистер мен блогерлер арасындағы
«Шырайлы Шымкент» республикалық байқауына қатысуға
Ө Т І Н І М

Байқауға қатысуға
үміткердің
А.Ж.Т.

қала/облыс

БАҚ атауы

Байқау материалдарының атауы және жарияланған
(шыққан) датасы

Байланыс деректер

         
Последнее изменение Среда, 06 Апрель 2016 06:53
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.