Шымкент қаласы Абай аудандық Әділет басқармасының 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы ЕСЕБІ

Понедельник, 16 Январь 2017 08:19 Автор  Опубликовано в Құқықтар мен ережелер Прочитано 517 раз

 Мемлекет басшысы  Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөнінде өршіл міндеттеме қойды.

Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру барлық мемлекеттік органдардың міндеті, олардың табысты ретке келтірілген іс-қимылдарына байланысты.

Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша 2015 жылғы және 2016 жылдағы атқарылған жұмыстары бойынша салыстырмалы есептері:

   Абай аудандық Әділет басқарамсының «Заңды тұлғаларды» тіркеу саласы бойыншам 2015 жылы мемлекетік (қайта) тркеуден  652 заңды тұлға өткен , 2016 жылы  мемлекетік (қайта) тркеуден  587 заңды тұлға тіркелген 2015 жылмен салыстырғанда 65 кеміген

2015  жылы 52 филиалдар мен өкілдіктер есептік тіркеу және есептік қайта тіркеуден өткен. Ал 2016 жылы 45 филиалдар мен өкілдіктер есептік тіркеу және есептік қайта тіркеуден өткен. 2015 жылмен салыстырғанда 7 кеміген.

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы 2015 жылда 241 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. 2016 жылы 384 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. 2015 жылмен салыстырғанда 143 артқан.

   Жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғыны ұсыну туралы талап жойылды, сонымен қатар тіркеу туралы куәлігі берілмйді. Тіркеу туралы электрондық анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алуға болады.

  2015 жылдан бастап заңнамаға бизнесті құруды тіркеуді қандай да бір құжаттарды ұсынбай интернет арқылы 1 жұмыс күні орнына 1 сағатқа дейін қысқарту арқылы барынша оңайлатуды көздейтін түзетулер енгізілді; заңды тұлғаларды құру және қызметін тоқтату кезінде тіркеу жиыны жойылды және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғылық капиталды қалыптастыру жойылды.

ОҚО Әділет департаментімен 25.05.2015 жылы бекітілген  «Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту бойынша ақпараттық жұмыс жоспарына» сәйкес  және заңды тұлғаларды тіркеудің мүмкіндіктері туралы жалпы:  газетке 4 мақала жарияланып, 15 дөңгелек үстел, 2 радио сұхбат, 4 семинар өткізілген.

Ұйымдастыру, жоспарлау жұмысы бойынша:

Бекітілген регламентке сәйкес басқарма басшысының төрағалық етуімен апталық кеңес басқарма басшысының, қызметкерлерінің қатысуымен апта сайын өткізіледі. Жалпы тексеру кезеңіне 2015 жылдың қазан-желтоқсан аралығында 15, 2016 жылы қаңтар-қараша айлары аралығында 49 апталық кеңес өткізілген.

Жоспарлау қызметі:

Басқарма өз жұмысын жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізуде. Басқарманың жұмыс жоспарлары басқарма басшысының бұйрығымен және жұмыс жоспарлары кезекті кезеңнің басталуына дейін күнтізбелік 5 күн бұрын бекітілген.

2015 жылдың 4-тоқсанына арналған жұмыс жоспары 18.09.2015 жылы №24 бұйрықпен бекітіліп, 6 іс-шара (1 талдау,  1 семинар-кеңес, 1 дөңгелек үстел, 1 акция) жоспарланған.

2015 жылғы құжаттары іске дұрыс  тігілген, ішкі тізімдеме, істі куәландыру парағымен рәсімделген. 

Басқармамен 2016 жылға арналған жұмыс жоспары 10.12.2015 жылы №28 бұйрықпен бекітіліп, 16 іс-шара (3 дөңгелек үстел, 3 семинар, 7 талдау, 1 жадынама әзірлеу, 2 мұрағатқа құжат өткізужұмыстары) жоспарланып, іс-шаралар орындалған.

2016 жылдың 1-тоқсанына арналған жұмыс жоспары 10.12.2015 жылы №28 бұйрықпен бекітіліп, 7 іс-шара (3 семинар-кеңес, 1 дөңгелек үстел, 1 кездесу, 1 жадынама әзірлеу, 1 кеңсе қызметі) жоспарланған.

2016 жылдың 2-тоқсанына арналған жұмыс жоспары 24.03.2016 жылы №6 бұйрықпен бекітіліп, 10 іс-шара (4 талдау, 1 насихат жұмысы, 3 семинар, 1 кездесу, 1 іс-шара ) жоспарланған.

2016 жылдың 3-тоқсанына арналған жұмыс жоспары 24.06.2016 жылы №10 бұйрықпен бекітіліп, 8 іс-шара (4 талдау, 2 семинар, 2 дөңгелек үстел, 1 насихат жұмысы) жоспарланған.

2016 жылдың 4-тоқсанына арналған жұмыс жоспары 23.09.2016 жылы №13 бұйрықпен бекітіліп, 8 іс-шара (2 семинар, 2 дөңгелек үстел, 2 кездесу, 1 талдау, 1 мақала) жоспарланған.

Басқармада насихаттау бойынша жұмыс жоспарының болғанына қарамастан жұмыс жоспарына насихаттау іс-шаралары енгізілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, алдын алуға, болдырмауға бағытталған 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары 10.12.2015 жылғы №28 бұйрықпен бекітілген. Аталған жоспарға сәйкес жалпы 9 іс шара көзделген.

Соның ішінде, Абай  ауданының «Нұр Отан» ХДП мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арқылы заңгерлік көмек беру шарасы ұйымдастырылса, қалған іс-шаралар  құқықтық насихат бағытында жүргізілген, яғни БАҚ-да мақала жариялау, семинар өткізу т.с.с. шаралар. Жоспарланған іс-шаралар мерзімінде орындалып, тиісті құжаттар (анықтамалар, мақалалары)  рәсімделген.

Жоспардан тыс  2 семинар өткізіліп, 1 мақала жарияланған.

Атқарылған іс-шаралар туралы ОҚО Әділет департаментіне  белгіленген кесте түрінде айсайын ақпарат жолдануда.

Әділет органдарының Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша:

Басқарма ОҚО әділет органдары Үйлестіру кеңесінің жұмысына жұмыс жоспарына ұсыныс енгізу арқылы жұмыс жасайды.

2015 жылдың 4 тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Ұлт жоспары -100 қадамының» 27-тармағын жүзеге асыру мақсатында қазан айында семинар, сыбайлас жемқорлыққа мәселелері тақырыбында қараша айында дөңгелек өткізілген. 

ОҚО аумақтық әділет органдарының Үйлестіру кеңесінің 11.12.2015 жылғы №6 хаттамасының 6.1 тармағына сәйкес ҚР Президентінің 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарын насихаттау мақсатында 14.01.2016 жылы кездесу өткізілген.

Әділет департаменті алқасының хаттамалық шешімдерінің орындалуы:

2015 жылдың 4-тоқсанында 3 алқа, 12 аппараттық мәжіліс хатталарымен, ал 2016 жылдың осы кезеңіне дейін 4 алқа, 48 аппараттық кеңестің, шұғыл мәжіліс хаттамалары, хаттамалық шешімдерінің орындалуы бойынша тиісті жұмыстар атқарылғандығы жөнінде ақпараттар департаментке жолданған, іске тігілген.

Жоспарлау, хатамалық шешімдердің орындалуы бойынша есептердің жолдануы: ОҚО Әділет департаментінің бұйрықтарының, алқа хаттамаларының және басқарманың жұмыс жоспарларының орындалуы туралы тоқсандық есептер уақытылы жолдалған.

2015 жылдың қазан-желтоқсан айларында 16 тұлғадан, ал 2016 жылдың басынан осы кезеңге дейін  73 тұлғадан сауал келіп түскен. Азаматтар тарапынан ең жиі туындаған сауалдар тіркеу қызметіне қатысты, соның ішінде заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібі және зияткерлік саласына қатысты мәселелер.

Сенім телефоны арқылы басқарма қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты сыбайлас жемқорлық пен құқықтық бұзушылық жасау фактілері бойынша арыз-шағым, хабарламалар түспеген. ОҚО Әділет департаментіне ай-сайын, тоқсан сайын ақпараттар жолданып отырған.

Жауапты қызметкермен басқарма басшысына ай-сайын ақпарат жасалған.

Сенім телефоны жайлы хабарландырулар тоқсан сайын жергілікті 2016 жылдың 1 тоқсанына - «Шымкент келбеті» газетінің 25.12.2015 жылғы №52, 2 тоқсанына – 08.04.2016 жылы №28, 2016 жылдың 3 тоқсанына – 29.06.2016 жылы №51, 2016 жылдың 4-тоқсанына -  23.09.2016 жылғы №76 сандарында жарияланған.

Жоғарыда көрсетілген салалар бойынша электрондық форматта тиісті құжаттардың нысандары беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Құқықтық түсіндіру саласы бойынша:

Басқармамен құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда департаментке ұсынған есептері бойынша 2015 жылдың 4-тоқсанында БАҚ-да 11 мақала жарияланып, 3 телеарна, 6 радио,  4 дөңгелек үстел, 18 дәріс, семинар кеңес және 2 ашық есік күні өткізілген.

Ал, БАҚ-на  45  мақала жарияланып, 14  телеарнадан шығу, 17 - радиодан сұхбат беру,  26 дөңгелек үстел, 72 дәрістер мен семинар кеңес, 4 ашық есік күні өткізілген.

ҚР ӘМ-ң веб-сайтына 0 ақпарат, ӘД-ң веб-сайтына 72 /2015 жылдың 4 тоқсанында 21/ ақпарат  орналастырылған.

Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақсарту бойынша басқарма басшысы С.Акбаровтың «Шымкент-келбеті» газетінің 01.04.2016 жылғы №26 санында «Бизнесті дамытудың тірегі» және 28.09.2016 жылы «Бәсекелестік-маңызды фактор», Бизнес және саясат» газетінің 29.08.2016 жылы №10 санында «Бүкіләлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілекттік индекс көрсеткіштерін жақсарту» тақырыбында мақаласы сондай-ақ, «Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттіліктегі рейтингі» «Уақыт талабы» газетінің 09.12.2016 жылғы №46 (227) нөмірінде және 21.07.2016 жылы «Love» радиосынан сұхбат берген.

ОҚО кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жеке кәсіпкерлердің қатысуымен 2-ашық есік күні өткізілген.

Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттік индекс көрсеткіштерін жақсарту бойынша мамандармен 7 мақала жарияланып, 4 дәріс, 4 дөңгелек үстел, 3 телеарнамен радиодан сұхбат, 2 семинар өткізілген.

Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттік индекс көрсеткіштерін жақсарту бойынша әзірленген 6200 жадынамалар таратылды.

Зияткерлік меншік құқықтар саласы бойынша басқарма басшысымен 2015-2016 жылдарға арналған істер номенклатурасы, 3-1, 3-2, 3-3, 3-4, 3-5, 3-6, 3-7, 3-8 Қағида талаптарына сәйкес бекітіліп, тиісті құжаттар арналған.

Арыз-шағымдар бойынша: басқарманың зияткерлік меншік құқықтары саласының қызметіне қатысты тексеру мерзімінде құқық иегерінің немесе құқық бұзушының шағым-арыздары түспеген.

Насихат жұмыстары бойынша: зияткерлік меншік саласы бойынша 2015 жылдың қараша мен желтоксан айлары аралығында  1 семинар, 1 мақала,  1 дәріс жұртшылық үшін  оқылған.

2016 жылдың қантар айынан бүгінгі таңға дейін 5 мақала жарияланып, 8 семинар, 3 дөңгелек үстел, 3 телеарнада сұхбат беру, жұртшылық үшін 11 дәріс оқылған.

Веб-сайт бойынша: 2015 жылдың қыркүйегі мен желтоксан айлары аралығында зияткерлік меншік құқықтар саласындағы құқықтық насихат жұмыстары жүргізіліп, ол бойынша Веб-сайтқа 3 мәлімет берілген. Ал, 2016 жылдың қаңтар айынан бүгінгі таңға дейін зияткерлік саласы бойынша Веб-сайтқа 18 мәлімет берілген.

Басқарманың кеңсе қызметі бойынша

        Кеңсеге жалпы кіріс 2015жылы 12311 құжат, 2016 жылы 19312 құжат қабылданып, 2015 жылы 11545 құжат, 2016 жылы 18772 құжат шығыстанып жолданған. Ал  жеке тұлғалардан  2015 жылы 102 өтініш, 2016 жылы 84 өтініш және  заңды тұлғалардан 2015 жылы 215 өтініш, 2016 жылы 29  өтініштер келіп түскен.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша:

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласының 2016 жылдың  қорытындысы жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге жалпы 19585 (2015 жылдың қорытындысы 21346) өтініш қабылданған, оның ішінде 561 (2015 жылдың қорытындысы 620) өтініш мемлекеттік тіркеуден тоқтата тұрылса, мемлекеттік тіркеуден 407 (2015 жылдың қорытындысы 343) өтініш мемлекеттік тіркеуден бас тартылған. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы бойынша саны – 2151 (2015 жылдың қорытындысы 2284) және құжаттардың телнұсқасын беру саны 772 (2015 қорытындысы 592) қызметтер көрсетілген.

Мемлекеттік тіркеуден 2016 жылдың қорытындысы есебінде 22 341 743,25 (2015 жылдың қорытындысы 31 481 315) теңге алым сомасы өндірілген.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу «ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 30 наурызындағы №428 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2010 жылғы №09 желтоқсанындағы №1338 қаулысына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауырпалықтарды) тіркеуді мемлекеттік қызмет стандартының жеделдетілген түрде жүргізілген алым ставкаларына байланысты мемлекеттік тіркеу саны 55 (2015 жылдың қорытындысы 376), одан 3 223 920 (2015 жылдың 5 041 830) теңге алым сомасы өндіріліп, жеделдетілген тәртіппен тіркелген.

Жылжымайтын мүлікке электронды тіркеу саны – 7286 (2015 қорытындысы 6939).

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 460 бабына сәйкес, тіркеу мерзімі өткен құжаттар бойынша 260 әкімшілік іс  (жеке тұлға – 247, заңды тұлға - 13) (2015 жылдың қорытындысы жеке тұлға –165, заңды тұлға - 8) қозғалып, мемлекетке 3 223 920 (2015 жылдың қорытындысы 2 893720) теңге алым сомасы өндірілген.

2014 жылдың 30 маусымында «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» №213-V ҚРЗ санды Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2016 жылдың қорытындысы бойынша есебінде рақымшылық жасалған жылжымайтын мүліктерді тіркеуге    745 өтініштер түсіп тіркелген. Яғни оның 743-і тұрғын үй объектілері, 2-уі тұрғын емес. (2015 жылдың қорытындысы 297-і тұрғын үй объектілері, 1-уі тұрғын емес)

Шымкент қаласы Абай ауданы әділет басқармасының қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты арыз шағым болмаған.

 

С. АКБАРОВ,
Шымкент қаласы Абай аудандық әділет басқармасының басшысы

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.