Шымкенттік ХҚО мамандары қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Пятница, 21 Октябрь 2022 11:08 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2994 раз

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Оның аясында ХҚО қызметкерлері таңертеңнен клиенттерге Kazakhstan шоколады мен кәдесый ретінде жалаулар таратуда. Қызмет алушылар мемлекеттік рәміз атрибуты бар тәттілерді сыйға алуда. Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекені қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Науқан кешке дейін жалғаспақ.

 

13.30.51

 

Мамандардың мәліметінше, мереке күндеріне байланысты сенбіде Шымкеттік ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі жұмыс кестесі бойынша 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 20:00-ге дейін қызмет істейтінін еске салады.

24 қазан күні тек кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні қызмет алушылар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.

23 және 25 қазан - демалыс күндері. 26 қазаннан бастап барлық орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Последнее изменение Пятница, 21 Октябрь 2022 11:16
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.