ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ ХҚО-ДАН ДАЙЫН ҚҰЖАТТЫ «ЯНДЕКС» ЖЕТКІЗЕДІ

Понедельник, 14 Ноябрь 2022 10:59 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 655 раз

Дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа қызмет Шымкентте де іске қосылды. Енді дайын құжатты алу үшін ХҚО-ға қайта келудің қажеті жоқ. Корпорация "Яндекс жеткізу" жүйесімен бірлесіп, құжат жеткізудің неғұрлым жылдам әрі ыңғайлы, баламалы тәсілін іске қосты.

Клиент құжаттарды ХҚО-ға тапсырғаннан кейін оған веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады, сол жерде өтінімді толтырып, мәліметтерді енгізіп және жеткізу ақысын сол сілтеме арқылы төлеуге болады. Нақты уақыт режимінде курьердің жол қозғалысын қадағалап, онымен Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады. Қосымша жоқ болған жағдайда жеткізілімді SMS-те келген сілтеме арқылы карта виджетімен бақылауға болады.

 

tconn

 

«Қызмет ақылы, құны көрсетілген мекенжайдың орналасқан жеріне, жолдағы кептелістерге, жол жүктемесіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Жеткізу уақыты – 15 минуттан 2 сағатқа дейін. Қызмет іске қосылғаннан бері 300-ге жуық құжат жеткізілді», – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Дайын құжаттарды жеткізу 150 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді, олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттар, жер учаскелеріне актілер, апостильденген білім туралы құжаттар, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқалары және басқалар бар. Бұл ретте жеткізу сервисіне жеке куәлік, паспорт және жүргізуші куәлігі сияқты құжаттар кірмейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.