Шымкенттегі кезекші ХҚО жаңа мекенжайға ауысты

Пятница, 25 Ноябрь 2022 12:16 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3382 раз

Шымкент қаласы бойынша кезекші ХҚО жаңа мекенжайда жұмыс істейді. Бұған дейін Қаратау ауданы, Төлеметов көшесі, 35  мекенжайында орналасқан кезекші ХҚО енді Мәделі Қожа көшесі, 16/1  ғимаратында қызмет алушыларды қабылдайды.

Кезекші ХҚО сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма), ал сенбі күні 09:00-ден 13:00 дейін жұмыс істейтін болады.

Еске сала кетейік, кезекші автоХҚО  әдеттегі кесте бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі күні сағат 13:00 дейін ашық.

Сондай-ақ,  мемлекеттік қызметтер онлайн форматта қолжетімді. Оларды Egov порталы, Egov mobile мобильдік қосымшасы және @Kenes1414Bot телеграмм-бот арқылы алуға болады.

Последнее изменение Пятница, 25 Ноябрь 2022 12:22
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.