Версия для печати

2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау

Понедельник, 05 Декабрь 2022 12:19 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3973 раз
Оцените материал
(0 голосов)

БҰЙРЫҚ

 

Шымкент қ.                                  № 25-ө                     2022 жылғы 05 желтоқсан

 

 

2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау

аясында Парламент Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттарға

«Shymkent kelbeti» және «Панорама Шымкента» газеттерінде сайлауалды

үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін баспа алаңын беру

шарттары мен тәртібі туралы

 

 

2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау аясында Парламент Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін баспа алаңын беру бөлігінде Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарын мүлтіксіз орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау аясында Парламент Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti»және «Панорама Шымкента» газеттерінен баспа алаңын берудің шарттары мен тәртібі туралы ереже бекітілсін (1-қосымша).

2. 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау аясында Парламент Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti»және «Панорама Шымкента» газеттерінен баспа алаңын ұсын бойынша төлем мөлшері бекітілсін (2-қосымша).

3. Осы бұйрық 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау аясында Парламент Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti»және «Панорама Шымкента» газеттерінен баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы Ереже газеттердің www.shymkala.kz ресми сайтында жариялансын.

4. «Шымкент ақпараттық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарнама қызметіне:

1) 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау аясында Парламент Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti»және «Панорама Шымкента» газеттерінен баспа алаңын берудің шарттары мен тәртібі туралы осы бұйрықпен бекітілген Ереженің талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықтың 3-тармағының орындалуын қамтамасыз етілсін;

3) осы бұйрықтың көшірмесін орталық және жергілікті сайлау комиссияларына қосымшаларымен бірге ұсынылсын;

4) осы бұйрықтың көшірмесін "Шымкент ақпараттық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысушысының өкілетті өкіліне (қатысушының өкілетті өкілінің міндетін атқарушы тұлғаға) қосымшаларымен толық көлемде ұсынуға міндетті.

5. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Директор                                                             Н. ОРИМБАЕВ

 

 

 

 

«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директорының

2022 жылғы 05 желтоқсандағы №25-ө бұйрығына

№1 қосымша

2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау

аясында Парламент Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттарға

«Shymkent kelbeti» және «Панорама Шымкента» газеттерінде және газеттердің www.shymkala.kz ресми сайтындасайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін баспа алаңын беру шарттары ментәртібітуралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ереже

         1. 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау аясында Парламент Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti»және «Панорама Шымкента» газеттерінен және газеттердің www.shymkala.kz ресми сайтындабаспа алаңын ұсынудың шарттары мен тәртібі туралы бұл ереже /бұдан әрі - Ереже/ Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдылығы шеңберінде жасалып, сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың тәртібін ұсынады.

         2. Бұл ережені қолдану кезінде 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау аясында Парламент Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттардың қайсысын жақтап, не қарсы дауыс беруге шақырған сайлаушылардың ынтасын оятуға үндеген кез келген материал оның көлемі мен тақырыбына қарамастан сайлау алдындағы үгіт-насихат материалы деп танылады, соның ішінде мына мазмұндағы материалдар:

         1) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға қатысты тура немесе жанама ықылас білдіру, оның ішінде сайлаушы /сайлаушылар тобы/ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың қай-қайсысын жақтап дауыс беретіндігі көрсетілуі тиіс;

          2) Сайлау қорытындысының мүмкін болатын жағымды немесе жағымсыз әсерлер туралы пікірлер;

     3) Сайлаушылардың осы кандидат туралы жағымды немесе жағымсыз пікірлерін қалыптастыруға қабілеті бар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың іс-қимылы (немесе үнсіз отыруы) туралы мәліметтер;

                4) Сайлауға қатысты қоғамдық пікір сауалнамаларының қорытындысы.

         3. Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау 2022 жылғы 24 желтоқсанда жергілікті  уақыт бойынша 18 сағатта басталады және 2023 жылғы 13 қаңтарда нөл сағатта аяқталады.

             4. Газет редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын, егер ол республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық жөне рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, сондай-ақ заңда қаралмаған әскери құрылымдардың құрылуын насихаттаған мазмұнда болса, ондай мәліметтерді (материалдарды) жариялаудан бас тартады.

           5. Газет редакциясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың арына, адамгершілігі мен іскерлік қабілетіне дақ түсіретін мәліметтерді (материалдарды), егер мұндай ақпарат редакцияға тиісті құжаттармен қуатталып ұсынылмаған жағдайда жариялаудан бас тартады.

      6. Газет редакциясы мынадай жағдайда сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартады:

        - егер жарияланымның қаржыландыру көзі туралы мәлімет жоқ болса, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңымен рұқсат етілмеген көздерден қаржыландырылса;

    - сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыратын адамның (өкілдің) өкілеттігі тиісті құжаттармен қуатталмаса;

      - егер ұсынылған материал бірнеше беттен тұратын жағдайда оның әрбір бетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың немесе өкілетті адамның қолы болмаса;

         - қандай да бір заңды тұлғаның бет-бейнесі бар сайлауалды үгіт-насихат материалдары бойынша егер әлгі адамның жазбаша рұқсаты болмаса (ол егер қайтыс болған жағдайда оның заңды мұрагерінің жазбаша рұқсаты керек) ондай заңды тұлғаның бет-бейнесін сайлауалды үгіт-насихат материалында пайдалануға;

         - газеттерден орын беру жөніндегі келісім-шарт пен осы Ережеде бекітілген сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың ақысы мерзімінде төленбесе.

         7. Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген тәртіп бойынша наразылық келтірілуі мүмкін.

         8. Газет редакциясының лауазымды тұлғалары сайлауалды науқан барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 29-бабы 1-тармағында көрсетілген материалдарды жариялаудан басқа, айтылған сөздер үшін жауапкершілікті мойнына алмайды.

        9. Егер сот жарияланған сайлауалды үгіт-насихат материалдарын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың ар-намысына, адамгершілігі мен іскерлік қабілетіне дақ түсірген деп тапса, онда газет редакциясы таяудағы нөмірлерінің бірінде тиісті адамға басылым бетінен сол бетке, сол көлемде және сол әріппен ар-намысын, адамгершілігін, іскерлік қабілетін қорғау мақсатында қарсы материал жариялауға мүмкіндік береді.

Қарсы материал жариялау жөніндегі өтінішке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың ар-намысына, адамгершілігі мен іскерлік қабілетіне дақ түсіргендігі туралы сот шешімінің көшірмесі қоса тігілуі тиіс.

 

2. Сайлауалды үгіт-насихат жүмыстарына материал ұсыну мен
жариялаудың тәртібі

 

   10. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт-насихат материалдарын баспа бетінде жариялауға мына жағдайлар негіз болып табылады:

          - мүдделі тұлғаның газет редакциясы директорының атына жазылған өтініші. Мүдделес тұлға (бұдан әрі — Өтініш беруші) болып Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың өкілетті адамы саналады:

         - газет редакциясы мен Өтініш беруші арасында жасалған сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау жөніндегі (баспасөзден орын беру) келісім-шарт;     

       11. Газет редакциясы өтінішке және жариялауға қабылдаған материалға тігілуге тиіс өтініш берушінің өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмесін жасап беруге құқылы.

           12. Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын қабылдау мерзімі, сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға негіз болып табылатын соңғы іс-әрекетті орындау мерзіміндегі жұмыс күні болып табылады.

Заңдық мониторингі қорытындысында сайлауалды үгіт-насихат материалдары Қазақстан Республикасының сайлау заңдылығының талаптарына жауап бере алмайтын болса, оны өкелген екінші күн қабылдау күні болып саналады (редакцияның материалдарды қабылдау туралы белгісі бойынша қателіктер жойылғаннан кейінгі күн).

           13. Өтініш беруші сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау жөніндегі өтініште материалды жариялаудың мерзімі туралы ұсынысын (газеттердің шығу мерзімін есепке алғанда) және орналасатын орнын (газет бетінің жоғары, төмен бөлігі, «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау» тақырыптық бөлімінің бірінші, екінші және т.б. беттері) көрсете алады.

Материалды жариялау мерзімі сайлауалды үгіт материалы қабылдауға тапсырылған күннен 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмеуі тиіс.

Талап етілген бет алаңы газеттің бір шығарылымындағы бір стандартты газет бетінен жоғарыламауы тиіс.

           14. Бірнеше Тапсырыс берушінің бір күнтізбелік күнге және сайлау алдындағы үгіт материалдарын қабылдау уақыты, сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) ұсыну белгіленген орны газеттің бір шығарылымына қатар келіп қалған жағдайда мұндай Тапсырыс берушілердің арасында жеребе тасталады.

Жеребенің өткізілетін күнін, уақыты мен орнын газеттің редакциясы белгілейді. Сонымен қатар, жеребе тастау оның әлеуетті қатысушыларына хабарлама жіберілген сәттен бастап, 24 сағат өткеннен ерте басталмауы тиіс.

Жеребе өтетін күні, уақыты және орны туралы өтініш берушілер жазбаша түрде (факспен, электронды почтамен немесе басылым алаңын ұсыну туралы келісім-шартта көрсетілген мекенжайға арнайы) хабарлайды.

Жеребе тастауға қатысу үшін хабарландырылған Өтініш берушінің келмей қалуы оны өзгертуге негіз болып табылмайды. Мұндай жағдайда жеребе тастауға қатысқан Өтініш берушілердің арасында өтеді. Жеребе тастауға қатыспаған Өтініш берушілердің қатысу кезегі Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 37-бабымен реттелетін тәртіпке сәйкес белгіленеді.

Жеребеге қатыспаған Өтініш берушінің сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру реттілігін газет редакциясы, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңы 37-бабының ережелері есебінен дербес анықтайды. Жеребе өткізу кезінде сайлауалды үгіт мате- риалдарын (1, 2, 3 және одан ары жеребеге қатысушы Өтініш берушілердің саны бойынша) орналастыру реттілігі анықталады. Жеребе тастау нәтижесінде 1 нөмірді алған Өтініш берушінің сайлауалды үгіт материалдары оны орналас- тыруға тапсырыс берген орнына орналастырылады. Жеребеге басқа қатысу- шылардың сайлауалды үгіт-насихат материалдары басқа тапсырыс беруші- лердің материалдарынан кейін (материалдардың орналасу орны тікелей орналасу орнынан кейін орналасуына тапсырыс берілген, бірақ жеребе заты табылмаған) жеребенің қорытындысы бойынша алған нөмірлік тәртібімен орналасады.

Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру орнына жеребе тастау қорытындысы дауласуға жатпайды.

            15. Сайлауалды үгіт-насихат материалы (бұқаралық ақпарат құралында есепке қою туралы куәлігінде белгіленген тілде) бір дана болып қағазға басылған түрде қабылданады.

Өтініш берушінің қалауымен сайлауалды үгіт-насихат материалы қағазға басылғанымен, бір мезетте электронды түрде газет редакциясымен келісілген электронды нұсқада) ұсынылуы мүмкін.

Сайлауалды үгіт-насихат материалында қаржыландыру көзі туралы мәлімет көрсетілуі жөне Тапсырыс берушінің қолы қойылуы, әр бетіне виза қойылуы (егер ұсынылған баспа беті бір данадан асатын болса) тиіс.

Сайлауалды үгіт-насихат материалында бейне, сурет және т.б. салынған болса, тиісті нұсқада және жариялауға қажетті сапаны қамтамасыз ете алатын газет редакциясымен келісілген) тасымалдағыш нұсқада ұсынылады.

           16. Сайлауға байланысты қоғамдық пікірдің сауалнамасының қорытындысы туралы материалдарда сауалнаманы жүргізген ұйым, сауалнаманы жүргізген, сауалнамаға тапсырыс берген және ақысын төлеген тұлғалар, сауалнаманың жүргізілген уақыты, ақпаратты жинақтау әдісі, сауалнамаға қатысқандардың саны және сауалнаманың нәтижесінің айырмашылық коэффициенті көрсетілуі тиіс.

         17. Газеттің кезекті шығарылымына сайлауалды үгіт материалдарын жариялауға қабылдау газеттің сол шығарылымына басуға тапсырғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын сағат 18.00-де аяқталады.

Жеребе өткізу және газеттің кезекті шығарылымына жарияланатын сайлауалды үгіт-насихат материалдарына арналған осы Ережеде көзделген басқа да шаралар газеттің сол шығарылымына басуға тапсырғанға дейін бір күн бұрын сағат 18.00-ге дейін аяқталуы тиіс.

           18. Газет редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалына ұсынылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей заңгерлік мониторинг жүргізуге құқылы.

Заңгерлік мониторинг нәтижесінде сайлауалды үгіт материалының Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда газет редакциясы оны жариялауды тоқтатып, ол туралы Өтініш берушіге (электронды почтамен немесе басылым алаңын ұсыну туралы келісім-шартта көрсетілген мекенжайына арна- йы) Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілеріндегі нақты ережеге сілтеме жасай отырып, сайлау заңнамасының бұзылғанын анықтаған мөнін көрсете отырып хабарлама жібереді.

Сайлауалды үгіт материалының Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіні туралы газет редакциясының хабарламасын алғаннан кейін тапсырыс беруші анықталған сәйкессіздікті түзетуге немесе (жазбаша нұсқада) сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау туралы (толығымен немесе белгілі бір бөлігін) өтінішін қайтып алуға құқылы.

           19. Тапсырыс беруші сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау туралы өз өтінішін (толығымен немесе белгілі бір бөлігін) өз бастамасы бойынша материалдың жариялау күні белгіленгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарып алуға құқылы.

           20. Материалды жариялау туралы өтініш қайтарып алынған жағдайда газет редакциясы Өтініш берушінің осы қайта шақыруы туралы хабарламасын алған сәттен бастап тоқтатылады.

Мұндай жағдайда сайлауалды үгіт-насихат материалына (материалдарына) басылым алаңын ұсыну туралы келісімшарт бойынша төленген ақша шақыры- лып алынған жарияланым бағасының 50 (елу) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық сомасы шегеріліп, тапсырыс берушіге қайтарылады.

 

3. Қорытынды ереже

           Осы Ереже Өтініш берушінің танысуына, одан сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялау туралы өтініш қабылданған кезде ұсы- нылып жөне сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялау үшін басылым алаңын ұсыну туралы келісімшарт жасалады.

 

 

 

«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директорының

2022 жылғы 05 желтоқсандағы №25-ө бұйрығына

№2 қосымша

2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау

аясында Парламент Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттарға

«Shymkent kelbeti» және «Панорама Шымкента» газеттерінде сайлауалды

үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін баспа алаңын беру

төлемақы мөлшері

         Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 3-армағына сәйкес мемлекеттен бөлінген қаржы есебінен төленетін сайлауалды материалдар:

    - ішкі беттерге 1 ш.см - 250 теңге

    - соңғы бетке 1 ш.см - 300 теңге

         - сайтқа жариялау - 100 000 теңге.

  ЕСКЕРТУ: Көрсетілген баға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттыққа тіркелгендердің бәріне бірдей қатысты болып табылады.

Последнее изменение Четверг, 05 Январь 2023 09:57
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.