Версия для печати

Шымкенттіктер жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын онлайн ала алады

Вторник, 06 Декабрь 2022 10:39 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3880 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының тұрғындары ХҚО-ға бармай-ақ, жылжымайтын мүлік техпаспортын egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн ала алады. Бұл қызметті қалай алуға болатыны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.

Электронды техпаспортты электронды үкімет порталында алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электронды өтініш беру» қызметін таңдау қажет. Пәтерлердің, жатақхана бөлмелерінің, жеке гараждардың және саяжай құрылыстарының құқық иелері онлайн сұрау салғаннан кейін тізімде көрсетілген құжаттарды тіркеуі қажет.

Құжатты дайындау мерзімі жылжымайтын мүлік түріне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердің, жатақханалардағы бөлменің техпаспорты үш жұмыс күні, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына бес жұмыс күні өткен соң беріледі.

Пәтер, жатақхана бөлмесі, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына рәсімделетін электронды техпаспорт ХҚО-да қолтаңбамен расталып, мөр басылып берілетін құжаттағыдай бірдей деректерді қамтиды. Техпаспорттың электронды баламасы мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің электронды-цифрлық қолтаңбасымен расталатын болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша жыл басынан 5 мыңға жуық тұрғындар жаңа техникалық паспортты электронды тәсілмен алған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.