ХҚО-лар мерекеде қалай жұмыс істейді?

Вторник, 13 Декабрь 2022 08:30 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4517 раз

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы қала тұрғындарын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтайды және мереке күндеріне байланысты қаладағы ХҚО және мамандандырылған ХҚО 2022 жылғы 16 желтоқсан күні жұмыс істемейтінін хабарлайды.

17 желтоқсан, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін кезекші ХҚО және автоХҚО-ға мемлекеттік қызмет алуға жүгіне аласыз. Ал 19 желтоқсаннан бастап әдеттегі жұмыс тәртібінде қызмет көрсетеді.

Еске сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы демалыс және мереке күндері де онлайн алуға болады. Сондай-ақ, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egovmobile қосымшасы және Kaspi және Halyk Homebank банктік қосымшалары арқылы да онлайн алуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.