МӘМС бойынша 270 науқасқа сәтті ота жасалды

Пятница, 24 Февраль 2023 06:49 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4976 раз

ota-mams

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі мемлекетімізде әр азаматқа медициналық көмекті қолжетімді ету, тегін медициналық көмектін кепілдік берілген көлемі шеңберіне кірмейтін қымбат медициналық көмек, жоғары технологиялық оталарды тегін алу мүмкіндігін берді.

Шымкент қалалық №4 емханасында 2022 жылы МӘМС пакеті аясында 270 науқасқа, ал ТМКК-нің жаңа моделі бойынша 32 науқасқа ота жасалды.Сондай пациенттің бірінің диагнозын сараласақ.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясында пациент Шымкент қаласының тұрғыны А.Ұ.С. екі ай шамасында өзін әлсіз сезініп және тәбеті жоқ екенін айтып шағымданып келген болатын.

– Шымкент қалалық № 4 емхана қызметкерлері қысқа мерзімде барлық қажетті талдауларды, құжаттарды жинауға, порталға тұруға көмектесті, – дейді пациент. УЗИ нәтижесі бойынша түрлі талдаулар мен тексерулер барысында дәрігерлер пациенттен бауырында эхинакок құрты пайда болғанын анықтады. Медицина қызметкерлері бұл жағдайда жедел шаралар қабылдап, ота сәтті өтті.  

– Шымкенттік дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында дертімді жеңдім. Шымкент қалалық № 4 емхана дәрігерлеріне көрсеткен көмектері үшін ризашылығын білдіремін, – деді пациент жүрекжарды тілегін жеткізіп.

Қазақстандықтар үшін МӘМС шеңберінде емдеу тегін жүргізіледі. Қазір пациентіміз өзін жақсы сезінеді, отадан кейін жүргізілген талдаулар оң нәтиже көрсетті. Енді үш айдан кейін тағы да УДЗ жасатып, денсаулығы дәрігерлердің бақылауында болады. Бұл жерде сақтандырылған пациент ретінде емханада медициналық қызмет тегін көрсетілді.

Дина КАРАБАЛИНА,
Шымкент қалалық № 4 емхананың
бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.