Қазақстан Республиканың өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 25 жыл толғалы отыр.
Еліміз тәуелсіздік алғалы Президентпен, Қазақстан Республикасының Үкіметі ел экономикасын түрлендіру және дамыту бойынша көптеген Заңдар мен Қаулылар қабылданды.
Соның ішінде ағымдағы жылдан бастап мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылады. Бұл талаптар мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес күшіне енген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айтылған.
Жаңа Әдеп кодексінде қабылданған шешімдердің заңдылығы, әділдік пен ашықтықтығын қамтамасыз ету, қызметтік міндеттерді тиімді орындау және кәсіби деңгейін арттыру, жеке мәселелерді шешу тұрғысында қызметтік лауазымын пайдалануға тыйым салу, іскерлік әдеп пен ресми іс-қимыл ережелерін сақтау секілді жайттар толық қамтылған. Сондықтан да аталған кодекс мемлекеттік қызметкерлерге үнемі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға нақты талап қояды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті және ресми іс-қимыл ережелерін ұстануы, сырт келбетінің қарапайым әрі ұқыпты болуы үйреншікті жағдайға айналуы керек.
Сонымен қатар «халық қызметшісі» қоғам тарапынан сын тудыруы мүмкін шындыққа жанаспайтын ақпараттарды таратуға кез келген қимылды болдырмауы, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Шымкент қаласының
жер қатынастары
бөлімінің басшысы Қ.Сайлауов