СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС БАҒЫТЫНДА 2016 ЖЫЛДЫҢ 11-АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ШАРАЛАР

Вторник, 06 Декабрь 2016 12:16 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3647 раз

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын» орындау туралы 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шымкент қалалық № 4 бөлімімен 2016 жылдың 11-айында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің консультантының қатысуымен ҚР 18 қараша 2015 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңында қамтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері және олардың өкілеттіктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою тараулары бойынша семинар өткізілді. Мұнымен қоса, кең ауқымда түсіндірме жұмысы өтіп, онда жемқорлық көрінісіне себеп болып, пара алған тұсынан құқық қорғау орган қызметкерлерімен ұсталып, сыбайлас жемқорлық оқиғасы бойынша заңмен қатаң жазаланған азаматтар бойынша бейне-роликтер, фото-суреттер көрсетілді. Яғни, бөлім мамандарына осындай сипаттағы бейне-роликтер және фото-суреттерді көрсетудің мақсаты осы іспеттес жағдайға тап болмау, пара алмау, сондай-ақ қызметте сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу, оның алдын алу болып табылады.  

Сонымен қатар, аталмыш заң аясында мемлекеттік органдардың мамандарымен насихаттау жұмыстары жүргізу бағытында іс-шаралар өтті. Мәселен, Шымкент қаласының Еңбекші аудандық әділет басқармасының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Білім бөлімі мамандарының, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері, сондай-ақ Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші ПБ КҚПБ мен Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру спорт басқармасының қызметкерлері, Шымкент қаласы сәулет және қала құрылыс бөлімімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚОФ-«Жылжымайтын мүлік орталығы» мамандарының қатысуымен бөлімде семинар-сабақтар өтті.

Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 жарлығы бойынша «Нұр Отан» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының орынбасарының өтуімен бөлім мамандарына тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Еңбекші аудандық филиалымен келісе отырып, саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың бірлесуімен «Біз Жемқорлыққа қарсымыз!» атты ақциялар мен ашық есік күні өтті.

Жоғарыда аталған тиімді іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын насихаттау жәнесыбайласқан қылмысқа қарсы күреске бағытталып, жемқорлық көрінісіне жол бермеу мен оның алдын-алу мақсатында жасалды.


«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы-«ХҚКО»
департаменті Шымкент қалалық № 4 бөлімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.