Қазақстанда өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері

Среда, 08 Февраль 2017 10:29 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4447 раз

crop 107 1485408641

Мемлекет басшысының өкімімен құ­рыл­ған Мемлекеттік билік тармақтары ара­сын­дағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жө­нін­дегі жұмыс тобы жұмысының нәтижелері бойынша Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 25 қаң­тарда Қазақстан халқына арнайы үндеу жасады, онда мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлудің негізгі бағыттарын айқындап берді.

Біріншіден, бұл Конституцияда бел­гі­ленген өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі. Ұсынылып отырған түзетулер ресми БАҚ-та бұ­рын жарияланған және олармен барлығы та­ныса алады және өз ұсыныстарын бере ала­ды.

Екіншіден, бұл Республика Президентінің заңда белгіленген әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу бойынша және Республика Президентінің Мемлекет басшысы ретіндегі конституциялық мәртебесін қозғамайтын өкі­леттіктерін төменгі деңгейге беру мәсе­ле­лері.

Республика Президенті Үкіметке тиісті заң жобасын әзірлеуді және Парламенттің ағым­дағы сессиясының соңына дейін оны қабылдау үшін Парламенттің басым жос­па­ры­на енгізуді тапсырды.

Әділет министрлігі қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осын­дай заң жобасын әзірлеуде.

Бүгінде Мемлекет басшысы ретін­де­гі мәртебесін айқындайтын және Кон­сти­туцияда көзделген Республика Пре­зи­дентінің өкілеттіктерімен қатар, әдетте, ат­қа­ру­шы билік тармағына тән мемлекеттік басқару саласына жататын заңнамалы түрде белгіленген көптеген ұйымдастырушылық-құқықтық және басқарушылық өкілеттіктер бар.

Осыған байланысты ел Президентінің бір­қа­тар басқарушылық өкілеттіктері мемлекет пен қоғамға қауіп төндірмей басқарудың төмен тұрған деңгейіне берілуі және Үкімет пен өзге де атқарушы органдардың арасында қайта бөлінуі мүмкін.

Нәтижесінде, жұмыс тобы Мемлекет бас­шысының Үкімет пен кейбір атқарушы органдарға берілуі мүмкін өкілеттіктерінің қайта бөлінуі бойынша 40 шақты ұсыныс әзірледі.

Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлі күшейтіледі. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Осыны басшылыққа ала отырып, Үкіметтің өкілеттігін бұрынғыдай Президенттің емес, жаңадан сайланған Мәжілістің алдында тоқтатуы заңды болмақ. Үкімет мүшелеріне Парламент палаталары тарапынан сенімсіздік білдіру тәртібі оңайлатылады. Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Үкімет толық жауапкер­шілікте болатындай, мемлекеттік бағдар­ламаларды бекіту тапсырылады.

Үкіметтің өзіне оның құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру мен тарату құқығы беріледі. Президент Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінің іс-әрекетінің күшін жою болмаса тоқтату құқығынан бас тарта алады. Мұның бәрі атқарушы мемлекеттік органдар мен оның басшыларының жауапкершілігін арттырып, қажетті өкілеттіктер береді.

Қазақстан Республикасының Президентімен ұсынылып отырған шаралардың маңыздылығын ескере отырып, конституциялық реформалардың жобасы Президенттің 2017 жылғы 25 қаңтар №141 Жарлығымен жалпыхалықтық талқылауға ұсынылды.

Аталған Жарлыққа сәйкес «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңының жобасы бүкілхалықтық талқылауға шығарылып, ол 2017 жылғы 26 қаңтар – 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізіледі.

Бұл Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев­тың арнайы үндеуінде айқындалған бәсеке­ге қабілетті ұлттық экономиканы қалып­тас­ты­ру­да және дамытуда мемлекеттік саясаттың қисынды жалғасы болып табылады.


                                                                                            Шымкент қаласы Еңбекші аудандық
                                                                                           әділет басқармасының басшысы
                                                                                           БОТАН Дина Балтабекқызы
                                                                                           «Қазақстан Заңгерлер Одағы»
                                                                                           РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.