Сыбайластықпен күрес

Пятница, 10 Февраль 2017 09:09 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3720 раз

Сыбайлас жемқорлық қоғамға жат әлеуметтік құбылыс ретіндегі саяси, экономикалық, қылмыстық, әлеуметтік – мәдени күрделі байланыста болып келеді. Онымен күрес жүргізудің қиындығы да содан болып отыр. Сондықтан да сыбайлас жемқорлық әрекеттерін азайту қызметі мен оны одан әрі жою жолдары тек қана қылмыстық – құқықтық шараларымен ғана шектелмей, жан – жақты іс-шараларымен шешілуі қажеттігін айқын сезінуіміз қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең басты өзекті мәселесі – жеке азаматтарға және мемлекетке материалдық үлкен шығын алып келуі. Қазіргі республикамыздың нарықтық экономика кезеңінде, сыбайлас жемқорлық қылмысымен қарсы күрес жүргізу мәселесі ең басты құндылық болып есептеледі.   Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерімен қалыптаспай келеді. Жалпы, бұл термин латынның «соrruptio» - «параға сатып алу» деген сөзінен шыққан. Яғни, лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресуде қолданыстағы заңның негізгі бағыттары - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

Аталмыш заңның ерекшелігі сол, билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып отыр. Лауазым иесінің қызметтік міндетіне жатпайтын әрекеттер, мысалы, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның, үшінші бір адамның пайдасына бағытталған іс-әрекеттер қылмыстық белгі құрамауы мүмкін. Сондай жағдайларда келеңсіз қылығы әшкере болған лауазым иесі аталған заң негізінде жауап береді. Мемлекеттің мүддесіне, халықтың мемлекетке, заңдарымызға деген сеніміне нұқсан келтіретін лауазым иесінің теріс әрекеті жазасыз қалмау керек.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, барлық мемлекет қызметшілеріне және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдарына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарына, ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салынатыны көрсетілген. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Бағдарлама мен жоспар құрамында ведомствоаралық, облыстық және аудандық деңгейде шешуді талап ететін ережелер бар.

Осыған сай, Оңтүстік Қазақстан Әділет департаментінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жұмыстары үнемі жүргізіліп, «сенім телефондары» мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасына сәйкес жасалынып жатқан іс-шаралары туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жоспарға сай жарияланып отырады.

Қорыта айтқанда, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың бөлінбес негізіне айналуы қажеттігін тағы да еске сала кеткім келеді. Мұнда мемлекеттік қызметтің мүмкіндігі емес, жауапкершілігі алға шығуға тиісті.


Бағдат ТАСПОЛАТ,

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әділет басқармасының құқықтық

түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету саласының инспектор-іс жүргізушісі,

 «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.