Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершілік артады

Пятница, 10 Февраль 2017 09:10 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3837 раз

Бес институционалдық реформаларын іске асыру бойынша «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» іске асыру мақсатында Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен жаңа Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі» (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілді. Яғни, егер бұрын қолданыстағы кодекс «Ар-намыс кодексі» деп аталған болса, енді «Әдеп кодексі» деп аталады. Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. «Әдеп кодексіне» сәйкес мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынас-та сыпайылық пен әдептілік танытуға,  өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс делінген. «Әдеп кодексінде» «Ар-намыс кодексіне» қарағанда мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы, сондай-ақ, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары кеңінен айқындалған және талаптар күшейтілген.

Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің жаңа жүгін артады. Ендігі жерде мемлекеттік органда жұмыс істейтін әрбір адам Президенттің «100 нақты қадамын» орындауда өзінің нақты сегментіне жеке жауап береді. Әрбір мемлекеттік қызметкер өзінің жұмысында «Жеке басың не істеді және не істемексің?» деген сұраққа кез келген уақытта нақты жауап беруге дайын болуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев тамыр-таныстық пен жемқорлыққа жол берілмейтін автономиялық мемлекеттік аппарат құруға шақырды. Қазіргі таңда «Меритократия» ұғымы саясат туралы күнделікті әңгімелерде жан-жақты қолданылуда. Бұл термин жеке тұлғаның қоғамдағы орны, оның ерекше қабілеттілігімен айқындалатын қажет жүйе. Осы жүйе бойынша әрбір басшының қызметтік баспалдақтарда өсуі төменнен бастап, барлық басқару баспалдақтарынан өтуі талап етіледі. Меритократиялық қоғам – «Әркімнен – мүмкіндігіне қарай», «Әркімге – еңбегіне қарай», ал «Мұқтаждарға – қажеттілігіне қарай» қағидаттарына негізделген. Қоғамды лайықты кәсіпқойлар басқаруы қажет екендігін өмірдің өзі алға тартуда. Кез келген билік өзін кәсіпқой және лайықты ретінде көрсетеді, – деді.


Ш .ҚАШҚЫНБАЕВ
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әділет басқармасының жылжымайтын
мүлікке құқықтарды тіркеу саласының инспектор-тіркеушісі,
«Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.