Билік тармақтарындағы өзгеріс - заман талабы

Вторник, 14 Март 2017 03:59 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2663 раз

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Мемлекеттік билік бұтақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі арнайы Үндеуін жариялады. Президент Үндеуі – ең алдымен елдің қарыштап дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Сондықтан, мүмкіндікті мейлінше пайдаланып, халық игілігі үшін жұмыс атқару қажет. Конституцияға, сонымен қатар, еліміздің заңнамаларына өзгерістер енгізетін уақыт жетті. Елбасы өз құзыретіндегі біршама өкілеттіктерді Үкімет пен Парламентке беріп отыр. Бұл – жаҺандық ахуал мен ғаламдық үдерістерге, технологиялық және әлеуметтік жаңғырту талаптарына берілген нақты жауап.

Біз егемендік алған күннен бастап тиімді президенттік басқару жүйесінің арқасында өзіміздің қазақстандық даму жолымызды қалыптастыра отырып, биік табыстарға жеттік. Президент айтқандай, жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрдық. Бүкіл әлем таныған мемлекетке айналдық.

Осы реформа жолында Конституцияға және көптеген заңдарға өзгерістер енгізіледі. Үкіметтің өкілеті кеңейіп, Парламенттің рөлі күшейеді. Конституциялық кеңестің, сот жүйесінің және прокуратураның қызметі жетілдірілетін болады. Президентіміздің Жарлығына сәйкес, конституциялық реформалар жобасы жалпы халықтық талқылауға шығарылады. Сондықтан ел болып, халық болып осы маңызды реформаны зор табыспен өткізіп, алға қойған мақсатымызға абыроймен жетеміз деп сенеміз.

 


Қанат Жексенбайұлы Сапаров

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық

Әділет басқармасының басшысы, «Заңгерлер Одағы»РҚБ мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.