Нақты істер жүзеге асырылуда

Среда, 15 Март 2017 08:42 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3290 раз

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі – жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша онымен қоса жүретін оның рейтингі. Жалпыға бірдей қол­же­тімді статистикалық мәліметтерге және компа­ния­лар басшыларының жаһандық сауалнама нәти­желеріне – Бүкіләлемдік экономикалық форум әріптес ұйымдар желілерімен – есепте талдау жасалатын елдердің жетекші зерттеу институттарымен және ұйымдармен бірлесіп өткізетін жыл сайынғы кең ауқымды зерттеулерге негізделіп, Бүкіләлемдік экономикалық фо­рум­ның әдістемесіне есептелген.

Негізгі индикаторлардың бірі «Меншік құқығы» бойынша жеке және заңды тұлғалардың жеке меншік құқықтарының қорғалуы ерекше назарға алынған. Елмзде нде мүлікті жария ету науқаны жүргізілгені белгілі.  Азаматтар өзінің түрлі жылжымайтын мүлкін еш жасырмай, немқұрлайлық танытпай, тіркеуге қою арқылы өзінің жеке меншік құқын қорғай алады. Бұл ретте мүлікті жария ету жөніндегі комиссияларға мүлікті дереу мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы қатаң тапсырма міндеттелген болатын.  Өзге де индекаторлар бойынша нақты істер атқарылуда. Бұл бағытта жеке бизнестің мемлекеттік органдар тарапынан әрекеттері мен шешімдерінің заңдылығын дауласу мәселелері бойынша әлсіз жақтарды нығайту, жеке меншікті қорғау, бизнесті тіркеу, контрафактілік өнімдердің алдын алу мен болдырмау жөнінде жұмыстарға негізделген. Мұның бәрі жеке меншік институтын дамытуға бағытталған іс-шаралар. Ал жеке меншік институтты дамыту – кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 2015 жылғы 17 шілдеде қабылданған болатын. Аталған құжат бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңсыз актілер шығаруы нәтижесінде меншік иелерінің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікті нақтылау ұсынылады. Бұл ретте меншік иелеріне келтірілген шығындар мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның кінәлі, кінәсіздігіне қарамастан өтілетін болады әрі бұл сот шешімі арқылы жүзеге асады.Бұдан бөлек, заң жобасында кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы нормаларды екіұдай түсінуді болғызбау қарастырылады.

 

Р.АҚБАСОВ,
Шымкент қаласы Абай аудандық Әділет басқарамасының инспектор тіркеушісі, ОҚО заңгерлер одағының мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.