«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Среда, 15 Март 2017 10:20 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 5242 раз

joldau 2017Жаңа жолдауда әлемдегі төртінші өнеркәсіптік революция басталғанына айрықша маңыз беріп отыр. Елбасының айтуынша, экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бұл Қазақстанды Үшінші жаңғырту, яғни, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру міндетін алға қояды.

         «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған» деген Нұрсұлтан Әбішұлы оларды жіктеп берді. Елбасы Үкіметке үшінші жаңғырту аясында ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жалғастыру керектігін айтып, Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен және азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп, жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнама ревизиясын жүргізуді міндеттеледі. Бұдан бөлек, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендірген жөн. Әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс. Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту керек. Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу маңызды. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою да кезек күттірмейді. Ал, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытына тоқталған Елбасы жегіқұрттың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігін атап көрсетті. Елбасы, сонымен қатар, өз бастамасымен іске аса бастаған «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы бойынша да нақты міндет белгіледі. Нұрсұлтан Әбішұлының айтуынша, тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ, кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілгені жөн.


 

Акбаров Сабитжан Пернебаевич

                                                                  Шымкент қаласы Абай аудандық

                                                                  Әділет басқармасының басшысы

                                                                  «Заңгерлер одағының мүшесі»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.