Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамытуды, экономиканы жаңғыртуды қамтыды. Мемлекет басшысы өзінің үндеуінде «Бүгінде әлем көз алдымызда өзгеріп жатыр. Қоғамдық процестердің жеделдігі мен күрделілігі Қазақстанда да үдеп келеді. Болашақ тарих біздің алдымызға сөзсіз қоятын жаһандық және өңірлік қыр көрсетулерге қалай ден қою керектігін біз бүгіннен бастап ойлауға тиіспіз», деп атап өтті. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар өзгерді. Бұл өзгерістер әлемдік экономикада, сол сияқты отандық экономикада байқалуда.Президенттің жарлығына сәйкес, конституциялық реформалар жобасы жалпы халықтық талқылауға шығарылады.Сондықтан ел болып, халық болып осы маңызды реформаны зор табыспен өткізіп,алға қойған мақсаттарымызға абыроймен жетеміз деп сенеміз
Қанат Жексенбайұлы САПАРОВ,
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық
Әділет басқармасының басшысы,
«Заңгерлер Одағы»РҚБ мүшесі