Заңнаманың тиімділігі мол

Пятница, 17 Март 2017 08:19 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3727 раз

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі– жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша рейтингі. Қазақстан 2012 жылдан бастап рейтингке экономикасы дамудың екінші кезеңінен үшінші кезеңіне өткен ел ретінде қатысады.

Еліміздің  Әділет министрлігі 119 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады. Солардың ішінде, «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша ҚР Жоғарғы сотымен жаңа азаматтық-процессуалдық кодексінің жобасы дайындалған.  Аталған кодекске енгізілген нормалар «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы көрсеткіштерін көтеруге өз септігін тигізеді.  Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен қағидалары жаңа талаптармен толтырылды. Әсіресе, дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібі, сот отырысы кезіндегі татуласу рәсімдері туралы қағидалар тиімді қолданылған. Жаңа процессуалдық заң тараптарға дауларды сотқа дейін реттеуге, осы дауды қысқа мерзім ішінде, аз материалдық және моральдық шығындармен шешуге мүмкіндік береді.

Дауларды сотқа дейін және сот отырысы кезінде реттеудің процессуалдық жолдары ретінде Заңда: татуластыру рәсімдері (жеке тарау), медиаторлардың қатысуымен және сот жүргізетін медиацияны қолдану, тараптар және адвокаттардың қатысуымен партисипативтік рәсімдерді қолдану қағидалары қарастырылған. Процессуалдық Заңда азаматтық дауларды жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қараудың қағидалары толықтырылып, бұйрық шығару және жазбаша іс жүргізу арқылы кейбір санаттағы істерді шешудің жолдары өз шешімін тапқан.  ҚР Әділет министрілігмен «Төрелік туралы»Заңының жобасы дайындалған. Заң жобасын әзірлеу төрелік пен аралық сот қызметін құқықтық реттеудегі бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында арнайы екі заңды шоғырландыруға бағытталған. Осындай шоғырландыру дауларды соттан тыс шешу жүйесін нығайту процесіне оң әсерін тигізеді.

 

Ғалымжан САПАРОВ,
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы
Әділет басқармасының инспектор тіркеушісі

Последнее изменение Пятница, 17 Март 2017 08:40
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.