Міндет айқын, талап жоғары

Пятница, 17 Март 2017 08:20 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2871 раз

Бүгінде елімізде мемлекеттік тілдің дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Азаматтардың қазақ тілін игеру деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Қоғамда, әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келеді.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу  және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген. Тіл туралы Заң қабылданғаннан бері, оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Үкіметі  бірқатар қаулылар қабылдады. Сонымен қатар, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы да бар. Алайда, қаншама жетілген заңдар, бағдарламалар қабылданғанымен, оны іске асыратын адамдар. Сондықтан әрбір қазақ азаматының бойында өзінің ана тіліне деген құрмет, оның құдіретіне бас июшілік сезімі қалыптаспайынша , қазақ тілінің көсегесін көтеру қиын.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді мақсат еткен соң, талаптарды да жоғары қою керек. Тілдің мәртебесін көтеру үшін құрылған жоспармен тек тіл жанашырлары ғана жұмыс істейді. Сондықтан тек мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, қай мемлекеттік мекеме болмасын іс қағаздарын жүргізетін мамандардың жүз пайызы қазақ тілін меңгергені жөн.

Ел тәуелсіздігі –тіл тәуелсіздігі, олай болса осы бағыттағы болашақтың берік іргетасы бүгін қалануы қажет. Әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мемлекеттік тілде жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасаумен қатар, мемлекеттік тілде іс жүргізуді де жүйелі қалыптастырған абзал. Сонда ғана ана тіліміз өсіп-өркендеп, үлкен мәртебеге ие болады, қазіргі әлемде кең қолданыста жүрген тілдермен терезесі теңеледі.

 

Регина КРЫКБАЕВА,

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Әділет басқармасының іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспекторы 

Последнее изменение Пятница, 17 Март 2017 08:40
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.