Жас жеткіншектер – біздің болашағымыз

Пятница, 24 Март 2017 09:09 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4325 раз

Қазіргі таңда кез келген мемлекеттің тыныс тіршілігі қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты – адамдардың өздері, олардың ерік жігері, қажыры мен білімі болып табылады. Ата-аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын XXI ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет.

Болашағына немқұрайлы қарайтын халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда. Әрине жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, баланы қазір не қызықтырады? Бұның бәрі айтылып та жатыр. Шын мәнінде қолында «айпады» мен «айфоны», күнімен түнімен ғаламторға термілген баладан не күтесің? Осының бәрін ойлағанда қоғамды түсініп болмайсың. Өйткені балалар ғаламтордан өзіне керек емес көп жағдайларды көреді, мысалы «порновидео», яғни жыныстық қатынасқа түскен ересектердің видеосы және т.б.

Санасы әбден уланған балаларымыз білімді, қажырды қайратты бойына сіңіре алады ма? Болашақта елін қорғамақ түгілі өзін қорғай алады ма? Жеткіншегіміз осындай сананы улайтын нәрседен бұзылатыны мектеп бітірмей жатып ата–анасынан көруге болады.

Бұған қазір таң қалмайтын болдық. Қоқыс жәшігіне, не әжетханаға немесе басқа да жерлерге керек емес бұйымдай тастап кетіп жатқан фактілер жиі кездесетін болды. Осы жасағандардың арасында кәмелет жасына толмаған жас жеткіншектер де кездеседі.

Бұдан да басқа жасалған қылмыстар үлкен орын алуда, әсіресе ұрлық, бұзақылық, әрине есірткі затына байланысты әрекеттер және т.б. қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Осындай жағдайларды болдырмаудың алдын алу үшін ата-аналар балаларды түнімен қаңғыруына, жаман нәрселерді көруіне, үйренуіне жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар баланың іс әрекетін, білімін, арласатын ортасын қатаң қадағалау және де ғаламтор жиелісін пайдалануға шектеу қою.

Тек қана ата-аналар ғана емес, сонымен қоса мектеп мұғалімдері мектеп бағдарламасынан бөлек өмірге оң көзбен қарау сияқты тақырыптармен сабақ өтулері тиіс және де құқық қорғау органдарының қызметкерлері мектептерде, колледж және университеттерде жеткіншектер мен жастардың құқық бұзушылыққа бармауы туралы өз тәжірибесімен лекция жүргізулері тиіс. Әрине мұнымен іс бітпейді. Әйтседе уланған санаға ой салар еді.

Жоғарыда көрсетілген іс әрекет пен ұсыныстар жас-өспірімдердің қылмыстық және басқа да құқық бұзушылықтарды жасаудың алдын алуы болып табылады, сондықтан жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанда балаларымызды жаңа заманға сай етіп өсірейік. Бала – біздің ертеңіміз, болашағымыз.


Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры
1-сыныпты заңгер Б.Мекенбаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.