Қалта ұрлығы

Пятница, 24 Март 2017 09:23 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4008 раз

Әл-Фараби аудан прокуратурасымен «Шымкент – қауіпсіз қала» атты жобасы іске асырылуда.
Бұл жобаның негізгі мақсаты Шымкент қаласында қылмыс деңгейін төмендету, азайту болып табылады.
«Шымкент – қауіпсіз қала» атты жобасы прокуратурамен бекітілген жобалардың ішінде ең ауқымдысы болып табылады.
Сондықтан, аталған жобаға прокуратура тарапынан көп көңіл бөлініп, атқарылған жұмыстар нәтижесімен, Әл-Фараби ауданы бойынша қылмыс деңгейі 27,3% төмендетілді.
Дегенмен, бұл статистикалық мәліметтердің әлі болса төмендетуіне ұрлық, алаяқтық және бұзақылық қылмыстары кері әсерін беруде.
Атап айтқанда, ұрлық 724-тен 827-ге, яғни 12,5 % төмендеген, алаяқтық 438-ден 230-ға, яғни 47,5% төмендеген, бұзақылық 90-нан 48-ге, яғни 46,6% төмендеген.
Көріп отырғанымыздай, биылғы жылы 724 қылмыс тек ұрлық қылмысы есебінен өсіп отыр. Ұрлық қылмысының ішінде жиі кездесетіні ол қалта ұрлығы болып табылады.
Бұл қылмыстар көбінесе Төлеби көшесінен, Ескі қалашық, Джангельдина көшелері бойында жүретін автобустарда және орталықпен жүретін, яғни Тауке хан даңғылы мен Байтұрсынова көшелері бойымен жүретін автобустарда орын алады.
Сонымен қатар, осы көрсетілген көшелердің аулаларында автокөліктегі ұрлық қылмысы және пәтер ұрлығының қылмыстары жиі болады.
Әл-Фараби ауданында 211 000 жуық халық тіркелген, оған қоса, ауданға басқа облыстан, аудандар мен елді мекендерінен халықтар көп келеді, сондай-ақ барлық ойын-сауық орталығы, мейрамхана, кафе, қонақ үй, саябақ, сауда-саттық орталығы, аурухана, вокзал, автовокзал, оқу орталығы мен басқа да халық көп жиналатын мекемелер орналасқандықтан қылмысқа ешкім кепіл бере алмайды.
Сондықтан, Шымкент қаласының тұрғындарына автобустарға мінген уақытта бағала заттарыңызға, амияндарыңызға (портмоне) және өзге де құнды заттарыңызға абай болуларын сұранамын.
Сондай-ақ, көп қабатты және жеке тұрғын үйлерде бейнекамера және домофон қою мәселелерін өздеріңіздің қауіпсіздігіңіз үшін қарастырғандарыңыз жөн.
Автокөліктерде сумка, өзге де көзге түсетін бағалы заттарыңызды қалдырмағандарыңыз жөн.


Әл-Фараби аудан прокуратурасының
прокуроры 1-сыныпты заңгер М.Сариев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.