Процессуалдық шығын мемлекетке өндірілді

Пятница, 24 Март 2017 09:25 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3797 раз

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында мемлекетке келтірілген процессуалдық шығындарды өндіру прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 178 бабының 1 бөлігіне сәйкес, процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде қарайды. Егер іс бойынша іс жүргізу қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде аяқталса, тергеу судьясы процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені прокурордың ұсынуы бойынша қарайды. Сот процестік шығындарды күдіктіге, айыпталушыға, сотталған адамға жүктеуi мүмкiн немесе олар мемлекет есебiне қабылданады.

Мәселен, 21 қыркүйек 2016 жылы сағат 00:00 шамасында «Б» есімді азамат өзінің BMW 525 маркалы автокөлігімен Шымкент қаласы, М.Х.Дулати көшесімен Н.Төреқұлов көшесі бағытынан Мәделі Қожа көшесі бағытына қарай басқарып келе жатып, «М» есімді азаматқа тиесілі жол шетінде тұрған маркасы «Mercedes Benz 190» автокөлігінің артқы жағынан соғып, жол шетінде жаяу жүріп кетіп бара жатқан жаяу жүргінші «С» есімді азаматты абайсызда қағып, содан газ-құбырды соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Орын алған жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жаяу жүргінші «С» есімді азамат әр түрлі дене жарақаттарын алып, Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. 04.11.2016 жылғы сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, «С» есімді азаматтың дене жарақаттары өмірге қауіптілік белгісіне сәйкес, денсаулыққа ауыр дәрежелі зиян келтірілген деп бағаланған

Аталған оқиға ҚР ҚК-нің 345 бының 2 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелген.

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша тағайындалған сот-сараптамаларының жалпы шығыны 235 128 теңге құраған.

01.02.2017 жылы Әл-Фараби аудан сотының үкімімен «Б» есімді азамат Қазақстан Республикасы ҚК-ң 345 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қоныс-колониясында өтеуі белгіленген.

Сонымен қатар, «Б» есімді азаматтан 235 128 теңге іс бойынша жүргізілген сот сараптамаларына жұмсалған сот шығындары өндірілген.

Процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде қарайды. Егер іс бойынша іс жүргізу қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде аяқталса, тергеу судьясы процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені прокурордың ұсынуы бойынша қарайды. Сот процестік шығындарды күдіктіге, айыпталушыға, сотталған адамға жүктеуi мүмкiн немесе олар мемлекет есебiне қабылданады.

Аудан прокуратурасымен аталған бағытта жұмыстар жалғастырылуда, оған дәлел ретінде ағымдығы жылы аудан прокуратурасының 9-ұсынысы бойынша жалпы 79 865 теңгеге талап арыз берілген болса, соттың үкімімен жалпы 943 875 теңге өндірілген.


Әл-Фараби аудан прокуратурасының прокуроры
3-сыныпты заңгер А.Адырбеков

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.