Бас тартуға жол бермеу баршамызға ортақ іс

Пятница, 31 Март 2017 11:08 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2709 раз

Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 11-бабына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелуі деп танылса және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса, сондай-ақ мерзiмдiк төлемдердi өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және мерзiмдiк өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша үш айдан асатын берешегi жоқ адамды қоспағанда, егер құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның заңды тұлғаны құрған құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылған жағдайда, заңды тұлғаларды, филиалдарды (өкiлдiктердi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартылады.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 21 қарашасынан бастап «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры мен (әрі қарай-ЗТ МДҚ) «Мекен-жайы тізілімі» ақпараттық жүйесі (әрі қарай-МЖТ АЖ) арасындағы қарысқатынас өндірістік эксплуатацияға енгізілді.

«Мекен-жайы тізілімі» ақпараттық жүйесі алға қойған мақсаты -мемлекеттік органдар үшін әкімшілік-аумақтық бірліктерінің және бөлімдерінің, Қазақстан Республикасының аумағындағы тіркелген жылжымайтын объектілерінің мекен-жайы бойынша толыққанды мәліметтер жүйесін құру болып табылады. Жүйенің қолданысқа енгізуші Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

МЖТ АЖ-нің басты мақсаты, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің мекен-жайы бойцынша жедел және толық, нақты мәліметтерін құру.

Сонымен қатар, жүйенің қолданушылары: облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар (архитектура бөлімдері).

Ал, мекен-жайының тіркеу коды (әрі қарай - МжТК)– ол жылжымайтын мүлік объектісінің «Мекен-жайы тізілімі» ақпараттық жүйесіндегі негізгі ерекше мекен-жайының тіркелімі коды болып табылады. Мекен-жайының тіркелімі коды 16 таңбадан тұрады.

Осыған байланысты, Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінің заңды түлғаларды тіркеу салысы бойынша бас тартулар санын азайту, алдын-алу мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «ХҚКО» департаменті филиалдарының салаға жауапты қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.


Б.НҰРПЕЙІСОВ,

ОҚО Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу

жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы,

                                                                                  «Заңгерлер одағы» ҚБ-ның мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.