«Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы

Понедельник, 03 Апрель 2017 06:41 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3828 раз

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index) – жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша онымен қоса жүретін оның рейтингі. Жалпыға бірдей қол­же­тімді статистикалық мәліметтерге және компа­ния­лар басшыларының жаһандық сауалнама нәти­желеріне – Бүкіләлемдік экономикалық форум әріптес ұйымдар желілерімен – есепте талдау жасалатын елдердің жетекші зерттеу институттарымен және ұйымдармен бірлесіп өткізетін жыл сайынғы кең ауқымды зерттеулер комбинациясына негізделіп, Бүкіләлемдік экономикалық фо­рум­ның әдістемесіне есептелген.

Қазақстан 2012 жылдан бастап рейтингке экономикасы дамудың екінші кезеңінен үшінші кезеңіне өткен ел ретінде қатысады.

Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі ДЭФ БЖИ үйлестірушісі ретінде Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі көрсеткішін жақсарту бойынша шаралар жоспарын әзірледі.

Бұдан басқа, ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы ДЭФ БЖИ көрсеткіштері бойынша кәсіпкерлер арасында жүргізілетін жұмыстарды тұрақты түрде ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етеді.

ҚР Әділет министрлігіне келетін болсақ: 119 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады. Солардың ішінде, «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша келесіні айтып өтсек болады:

ҚР Жоғарғы сотымен жаңа азаматтық-процессуалдық кодексінің жобасы дайындалған. Аталған кодекске енгізілген нормалар «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы көрсеткіштерін көтеруге өз септігін тигізеді.

Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен қағидалары жаңа талаптармен толтырылған.

Әсіресе, дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібі, сот отырысы кезіндегі татуласу рәсімдері туралы қағидалар тиімді қолданылған.

Жаңа процессуалдық заң тараптарға дауларды сотқа дейін реттеуге, осы дауды қысқа мерзім ішінде, аз материалдық және моральдық шығындармен шешуге мүмкіндік береді.

Дауларды сотқа дейін және сот отырысы кезінде реттеудің процессуалдық жолдары ретінде Заңда: татуластыру рәсімдері (жеке тарау), медиаторлардың қатысуымен және сот жүргізетін медиацияны қолдану, тараптар және адвокаттардың қатысуымен партисипативтік рәсімдерді қолдану қағидалары қарастырылған.

Процессуалдық Заңда азаматтық дауларды жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қараудың қағидалары толықтырылып, бұйрық шығару және жазбаша іс жүргізу арқылы кейбір санаттағы істерді шешудің жолдары өз шешімін тапқан.

ҚР Әділет министрілігмен «Төрелік туралы»Заңының жобасы дайындалған.

Заң жобасын әзірлеу төрелік пен аралық сот қызметін құқықтық реттеудегі бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында арнайы екі заңды шоғырландыруға бағытталған. Осындай шоғырландыру дауларды соттан тыс шешу жүйесін нығайту процесіне оң әсерін тигізеді.

Заң жобасының негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызу, иннвистиция тартуды ынталандыру және де мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады.

Заң: кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың мүдделерін қозғайтын; мүліктік қатынастарға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастардан туындайтын; банкроттық және оңалту туралы; табиғи монополиялар субъектілері мен олардың тұтынушылары арасындағы дауларды қоспағанда, барлық мүліктік дауларды қарастырады.


 

                                                                         ОҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары,
«Қазақстан Заңгерлер одағы» ҚБ-нің мүшесі М.Исабеков

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.