КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА !

Вторник, 04 Апрель 2017 05:04 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4411 раз

Аудан прокуратурасының сенім телефонына Шымкент қаласы, Гагарин көшесі бойында қызмет жасайтын жеке кәсіпкерден Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері жарнама мәселесі бойынша заңсыз тексеру жүргізіліп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 17-2 бабына сәйкес жарнама саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Алайда, Абай ауданының әкімі аппаратының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы және басқа да қызметкерлермен ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптары сақталмай (тексеру тағайындау туралы актісі жоқ) заңсыз тексеру жұмыстары жүргізілген.

ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 14бабының 2 бөлігімен кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері заңды қызметінің жүзеге асырылуына кедергілер жасалмауға тиіс деп қарастырылған.

Абай ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің бұл заң талаптарын сақтамауы кәсіпкерлік субъектілерінің аудан прокуратурасына негізді шағымдануына әкеп соққан.

Осыған байланысты, аудан прокуратурасымен кінәлі қызметкерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 175-бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс өндірісі қозғалып, Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 16.02.2017ж. қаулысымен оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, осы мазмұндас заң бұзушылықтар бойынша 170 кәсіпкердің құқығы қорғалды.


Абай ауданы прокуратурасының
аға прокуроры 1-ші сыныпты заңгер  Д.Бекембаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.