Медиация – тиімді мәміле

Вторник, 04 Апрель 2017 05:07 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2713 раз

         Медиациялық келісім дауды шешудің балама тәсілі ретінде 2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы» ҚР Заңы қабылданған кезден бастап өзекті мәселелердің біріне айналды. Медиация латын тіліне аударғанда «mediare» деген сөзді білдіреді. Медиация делдалдық ету, тараптардың өзара тиімді шешімге келу тәсілі болып табылады.

Медиацияның негізгі мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласуын төмендету болып табылады.

Медиацияны қолдану даулардың тез әрі тиімді, оңтайлы шешілуіне, тараптардың материалдық шығынының азаюына, адамның моральды түрде шаршамауына, жанжалдасушы тараптардың келешек өмірлерінде бір-бірлеріне деген кек сақтамауына, кемсітпеуіне, адамдардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға зор ықпалын тигізеді.

Медиация дегеніміз тараптардың ерікті келісімі бойынша олардың өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың атсалысуымен тараптар арасында пайда болған дауды реттеу процедурасы. Қарапайым тілмен айтқанда, қылмыстық қудалау аясына түскен ауырлығы кішігірім және орташа санатқа жататын қылмыстар бойынша кінәлі мен жәбірленуші өзара бір-бірінің тілегін қанағаттандыратындай шешім қабылдап, татуласуға, келісімге келген жағдайда медиатордың көмегіне жүгініп, істі татуласумен аяқтауына мүмкіндігі бар.

         Кәсіби емес медиатор ісін тегін ақысыз жүзеге асырады. Сондықтан, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындаған, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істерді қылмыстық сот ісін жүргізу барысында немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында медиация тәртібін қолданып, даулы істерді оңтайлы шешкен жөн.     

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.