Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды!

Вторник, 04 Апрель 2017 05:09 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2968 раз

Аудандық прокуратурасымен Абай ПБ-нің қызметкерлері тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қозғалған әкімшілік істерінің заңдылығына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Анықталғаны, Абай полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының 03.09.2016 жылы санды қаулысымен Н. деген азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, осы баппен оған ескерту әкімшілік жазасы қолданылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қарағанда Н. деген азамат Шымкент қаласы, Самал-3 мөлтек ауданы, Алматы тас жолы бойындағы сауда нүктесіне жарнама тақтайшасын іліп, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзған деп көрсетілген.

Алайда, учаскелік полиция инспекторымен кәсіпкерлік нысанында жарнама заңнамаларының қолданылуы - тексеру нысанында жүргізілуі тиіс болғанына қарамастан, тексеру тағайындау туралы акті рәсімделмей және оны уәкілетті органда тіркемей, Н. деген азаматты негізсіз жауапкершілікке тартқан.

Әкімшілік кодексінің 505 бабымен қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

Ал «Оңтүстік Қазақстан облысы қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасы» ОҚО мәслихатының 21.10.2015 № 43/349-V санды шешімімен күші жойылып, бүгінгі күнге дейін жаңа қағидалар қабылданбаған.

ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасында нормативтiк құқықтық акт күші жойылды деп танылғанда өзінің қолданылуын тоқтатады.

Алайда, Н. деген азамат қағиданың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін, аббаттандыру саласында жалпыға міндетті ережелер болмаған уақытта әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Яғни, Н. деген азаматтың әрекетінде Әкімшілік кодекстің 505 бабының 1 тармағында көзделген құқық бұзушылықтың құрамы болмаған.

Абай ПБ жергілікті полиция қызметімен тексеруді ұйымдастыруға қойылатын талаптар сақталмай жарнама нысандарын пайдаланған 169 азамат аталған баппен әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылып, мағыналас заң бұзушылықтар орын алған.

Бүгінгі таңда аудандық прокуратураның енгізілген наразылығымен 169 кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңсыз қабылданған әкімшілік қаулылардың күші жойылып, олардың құқықтары қорғалды.


Абай аудандық прокуратурасының
аға прокуроры Б.Утенов

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.